«Тарихи география» пәні бойынша



бет4/10
Дата24.04.2016
өлшемі0.72 Mb.
#78172
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Лекция №4

Тақырып .Ежелгі замандағы дүние жүзінің саяси картасындағы ежелгі Греция мен Римнің бейнеленуі.
Қарастырылатын мәселелер:

Ежелгі Арей және Крит мемлекеттерінің саяси картада бейнеленуі.

Ежелгі Грецияның саяси картада бейнеленуі.

Ежелгі Рим мемлекетінің саяси картада бейнеленуі



Пайдаланатын әдебиеттер:
1.История древнего мира.М.1970г

2.Жамбылов Д.Саясаттану негіздері.А.1998

3.Мелекет туралы ойлар.Құрастырған Н.Қазыбек.А.1998 ж.

4.Авдиев В.И.История Древнего Востока.М.1970

5.История Древней Греции.М.1972

6.История Древнего Рима.М.1971


Ежелгі Греция тарихы ежелгі Шығыс елдерінің тарихымен бір уақытта және өзара қатынаста дамыды. Кейінгі жүз жылда жүргізген археологиялық қазбалар Балхан түбегінің оңтүстігінде және соған жақын орналасқан аралдарда б.э.дейінгі ІІІ мың жылдықта-ақ алғашқы қауымдық қатынастардың ыдырай бастағанын көрсетті. Кейбір жерлерде ерте таптық қоғам ордасы пайда болып, дами бастайды. Таптар құрылуы процесі Крит, Лемнос аралдарында, басқа территорияларға қарағанда, ертерек болды, ал материкте біршама кейінірек жүре бастады. Бұл процестер тайпалардың бір жерден екінші жерге ауысуы және өзара соғыстармен ұштасып отырды. Олар жөніндегі естеліктер бұдан көп кейінгі ежелгі грек мифтерінде сақталған. Бір жағынан, грецияның географиялық жер жағдайының ыңғайлылығына қарамастан, топырағының аз да болса құнарсыздығы жергілікті тұрғындарды ауыл шаруашылығында мейлінше қатты еңбек етуге мәжбүр етсе, екінші жағынан, халықаралық байланысты, көршілерімен айырбасты өркендетті. Бұл қолөнерді дамуын тездетті.

Ежелгі Грецияда меншікті антик түрінің алғы шарттары – «алғашқы тайпалардың тарихи даму процесінің барысында бұрынғыдан гөрі оралымды өмірінің, тағдыры мен өзгерістерінің» нәтижесінде осылай пайда болған.

Ежелгі қоғамның алғашқы қауымдық қоғамнан таптық қоғамға өту кезеңіндегі даму жолдарын зерттей келіп, К.Маркс былай деді: «Жеке адамның меншік іс жүзінде тек қана бірлесіп еңбек арқылы өте аз пайдаланатын болса тарихи қозғалыс соғұрлым батыл болады. Қоныс аудару тайпалардың таза жолмен қалыптасқан сипатын бұзады. Тайпа өзінің ең алғашқы қоныстанған жерінен неғұрлым алыста түсіп, бөтен жерлерді жаулап алса, өзінен өзі әрбір жеке адамның күш-қуаты бұрынғыдан да бетер өркендейтін еңбектің мейлінше жаңа жағдайына тап болады.»

Бұл жағдайлар ұсақ жеке меншік иелерінің өздерінің меншігіндегі дүниесін бірлесіп қорғау үшін жаңа қауымдарға бірігу қажеттігі тудырады. «Міне, қандай себептермен», - деп атап көрсетті К.Маркс. полистер азаматтарды құлдық көзі – соғыс құлмен сауда жасайтындардан құл сатып алып оларды өздерінің кедейленген тұқымдарының қарыздары үшін езіп-жаншып пайдалану болды. Грек полистерінің көпшілігінде қарыздық құлдық таптық күрестің нәтижесінде жойылды. Басқа жақтан алып келген құлдардың еңбегін қанау жаппай етек алып барады. Ежелгі грецияның тарихын 5 кезеңге бөлуге болады:



  1. эгейлік және крест микенлық.

  2. б.э.д. ХІ-ІХ ғ. Греция – Дори.

  3. архаистік кезең.

  4. классикалық кезең.

  5. әлемдік кезең.

Ежелгі Грецияның мәдени мұрасын зерттеуші іс. Ежелгі Греция мен эллиндік дәуір тарихи бойынша түп деректер. Жазба түп деректер алуан түрлі: грек тарихшыларының, драмматургтарының, ақындар шығармалары, шешндердің сөздері, ақырындағы поэмалар, мифтер. Бұлар жазба түп деректер болып саналады.

Грецияның тарихы бойынша ғылым бірден пайда болған жоқ. Олар тарихтың негізгі міндеті нақты сөзге үйрету деп санаған. Алғашқы, әдетте, өздерінің қалалары, туыстары жайында логографтар деп аталатындар жазған.

Логографтар бізге дейін жетпеген. Олар жайлы тек үзінділер ғана білеміз. Логографтар б.э.д. VI-V ғ. бас кезінде өмір сүрген.

Б.э.д. ІІ ғ. грек тарихшысы Диодор Сицилийский өмір сүрді. Сицилияда туылған «Тарихи кітапхана» үлкен шығарма жазған. Крит аралында, Греция территроиясында Пияоста және Микенда жүргізілген қазба жұмыстары кезінде, ерекше жүздеген өркентелген ауықты деп аталатын таблица табылған. 24 әріп бар грек альфавиті VIII ғ. шыққан.

Грецияны зерттеуде түп деректер рөлі зор болды. Қираған қалдықтар қазіргі кезге дейін сақталған.

Архиологиялық ескерткіштің бағалығы мынады – олар ежелгі ауыл шаруашылық және қолөнер өрісі туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Еңбек құралдары адамның жұмыс күші дамуының өлшемі ғана емес, сондай-ақ еңбек істеліп жатқан кезеңнің қоғамдық қатынас көрсеткіші.

СССР территориясында ыдыс-аяқ, шеберхана, терракотта мүсін ауыл шаруашылығының еңбек құралдары тапқан.

ХІХ-ХХ ғасырдың археологиялық зерттеулері ғылым үшін Греция тарихының толып жатқан кезеңдерін – Ежелгі, яғни Крит-Микенг Грециясын ашты.

ХІХ ғ. соңында ХХ ғ. басында Греция тарихының ежелгі кезеңін зерттеуді ағылшын археолог Эванс жалғастырды.

Біздіңғ ғасырдың 30 жылдарынан бастап, оңтүстік Грецияның батысында ежелгі қала Пилостың орнына сарайдың қолы, сызық жазулар табылған.

Қазіргі Керьч территориясында - Понтиколейде Боспор патшаларының арасынан аршу қазба жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы кездері Фанагорияның су асты бөлігі зерттелді. Меоттардың ірі қаласы Тайнсты зерттеді. Тайнсттық құралдар өте маңызды материалдар берді. Грецияның және онымен тығыз байланысты болып ежелгі Греция мәдениетінің ықпалын басынан кешірген, халықтар тарихы жөнінен ең басты түп дерек.


Біздің эрамызға дейінгі ІІ ғасырдың ортасында Жерорта теңізі дүниесі құл иеленуші державаларының арасында Италияда қалыптасқан қуатты мемлекет – Рим республикасы үстемдік жағдайда болады. Апеннин түбегінің халық топтары мен тайпаларын өз өкіметке бағындырып, Рим республикасы кескілескен күрестен кейін өзімен бәсекелестен дұшпандардың қарсылығын қайтарады да б.э.д. ІІ ғ. ортасында Жерорта теңізі мемлекеттерінің ең күштісіне айналды. Кейінгі кезде б.э.д. І ғ. біздің эраның ІІ ғ. дейінгі Рим құл иеленушілері өз үкіметіне бүкіл Солтүстік Африканы, Европаның едәуір бөлігінің алдыңғы Азияны бағындырып 500 ж. жуық өмір сүрген орасан үлкен держава құрады.

Рим мемлекетінде құл иеленуші толық дамуға жетеді алайда уақыттың өтуімен құл иеленушілік экономика, онымен бірге құлдық системасына негізделген қоғамдық қатынастар да өзін жояды. Бұл орсан үлкен Рим державасын әлсіретіп теңізі ыдыратуға әрі антик цивилизация деп аталады. Ежелгі Жерорта теңізі мәдениетінің өшуіне әкеп соғады. Кітаптың бұл тармағы ежелгі кездегі құл иеленуші қоғамның ең жоғарғы дамуы мен құлдырау заманы болып табылатын ежелгі Рим мемлекетінің пайда болу, даму және құлдырау тарихын баяндайды.

Ежелгі Рим тарихы жөніндегі түп-деректер. Рим мемлекетінің сыртқы күш қуатын идеологиялық жағынан орнықтырудың қажетті анналистердің алғашқы тарихи-шығармаларды жасауына әкеп соқты. Ежелгі тарихшылар Римді дұрыс суреттей алмады.

Аға анналистердік ең әйгілісі Квинт Фабаий Пиктор болды. Ол ІІІ ғ. аяғында өмір сүрді.

Латын тілінде алғашқы тарихи шығармаларды латын прозасының негізін қалаған Марк Порций Катон жазды. Ол мемлекеттік қайраткер, шешен еді.

Катонның «Началасының» аналистердің дәстүрлі еңбектерін айырмашылығы Катон әр италиялық мемлекеттіңмаңызын көрсетті. Көптеген ежелгі авторлар катонды кобарлап, дәлме-дәлдігі үшін, бағалап, оның шығармаларын кеңінен пайдаланады. Катон шығармалары кейінгі аналистер еңбектеріне ықпал жасады. Бұлардың шығармаларына да оқиғалады баяндау жылдар бойынша жүргізіледі.

Б.э.д. ІІ ғ. 30 жылдарынан бастап Рим республикасында «жаңа» не «кіші» аналистер деп атау қабылданған автордың Луций Целий, антиатр, Семпроний Азеллион шығармалары пайда болды. Кіші аналистер төтенше болған оқиғалар аңыздар туралы әңгімелерге қарсы ойысты. Бұлардың шығармаларындағы жаңа нәрсе материалды жылмалап баяндаудан бас тарту еді.

Екінші дәуір – «Юлуртин соғысы» момнграфиясында соғыс қимылдарынң барысы плебс пен сенат арасында әлеуметтік күрескен тығыз байланыста көрсетілген. Мұны автор тарихи процестік қозғаушы күші терінде қарастырды. Б.э.д. І ғ. ең жақын саяси қайтаркерлерінің бірі Гай Юлий Цуарь.

Цуардың ең маңызды тарихи шығармасын б.э.д. 51 жылы жарияланған «Галл» соғысы туралы жазбалар» деген оның мецары болып табылды. Б.э.д. 51-52 ж. оқиғалар Цезарь досы Герцийдің «Жазбаларының» VIII кітабында баяндалған. Цезарь шығармаларында «Александрия соғысы», «Африка соғысы», «Испан соғысы» тракттары сабақтаскеледі.

Б.э.д. І ғ. сондай-ақ жазушылары Диодор Сицилийский мен Пит Ливийдің замандасы Дионисий Галикарнасскийдің шығармалары да шыға бастады. Дидор Сицилийскийдің шығармаларында Римнің ежелгі тарихы жөніненде мәліметтер бар. Дионский Галикарнаский Рим ескерткіштерінде де Италияның этнографиясы мен ежелгі тарихы жөнінде қырықты материалдар бар.

Ввррон трактаты б.э.д. І ғ. Италияның ауыл шаруашылығын зерттеу үшін қызықты түп дерек болып саналады. Мұндағы бар деректер Катонның «Егіншілік туралы» трактатының орташа эволюциясы қадағалап, тенденцияларды анықтауға болады.

Республика тарихын зерттеу үшін нумизматикалық түп деректер маңызды болып саналады. Нумизматикалық топографика яғни рим күміс ақшалары мен қазыналарын тау карталарын құрастыру Рим мемлекеті өмір сүрген белгілі кезеңде олардың таралу ареалын анықтауда мүмкіндік береді. Бұл антик дүниенің жаңа аймақтарына Римнің экономикалық ену жолдарын қайта құруға, сауда байланыстарын ақша айналымының ерекшеліктерімен құрамын анықтауға мүмкіндік береді. Республика кезінің үскі жазулары, қызмет адамдарының бейне суреттері, олардың күміс ақша аферіндегі эмбелемалары Римның шаруашылық саяси тарихы да бойынша, кейде таптық және идеологиялық күрес дамуы туралы да ұғымдарды нақтылай түседі.

Әр түрлі тәңірлер, мифтер бейнеленген көріністер соғылған римдіктер құрмет тұтатын күміс ақшалар ежелгі Рим тұрғындарынң діни ұғымдары туралы мәліметтер береді. Оларды зерттеу өнер тарихына, архитектура тарихына көмек көрсетеді.

Нумизматика – антик салық метеорологиясымен, яғни сұйықта сусымалы денелердің өлшемі, салмағы көрелі туралы ғылымдар тығыз жалғасып жатады. Сондай-ақ метеорология Рим мен оның провинцияларының повар ақша қатынастары тарихы үшін түп дерке болып табылады.

Барлық түп дерктер - әдеби, археология, эпиграфияны зерттеуде мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет