Тәкен әлімқҰлов шығармаларындағЫ Ұлттық психологизм



бет7/12
Дата08.11.2023
өлшемі153.56 Kb.
#482645
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Тәкен

«Дәліз тар да аласа еді. Ақан қаршыға орнына еденнен зерлі тақияны тауып алды. Қанафияның тақиясы екенін жыға таныды» [34,78].Міне, осы жерге ерекше назар аударған зерлі сары тақия кейін ұрының кім екенін айтпай-ақ тауып береді. Егерде зат ерекше болып, көзге түспесе, көңілде қалмас еді. Суреткердің әрбір заттық детальді орынды ойната білуі оған терең мән-мағына беруі қуантады.
«Жиендік» деген әңгімесінде де күй тағдыры, өнер адамының шабытты шағы, шығармашылық психологиясы жан-жақты ашылады. Нағашы жұртына алыстан арнап келген Кенжештің қалағаны Тәпсірден күй болды.
«Тәпсірдің көңіліне өкініш, уайым қашар ұялауда. Әлде бір қимасынан айырылғандай, іші ұлып барады. Күйшінің күйзелісті толқыныста отырғанын сезгендей, жанашыр жиені де аянышпен қарайды. Көзі жау атандап, әкенің қолындағы жарты күлшеден дәметкен аш баладай, Тәпсірді де, өзінде аяп отыр» [34,91].
Күй десе ішкен асын жерге қоятын Кенжеш атақты күйшілерден естігенін кеудесіне құйып, кейінгі ұрпаққа жеткізер өкіл ретінде сомдалады.
Өзге өнерден өзгеше осындай оқыста туып, ел арасында сол күйі таралып келген ел ішіндегі киелі күй өнерін автор сол күйшілердей түйсініп, толғанып, бар мазмұн-мәнімен, көркемдігімен, толғаныс-тебіреністерімен, дыбыс күйімен бар бояуымен бере білген. Автордың күйді, күйшінің сол сәттегі жан дүниесіндегі арпалысты, ішкі сезімдік қуатты бар құнарымен суреттей білуі, адам тілі жеткізгісіз сезімдік, эмоционалдық құбылысты тап басып бере білуі, кез келген жазушыға тән қасиет емес. Өзі де осы күйден, күйшілік өнерден хабары бар,бар болғанда да бес аспап мамандай терең меңгерген жан ғана күйді танып, талдап, тереңдей түсініп жаза алса керек. Т.Әлімқұлов сол сирек таланттың бірі екендігі даусыз.
Оқып көрелік: «...Сезімтал қара аспаптың кеудесіне қай-қайдағы сағыныш, өкініш, наздыналыс оралып, булығып шыға бастады.Домбыра бірде күмбірлеп, бірде талмаурап, егіз шек бірге сыңсып кетті. Тәттімбеттің «Көкейтестісіне» аздап ұқсастығы бар, бұл да бір шерлі, назды күй еді. Барлық күйінің жиынтығы болғандықтан, Тәпсірдің өзі де әлі ат қойып, айдар тақпаған-ды. Сол күй бүгін отырыс үстінде, бұрынғы белгілі халынан жаңғырып шыққандай болды. Осыны шала байқаған Тәпсір ұзақ сарын аяқталғанда ізін суытпай қайта тартып шықты. «Япырай, ызыңның асылы ішімде жатыр екен ғой, өзі» деп өзіне өзі қатты сүйсінді» [34,93].
Міне, осы күйді көкейіне құйып алған Кенжештің көңіл-күйін автор былай береді: «Нағашысының кешегі тартқан күйі дерт болып жабысқандай. Көкейінен шықпай, құлағында ызыңдады. Кейде күбірлеп сөйледі. Кейде ішінен ыңылдады. Күйдің басталуын, аяқталуын жаттады. Ортадағы бұралаңдарын көкейге қондыруга тырысты. Үйірімді күйдің бірде ыстық, бірде жылы, бірде қоңыр лебіздері бара-бара Кенжештің тұла бойына түгел сіңіп, миына дарыды.
Көзі ілініп кетіп еді. Түсінде таңсық күйде бірде табиғи қалпында, бірде рабасыз елеурей өзгеріп, шәкірт домбырашыны мазалаумен болды» [34,94].
Тап осындай көңіл-күй, мазасыз мезеттер Т.Әлімқұловтың күйші кейіпкерлерінің көбіне тән қасиет. Алайда, автор олардың бірін бір-бірлерінен айнығысыз етіп бейнелейді. Әрқайсысының сезінуі, күйді қабылдауы, көкейіне құйып, мазалануы т.б. сезімдік, эмоциялық көңіл-күйлерін тәптіштей суреттейді.
«Сары сыбызғы» атты әңгімеде автор сыбызғы аспабынан өзіне ғана тән қасиетіне, сыр-қырына қанықтырады оқушысын. «Көкіректің деміне кіріптар құйттай аспап қалай ойнатамын десең де еркінде»!
«Сайрағыш құстың ең кішкенайы бұлбұл болса, сайрағыш аспаптың ең шағыны – сыбызғы. Бұлбұл әнін естіртіп, тәнін көрсетпейді. Сыбызғы – сыңсуын естіртіп, қалшасын жасырады. Көмейден төгілген әуездің төркіні егіз шыққан текті сыбызғы – сегіз қырлы, бір сырлы. Оның тілін түсінуге зейін керек. Орманның сусылын, бұлақтың сылдыры, көлдің күрсінуін титтей заттың өз бойына қалайша сіндіргенін білетін пенде аз. Сайын сахараның сыбызғыша сыңсып тұратынын еститін құлақ одан да аз» [34,131].
Жер түбіндегі сыбызғышыны іздеп шыққан екі жолаушы журналистің сол сыбызғышыны тауып, өнеріне тәнті болған іссапары жөнінде жазылған бұл шағын дүние бізге сыбызғының көпке көмескі сырын танытуымен де таңсық.
«Кертолғау» атты әңгімеде қарапайым қызметкер Атабек Асылбеков секілді ел іші – өнер кенішімен кездескен, оның өнерін тамашалаған сәттерді асқан сезімталдықпен суреттей білген саңлақ жазушы күй секілді киелі өнердің өмірі бір сәттік, ол ойламаған жерде туып, қайтып қайталанбайтын шығармашылық, психологиялық құбылыс екенін жете жазады.
«Бір өкініш сол, Атабек Асылбеков енді ешқашан, еш жерде, еш ортада «Кертолғауды» дәл түндегіше балбыратып тарта алмайды. Мұндай көңілдің хошынан оянған сирек сәт қайта оралмайды. Бір есептен, сахара күйшілерінің домбыраны нотасыз тартқаны сандақтың қамшысына барабар болған ба, қалай? Белгілі бір күйді дәл бір ырғақта, бір нәште қайталаудың қиындығында өнердің құбылмалы қыры, қыран шабыттың айнымалылығы жатпасын?! Шіркін, дүниеге екі келмес шебер шертістер-ай!...» [34,140].
Т.Әлімқұлов киелі күй өнерінің талғампаз тындаушысы, жанашыр насихаттаушысы ғана емес, ол туралы танымдық, білімпаздық білгірлікпен айта білетін өнегелі ұстаз да, таптырмас тәлімгер де, осы өнердің майталман бағбаны да секілді. Оған автордың әрбір әңгімесі куә.
«Қызыл қамшы» деген әңгімесінде қамшыны да асық бір асыл затындай қастерлей білетін дала қазағының соған қатысты этнографиялық танымдық қасиеттері сөз болады.
«Осыдан кейін түздіктердің қаруы да, сыны да, ишарасы да қамшы екенін таратып айтып кетті. Қамшы көліктің, киімнің, ыңғайына сай келмек. Қамшы тастасаң – дауға оқталғаның. Қамшымен нұқысаң – зәбір көрсеткенің. Қамшыны қонышқа тықсаң – сабаласамын дегенің. «Ат мінгіземін» деген ауызбайлық. Қамшыны қоса беру – екі айтылмас ант. Қара танылған қазақ белгіге қамшы жолдаған. Оның құдіреті ақ қағазға бармақ басқанмен бірдей. «Атымды қамшылаймын шабан ба деп» деген өлең – өлең. Қамшының өрісі туралы ишара, тұспал сөздер өз алдына бір хикая. Түймедейден түйедей әңгіме тудырған Нәшу ұзынсонар сөзін:

  • Жетпіске келген шемені аттан түсірмей жүрген осы қамшы, – деп шегерді» [33,132].

Бала кезінен қамшыға құмар боп өскен қойшы Нәшудің қамшыға байланысты этнографиялық танымдық әңгімесі жазушы-кейіпкердің қызығушылығын тудырып, оның тағдырындағы талай қызық жәйттерге куә етеді.
Қойшыдан қолқалап алған «мейіздей қатқан осынау қызыл қамшы туралы хикая жазбақ болып» аттанады астаналық жазушы.
«Сейтек сарыны» повесі де республикалық бір газетте қызмет істейтін Дәрмен Нұсқабаевтың «Қызыл сеңгір» совхозының тұрғыны атақты күйші Сәруардың күй шертісін көріп, тәлім алу, сол туралы жазу мақсатымен келген іс сапары турасында әңгіме шертеді. Алайда, қырсық шал күй тартпай бос қайтады. Кейін Алматыдағы радиодан оның тартқан күйлері беріледі. Тап соны тыңдаған Дәрмен бар сырға қанығады.
Тәкен Әлімқұловтың өнер тақырыбына арналған шығармаларындағы заттық әлем психологиялық дәлдікпен, сезім шыншылдығымен бейнеленген.
Жазушы шығармаларында ұлттық нақыштың бірі ұлттық тағамның бірі – бауырсақ көркем суреттелген.
Есік алдында қағілез сары жігіт көк лақты сойып жатыр. Жер ошақта шажылдап қайнаған бауырсақтың исі еміс-еміс келеді [33,12]
Жылқы малының қасиетін таныту үшін автор бұл тақырыпты көптеген шығармаларында қозғайды.
Жаңа ғана қызық көріп тұрған елеусіз Досов жылқы баласының нала, назы соншалықты аянышты екенін осы жолы ғана сезгендей болды.
Су ағатын сары самауыр ғана пыс-пыс етеді [33,17].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет