Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару



бет57/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80
Курс лекции каз

20.1-сурет. Париждегі Шарль де Голль атындағы әуежай

Тасымалдау құжаттары – жолаушы тасымалында – билет, жүк ретінде жолаушының заттарын тасымалдауда – жүк квитанциясы болып табылады.


Жолаушы билет сатып алуда түрлі қызмет көрсету деңгейін таңдай алады. Әлемдегі кез келген әуе компаниясында мынадай үш класс бар: бірінші класс (билетте F әрпімен белгіленеді), бизнес-класс (С) және экономикалық класс (Y). Бірінші класс – ең қымбат, экономикалық класс – ең арзан тұрады. Кластардың басты айырмашылығы – орынтақтарының жайлылығы, тағамның сапалылығы, тегін тасымалданатын жүктің мөлшерінде, әуе жайдағы қызмет көрсету сапасында. Эконом-кластағы орынтақтар тар әрі бір-біріне жақын орналасса, бизнес-класс пен бірінші класта олар әлде қайда қолайлы әрі өзара едәуір қашық орналасқан.



20.2-сурет. ИЛ-96 ұшағында жолаушылар орынтағын қызмет көрсету кластарына қарай орналастыру: бірінші, бизнес, эконом-кластар
Қымбат кластарда ұсынылатын тағам түрлері де ерекше болады: мол, көбіне таңдау мүмкіндігі бар, үстел жабдықтары бір жолғы пластмасс емес, әдеттегі металл жабдықтар болып келеді. Бірінші және бизнес- класта спирт ішімдіктерін шексіз таңдауға болады. Кейбір әуе компаниялары ұшақ ішінде ашық бар ұйымдастырады, мұнда жолаушы кез келген уақытта ондағы кез келген сусыннан құйып іше алады. Қазір көптеген әуе компанияларының бірінші және бизнес-класында орнатылған орынтақтар жайылып төсекке айналады, мұның ұзақ ұшу сапарында пайдасы зор.





20.3-сурет. Люфтганза әуе компаниясының бизнес класы

Көптеген әуе компаниялары ұшу сапарының соңында бірінші кластағы жолаушыларға айтарлықтай қымбат сыйлық тартады. Алыс сапарларда жоғары кластың жолаушыларына шәркей, жылы орамал, ұйықтағанда көзге жұмсақ таңғыш береді. Жалпы алғанда, әуе компанияларының қиялында шек жоқ – едәуір қымбат кластың жолаушыларына ұсынылатын қосымша қызмет жиынтығы нақты әуе компаниясына, ұшу бағытына және т.с.с. байланысты.


Қызмет көрсету кластары арасындағы мәнді айырмашылықтардың бірі – бұл тегін тасымалданатын жүк нормасы. Эконом-кластың жолаушыларына тегін тасымалданатын жүк нормасы, әдетте, 20 кг, бизнес-класта - 30 кг, бірінші класта - 40 кг болып белгіленеді.
Әдетте, әуежайларда бірінші және бизнес-кластың жолаушылары басқалардан бөлек тіркейді, өйткені ақысын көбірек төлеген жолаушы кезекте тұрмауы тиіс. Кейбір әуе жайларда бірінші кластың жолаушылары үшін арнайы күту залы жабдықталған, мұнда қолайлы жағдайда рейсті күтіп, тіпті тегін аперетив ішуге болады.
Қ азіргі уақытта әуе билетін сатып алу әдісі алуан түрлі. Әуе билетін әуе агенттіктерінен, әуежайлардан, интернет бойынша, дүкеннен, санаторийден, туристік агенттіктерден және т.с.с. сатып алуға болады.
Әуе билеттері алуан түрлі болуы мүмкін: көзбен шолып байқайтын, автомат оқи алатын магнит жолақты және электрондық. Қазіргі кезде әлемде бланкінің үш түрі кең таралған: автоматты көшірілетін билет, отырғызу талоны бар автоматты купонды билет және қол бланкі. Электрондық билет – бұл ерекше жағдай. Қандай да бір бланкіні керек етпейтіндіктен, электрондық билет барған сайын кең таралуда. Бұл билет әуе компаниясының компьютерінде сақталатын әлдебір электрондық жазба болып табылады, мұнда дәстүрлі купондар электрондық баламамен алмастырылған. Ешқандай агенттік, ешқандай басқа әуе компаниясы толығымен бұл “жазбаны” көре алмайтындықтан, мұндай билет егер бүкіл ұшу сапарын бір әуе компаниясы атқаратын жағдайда ғана берілуі мүмкін.
Бұл жаңалықтың негізгі артықшылығы – мұндай «есті» билетті үйде ұмтылып қалдыру немесе жоғалту мүмкін емес, ол үшін агенттікке барудың қажеті жоқ. Электрондық тіркеу жүйесінің арқасында тапсырыс берген билетіңізді тікелей әуежайдағы әуе компаниясының арнайы бөлімінен алуыңызға болады. Сонымен қатар, электрондық билетті соңғы сәтте, ұшатын күні алуға және тіпті агенттікпен сөйлесетін уақытты үнемдеп, ұшып көтерілу уақытында ауыстыруыңызға да болады. Өзгерістер енгізетін жағдайда жаңа билет алудың керегі жоқ, жолаушының әуежайда көрсететін жалғыз құжаты – бұл шетелдік төлқұжаты.
ИАТА-ның шешіміне сәйкес 2007 жылдың соңына қарай әуе компаниялары – осы ұйымның мүшелері дәстүрлі әуе билеттерін пайдаланудан толығымен бас тартып, электрондық жол жүру құжаттарын рәсімдеу жүйесін енгізуі тиіс. ИАТА-да мынаны есептеп шығарды: 2008 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап электрондық тикеттеуге (билетті Интернет арқылы сатуға) көшу жолаушылар тасымалдау секторына жыл сайын 3 млрд. АҚШ долларын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Әуежай, әдетте, әуе рейсінің бастапқы пункті болып табылады. 2005 жылы әуежайлардың қызметін 4 млрд. жолаушы пайдаланған. Бұл цифр 2004 жылмен салыстырғанда 6 % артқан. 2005 жылы жолаушылардың ең көп келіп қайтатын әуе жайлары Атланта, Чикаго, Лондон, Токио, Лос-Анджелес болыпты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет