Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару



бет56/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   80
Курс лекции каз

Лекция №20.
1.Халықаралық жолаушы әуе жолы тасымалдары
2. Қызмет көрсету кластары.

Әуе көлігінің негізгі қызметі – бұл жолаушыларды тасымалдау. Дүниежүзілік әуе көлігі 2019 жылы 1887 млн. жолаушыны тасымалдаған. Әрбір елдің жолаушылар тасымалдау көлемі оның экономикалық жағдайына байланысты болатындықтан, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Қытай секілді өзінің дамуында өте жоғары экономикалық көрсеткіштерге жеткен елдер жолаушыларды әуеде тасымалдау көлемі жөнінен әлемдегі жетекші елдер болатыны табиғи нәрсе.


Еуропаның әуе тасымалдаушылары шығарған 2019 жылдың қорытындысы бойынша Еуропадағы екі – Air – Franсе - KLM әуе компаниясының одағы сәтті одақ деп танылды. Бұл одақ жылдық кіріс тізімінде де, сондай-ақ тасымалдау көлемі жөнінен де сенімді түрде алғашқы орындарды алды. Еуропа әуе компаниялары ассоциациясының деректері бойынша Air - Franсе - KLM бірлестігі өзінің германдық бәсекелесі Lufthansа-ны тасымалданған жолаушылар саны жөнінен 50,9 миллионмен салыстырғанда 64,8 миллион басып озды. Дегенмен, мұның соңғысы да барлық филиалдарын қоса алғанда, 2004 жылы айтарлықтай табысқа жетті – тасымалдау 12 пайызға артқан. Бұдан біраз жылдар бұрын ғана Еуропада жолаушылар тасымалдаудың бірінші нөмірі British Airways компаниясы жылдық қорытындысы бойынша басты лидерлерден 35,45 млрд. жолаушы нәтижесімен айтарлықтай артта қалып, үшінші орында болып шықты. Еуропадағы әуе тасымалдаушылары классификациясында төртінші орын алған Iberia компаниясы жолаушыларының 11,9 пайызынан айырылған SAS-ты ығыстырып, 2004 жылды жақсы табыстармен қарсы алды.
25,8 млн. жолаушы тасымалдаған Испан компаниясы өзінің Италиандық бақталасы Alitalia-дан айтарлықтай ілгерлеп, өз тасымалын 8 пайызға арттырды. Бұдан кейінгі орындарда SAS, одан соң –Turkish Airlines келеді. Еуропа әуе компаниялары ассоциациясының таңдаулы ондығында 11,44 млн. жолаушысымен (2004ж +10,2%) түрік компаниясының пайда болуын Еуропада айқын табыс деп бағалауда. Ассоциация айтарлықтай шағын BMI (бұрынғы British Midland) компаниясын 2004 жылы көрсеткіштер өсуінің рекордшысы деп атады. Ол өзінің тасымалын бір жылда 23,3 пайызға арттырып, 6,88 млн. жолаушы цифрына жетті. 2004 жыл франко-нидерланды әуе одағына ғана емес, тұтас алғанда Франциядағы әуе тасымалы үшін табысты жыл болды. Мұнда үш жыл бойы үздіксіз құлдыраудан кейін тұтас алғанда бүкіл әуе компаниялары бойынша тасымалдауды 6,4 пайызға арттырды. Француз әуе жайларының жолаушылар айналымы 105,876 миллионға жетіп, 2000 жылы жасалған 101,6 миллион рекордтан асып түсті. Францияның аймақтық әуежайлары бойынша өсу көрсеткіші 11,4 пайыз болды, мұны дисконтты әуе компанияларының коммерциялық өскелеңділігі деп түсіндіруде. Мамандар мұндай нәтижені ең алдымен 2003 жылғы Иракпен соғыс шайқалып кеткен халықаралық тасымалдың айтарлықтай жандана бастауымен байланыстырады. Париждің әуежайларындағы Қытайға, Египетке, Тунис пен Мароккаға бағытталған халықаралық әуе тасымалының өсе түскенін атап көрсетуде.
Әрбір жолаушы әуе билетін сатып алу арқылы әуе тасымалы шартын жасасады. Әуе кәсіпорны (тасымалдаушы) осы шартқа сәйкес жолаушы мен оның жүгін баратын пунктіне жеткізуге міндеттеніп, билетте көрсетілген рейсті орындайтын әуе кемесінен орын береді, ал жолаушы жүк тапсыратын жағдайда – оны да баратын пунктіне жеткізіп, оны алуға уәкілетті адамға береді. Жолаушы тасымалдау ақысын белгіленген тариф бойынша төлеуге, ал белгіленген нормадан артық жүк тапсырғанда – осы жүкті тасымалдау үшін төлеуге міндетті.
Әуе тасымалына жасалатын әрбір шартты әуе кәсіпорны немесе олардың уәкілетті ұйымдары немесе тұлғалары (агенттері) берген тасымалдау құжатымен куәландырады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет