Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару


Лекция №4 1.Вагон ағындарынұйымдастыру



бет19/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   80
Курс лекции каз

Лекция №4
1.Вагон ағындарынұйымдастыру
2.Вагон ағындарын ұйымдастыру технологиясының маңызы, міндеттері жəне негіздері


Вагон ағындарын дұрыс ұйымдастыру – оларды пайдалану жұмысын ұйымдастырудың негізгі міндеттерінің бірі, ол вагондардың теміржол бағытымен жүруінің барынша тиімді тəртібін жəне пойыз-дарды құрастырудың ең пайдалы жүйесін орнықтыруды көздейді. Бұл міндетті шешу жүктерді тиеу орындарынан маршруттап тасымалдауға жəне сұрыптау, телімдік жəне жүк стансаларында жүк пойыздарын құрастыруға негізделеді.
Жүктердің жеткізілуін жеделдету, сұрыптау жұмыстарының көлемін азайту жəне вагондардың жұмыс өнімділігін арттыру үшін вагондар ағынын барынша маршруттауға жəне вагондардың жинақталу үрдісін күтіп орынсыз тұрып қалуын болдырмауға тырысу керек. Бұлміндеттішешуəдістерініңбірі – жөнелтушіжəнесатылымаршруттаудыңтиімдітүрлерінбарыншадамыту, ал бұл тікелей жүк тиеу қосындарында вагондарды жинақтау шығынын болдырмауға (немесе шамалышығынмен), алыс сапарлық маршруттық пойыздар ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Жүк тиеу орындарында маршруттық пойыздарға қамтылмай қалатын немесе жөнелту маршруттарынан жүк түсіру стансасына дейін емес, тарату бекеттеріне дейін жүретін вагон ағындары сұрыптау жəне телімдік стансаларда мамандандырылған пойызға айналдырылуы тиіс. Мұнда вагондардың тұруын азайту үшін олардың стансаларға жоспарлы жəне жедел түрде келуін, топтық пойыздарды құрастыруды жəне т.с.с. кеңінен қолдану қажет.
Вагон ағындарын ұтымды ұйымдастыру вагондарды экономикалық жағынан пайдалы жүріс жолдарына бағыттауды, сондай-ақ вагон ағындарының жоғары транзиттік деңгейін жəне техникалық стансаларда вагондарды өнімсіз өңдеу көлемін барынша кемітуді қамтамасыз етуі тиіс.
Пойыздарды құрастыру жоспары вагон ағындарын ұйымдастырудың негізін құрайды. Пойыздарды ұтымды құрастыру жоспарының мынадай артықшылықтары бар:
• вагондардың техникалық жəне жүк стансаларында тұру уақытын азайту;
• сұрыптау жұмыстарын барынша жарақтандырылған стансаларға шоғырландыру;
• көлік құралдарын пайдалану дəрежесін арттыру;
• кірме стансалар жұмысында темір жолдар мен кəсіпорындардың өзара əрекеттесіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Тұтас алғанда, пойыздарды құрастыру жоспары көбіне вагондардың жолда болу уақытын жəне жүктерді жеткізу жылдамдығын айқындайды. Пойыздарды құрастыру жоспары көліктің техникалық құралдарының жүктелу деңгейін, стансалар мен жөнелту бекеттері жəне жүк пойыздарының баратын жерлері арасында сұрыптау жəне маневр жұмыстарын бөлуді көздейді. Пойыздарды құрастыру жоспарын жасау көптеген нұсқаларды жəне күрделі логикалық іс əрекеттерді есептеп шығаруды қажет ететін күрделі міндеттер қатарына жатады.
Екі станса арасындағы өзінде тиелген вагондардан жəне сұрыпталған пойыздардан құрастырылған вагон ағындарының тəуліктік мөлшерін вагондар ағысы деп атау қабылданған.
Егер пойыздар тек осы немесе бірнеше ағыстың вагондарынан құрастырылатын болса, онда бұл пойыздарды құрастыру жоспарының жеткізілетін бекеттері болып шығады. Əдетте, құрастыру жоспарының жеткізілетін стансалар саны вагондар ағысының санынан кем болады.
Вагон ағындарының əр ағысы екі параметрмен сипатталады: қуатымен (оның тəулік ішіндегі вагондар саны) жəне вагондардың барар қашықтығымен (вагондарды құрастыру стансасы мен барар стансасының арақашықтығы).
Вагон ағыстарын біріктіріп құрастыру жоспарына енгізудің түрліше нұсқалары бар. Құрастыру жоспарының əрбір нұсқасына вагондардың пайда болатын жерінде, баратын бекеттерінде жинақталуда тұруы (жаңа пойыздарды сұрыптап құрастыруда) жəне жолай өңделетін техникалық стансаларда тұруы сай келеді
Пойыздарды құрастыру жоспары теміржол стансалары құрастыратын пойыздар мен вагондар тобының түрі мен жеткізілу бекеттерін, яғни оларды тарату, жүгін түсіру немесе жүк тиеуге беру стансаларын белгілейді.
Пойыздарды құрастыру жоспары:
• техникалық жəне жүк стансаларында (жүк жөнелтушінің қатысуынсыз) пойыздарды құрастыру жоспарынан;
• жөнелтілетін жəне сатылы маршруттарды құрастыру жоспарынан тұрады.
Пойыздарды құрастыру жоспары дегеніміз желідегі бүкіл теміржол стансаларының бірыңғай технологиялық жұмыс үрдісі болып табылады.
“НК “ҚТЖ” бойынша жалпы пайдаланылатын теміржол көлігінің инфрақұрылымы шегінде қатынайтын жүк пойыздарын құрастыру жоспарын осы инфрақұрылымның иесі бекітеді.
Осы заманғы вагондар ағынын ұйымдастыру “НК “ҚТЖ” АҚ-ының көлік қызметін көрсету саласындағы орнықты жағдайын, тасымалдау шығындарын барынша азайтуды, жүктерді жеткізудің нормативтік мерзімі сақталуын, сондай-ақ жүк жөнелтушілер мен оны қабылдаушылардың тілек-талаптарын қамтамасыз етуі тиіс. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жүк пойыздарын құрастыру жоспары мыналарды:
“НК “ҚТЖ” АҚ-ының жүк тиеу қосындарына бос вагондар беруге, техникалық жəне жүк операцияларын атқаратын стансаларда вагондарды өңдеуге жəне олардың бос тұрып қалуына, пойыздардың телімдерде жүріп-тұруына, инфрақұрылым мен штаттың құрамына қатысты шығындарын азайтуға;
“НК “ҚТЖ” АҚ-ының табыстарын артыруға, оның ішінде жүктерді дер мезгілінде жеткізіп бермегені, бос вагондарды алмағаны жəне тасымалданатын жүктің сақталмағаны үшін айыппұл төлемдерін азайту есебінен табысты молайтуға бағытталуы тиіс.
Мұндай мақсаттарға жету үшін пойыздарды құрастыру жоспары:
• вагондардың барар жерлеріне жеткізу уақытын, вагондар паркінің мүмкіндігін, теміржол тасымалына сұранымның өскелең талабын ескере отырып, экономикалық өлшемдер мен логистикалық қағидаттар негізінде вагон ағындарын арттыруды;
• теміржол желісінің қабылданған мамандануына сəйкес вагондар ағынының бағыттар бойынша барынша тиімді жүру жолын;
• стансаның техникалық дамуы мен оларды пайдалану мүмкіншіліктеріне сəйкес сұрыптау жұмыстарының стансалар арасында дұрыс бөлінуін жəне вагондар ағынын өңдеудің ұтымды шоғырландырылуын;
• пойыздарды құрастыру жоспарын өзара үйлестіру жəне жалпы пайдаланылмайтын теміржол тарамдарының жұмыс технологиясы негізінде темір жолды ырғақты пайдалану жұмысын;
• көлік қызметін көрсету жəне жүк орындарын басқару сапасына қойылатын осы заманғы талаптарды жүзеге асыру үшін жағдайлар туғызуды қамтамасыз етуі тиіс.
Сонымен пойыздарды құрастыру жоспарында:
жүк жөнелтушілердің жүк тиеу қосындарын бос вагондармен кепілді қамтамасыз ету;
жүк қабылдаушылардың жүк жеткізу жылдамдығы мен режимін сақтау;
теміржол инфрақұрылымы иесінің теміржол стансалары мен телімдерінің қуатын ұтымды пайдалану;
темір жолмен тасымалдаушылардың вагондар мен локомотивтерді барынша тиімді пайдалану жөніндегі мүдделері дұрыс ескерілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет