Технологиясы


 Реттелген қысыммен құймаларды құю өңдірісі



Pdf көрінісі
бет26/45
Дата10.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#488823
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
Құрылымды материал технологиясы. Құю өңдірісі

4.5 Реттелген қысыммен құймаларды құю өңдірісі 
 
Төмен қысыммен құю кезінде (35-сурет) 1 жылыту камераға 
балқыған металл бар 2 тигельді қояды, ал камераның жоғарғы бөлігіне 5 
құю қалыбын орналастырады. Қалып қуысы тигельмен 3 металл өткізгіш 
арқылы жүзеге асырылады. Камераға 4 пневматикалық араластырғыштан 
түсетін қысымы 0,01 ... 0,08 МПа сығылған ауа немесе газдың әсерінен
ликвидус температурасынан 100 ... 150°С жоғары температурада балқытпа 
1,5 ... 1,6 м/с жылдамдықпен тигельден металл өткізгіш арқылы көтеріліп 
қалып қуысын толтырады. Қалыпты толтырғаннан кейін және құйманы 
қатайту үшін қажетті ұсталымнан кейін, камерадағы қысым түсіріледі, 
қалып ашылып құйма шығарылады.


60 
Төмен қысыммен құймаларды темір қораптарда, құм және қабықша 
қалыптарында және қорытылатын үлгілер бойынша құю қалыптарда 
алынады. Құюдың бұл әдісі құю жол жүйесінде металды тұтынуды 
айтарлықтай азайтады, қалыптардың толтырылуын жақсартады, құйманың 
35-сурет. Төмен қысым астында құю сұлбасы 
тығыздығын және саңылаусыздығын арттырады. Төмен қысыммен 
құюды алюминийден, магнийден, мыс қорытпаларынан және сірек 
болаттан бірнеше ондаған граммнан 50 килограммға дейін салмағы бар 
жасалған корпустың жұқа қабырғалы құймаларын жасайды. 
Вакуумдық сорғыш арқылы құю кезінде (36-сурет), сумен суытатын 
3 құйма қалыбы онда вакуумдық сорғымен жасалған сиректету есебінен 1 
тарату пештен балқытылған металмен толтырылады. 3 құйма қалыбы
металмен толтырылған кезде, 2 керамикалық қалтқыға таянады. Қысқа 
ұсталым кезінде 4 құйма қалыптасады. Содан кейін құйма қуысы 
атмосфераға қосылады және қатпаған металл тарату пешіне түсіріледі. 
36-сурет. Вакуум сорғыш арқылы құю сұлбасы 
Осылайша, мыс, алюминийден және басқа да қорытпалардан 
әртүрлі төлкелер, сақиналар, сомындар, компрессорлық дөңгелектер және 
басқа 
құймалар 
шығарылады. Құйманы 
вакуумды 
сорғыштың 


61 
артықшылығы - газ қаяуларының және кеуектіліктің ақауларын жою
себебі құю реттік кристалдану арқылы қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет