Тәкен әлімқҰлов шығармаларындағЫ Ұлттық психологизм



бет9/12
Дата08.11.2023
өлшемі153.56 Kb.
#482645
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Тәкен

Жоқты айтып қутыңдағанша, барыңмен базарласайшы, – деп бір қойды [33,227].
Әке-шешесінің тапқан-таянғанын ысырап қып шолжаң өскен Шынардың Елеусізге құтынан гөрі қырсығы көп тиді [33,230]. Қызғаныштан күйіп ктекен қуаң сүлдеде ынтықтықтың ыстық қаны толқымайды. Қалыстықтың салқын қаны ғана сызаттан ағады. Сабағынан үзілгелі тұрған жүзімдей, Шынардың ұзын кірпігіне іркілген меруерт жасты Елеусіз, сөз жоқ көрер еді. Қазіргі күңгірттікте көрмесе де, жаны ашып кетті... Шынар оған бақыттың балы, болашақтың баяны секілденді [33,233-234].


2.2 Автор шығармалардағы ұлттық оралымдар, қолданыстар


Жазушылық шеберлік – әрбір қаламгердің қолтаңбасын анықтайды. Әдебиеттанушы ғалымдар өз зерттеулерінде шеберлік сырларының, әдіс-тәсілдерінің ең алдымен шығарманың көркемдік болмыс, бітімінен басталатынын атап көрсетеді. Көркемдік жоқ жерден шеберлікті іздеу бос әурешілік. Ал көркемдіктің табан тірейтін тұғырлары – ізденімпаз, жаңалыққа, тың дүниеге жаны құштар қаламгер үшін сан алуан. Соның ішінде қаламгерлік шеберліктің орны бөлек. Яғни «жазушының шеберлігі қандай шексіз болса, шығарманың шынайы жетілуі де сондай шетсіз. Демек сөз өнеріндегі әрекетте шек жоқ» , – деп атап көрсетеді академик З.Қабдолов [38,9].
Өзінің суреткерлік стилін, қаламгерлік колтаңбасын талмай іздеген, жазушылық шеберліктің биігіне көтерілген қаламгердің бірі – Тәкен Әлімқұлов. Оның, әсіресе дәстүрлі мәдениет, ақындық, күйшілік өнер, тұлпарлар тағдыры тақырыбындағы мол дүниесін оқыған сайын бұған көзің жете түседі. Ал бұған қазіргі заман тақырыбындағы шығармалары тағы келіп қосылады.
Жалпы, өнер тақырыбын тегін айтып отырған жоқпыз. Әрине тақырып деген шартты ұғым. Дегенмен де, жазушы сомдаған кейіпкерлердің алыстан көз тартатын, соқталы, салмақты бөлігі дәстүрлі мәдениет, ақындық, күйшілік тақырыбының үлесіне тиетіні тегін емес.
«Тәкен Әлімқұлов – батыс, орыс классиктерінің озық тәжірибесі мен ұлттық тақырыптағы дәстүрді шебер ұштастырған жазушы. Қаламгер творчествосынан әрдайым жан-жақты, кең өрісті ізденістерді аңғарамыз» – деп пікір білдірген профессор Б.Майтанов өз ойын ары қарай жазушының шығармаларын талдай отырып, олардағы ұлттық астардың тереңдігімен, халықтық сипатының қанықтығымен, айқындығымен сабақтастырады [3,104-105].
Өнер адамдарының өмір-тағдыры негізінен жазушының прозалық шығармаларында: әңгімелерінде және повестерінде көбірек суреттеледі. Тәкенді сөз зергері, шебер суреткер ретінде танытқан дүниелері де алдымен осылар. Бұл туындылар несімен қымбат, несімен қадірлі?
Алдымен, жазушының, әсіресе әңгіме, повестеріндегі тарихи шындықтың көрінуі, бас кейіпкерлердің көркемдік бітімін, олардың оқырмандарға жеткізетін эстетикалық қуатын, әсер-ықпалын баса айту қажет. Ақан сері, Махамбет, Шоқан, Тәттімбет, Ықылас, Сүгір, Сейтек, Сәкен, Төлеген Момбеков, Әбікен сияқты және тағы басқа өнер тарихындағы саңлақтардың өмір-тағдырын суреттеу арқылы қаламгер оқырманына жалпы өнер құдіретін, оның қыры мен сырын, тылсым құпиясын тереңнен аршып танытады.
Осынау есімдер ұлттық өнеріміз бен әдебиетіміздің тарихында, тағдырында елеулі орын алған тұлғалар. Әр ғасырда өмір кешіп, бірақ туған халқының рухани игілігіне мол мұра қалдырған бұл өнерпаздардың енді әдебиеттегі бейнесін сомдауға Тәкен үлкен дайындықпен келгенін аңғарамыз. Әсіресе тарихи деректерді зерттеп, сол кезеңнің әлеуметтік-қоғамдық шындығына терең бойлау мақсатында жазушы көп ізденген.
Алдымен әңгіме жанрында, кейінірек повесть жанрында жазушы халықтың дәстүрлі мәдениеті мен өнерін, өнер адамдарының қайталанбас, оқырманды тебірентетіндей, тартымды көркем бейнесін сомдап шығарды. Дәстүрлі мәдениет жене өнер тақырыбына батыл барып, терең қалам тербеу кез келген қаламгердің маңдайына жазыла бермеген бақыт. Тәкен өзінің тума таланты, табиғи суреткерлік шеберлігі арқасында көзі тірісінде-ақ осы қаламгерлік бақытқа қол жеткізді. Осы арқылы қалың оқырманның ықыласына бөленді, қалың қазақтың жүрегіне жол тапты. Тәкеннің өнер, ақындық, күйшілік, тұлпарлар тағдыры тақырыбындағы шығармаларын оқымаған жан аз. Нақтырақ айтсақ, сонау 60-70 жылдардың өзінде Тәкенді қазақ оқырмандары өнер, дәстүрлі мәдениет, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт тақырыбын терең меңгерген, өнер сырын, өнерпаз тағдырын тебірентіп, тартымды тілмен толғай алған қаламгер ретінде таныған-ды, мойындаған-ды.
Тәкен Әлімқұловтын көркем прозасында үлкен орын алған тақырыптың бірі – бүгінгі заман тақырыбы. Яғни замандастар тағдыры да – Тәкен Әлімқұловты қаламгер ретінде терең толғандырғаны анық анғарылады. Жазушының бірнеше әңгіме, повестері жөне романдары XX ғасыр басындағы тарихи шындықты арқау етеді. Ішінде, кеңес дәуірінің шындығын, әсіресе 30-шы жылдар аумағында көрініс берген тарихи, әлеуметтік-саяси оқиғаларды сөз ететін, суреттейтін туындылар да – көзге түседі. Бір ерекшелігі, жазушы қай кезеңнін оқиғаларын, немесе қандай тақырыпты арқау етпесін, алдымен адам тағдырына соғады, оның тыныс-тіршілігін, өмірдегі күрес-тартысын, әлеуметтік ортадағы әрекетін, қоғамдағы азаматтық белсенділігін тереңнен аршып танытуды мақсат етеді.
Жазушы адам мен қоғам, адам мен орта қатынасын әрдайым басты назарда ұстайды. Әсіресе 60-70-ші жылдардың кезеңінде тереңірек көрінген қоғамдық-әлеуметтік өзгерістер, ол мейлі әлеуметтік салада бола ма, немесе ғылым, өндіріс саласында бола ма, жазушы ең алдымен адамның адамгершілік, рухани-моральдьық, қасиеттерін ашып суреттеуте ден қояды. Осынау қазіргі заман тақырыбын көтеруде де Т.Әлімқұлов өз қолтаңбасынан айрылған жоқ. Қаламгерлік, суреткерлік шеберліктің бір арнасы бұл шығармаларда да көрініс берді. Осы саладағы жазушы тапқан, өз туындыларында ұтымды, ұтқыр пайдалана алған көркемдік әдіс-тәсілдерді де таратып айту, тереңдеп талдау аталған еңбектің негізгі мақсаттарының бірі.
Жалпы, 60-80 жылдардағы қазақ прозасында адамгершілік, адамның рухани дүниесін танытуға сабақтас туындайтын мәселелерді толғайтын көркем шығармалар көптеп дүниеге келді. Әдебиеттегі бұл серпіліс, бұл бетбұрыс туғызған туындыларды тереңдеп, әр қырынан талдаған ғылыми-зерттеу еңбектері де жарыққа шықты. Бұл еңбектердің басым көпшілігі қазақ прозасындағы замандас бейнесінің сомдалуына, олардың көркемдік деңгейіне көбірек талдау жасады. Тіл, стиль, каламгерлік шеберлік, психологизм жөне драматизм мәселелеріне де ерекше назар аударылды.
Ал енді Тәкен Әлімқұлов шығармаларында да осы кезең шындығы қай деңгейде көркемдік шешімін тапты деген сұрақ тұрады алдымызда. Әсіресе, кейіпкер жан дүниесін танытудағы қаламгер қол жеткізе алған шығармашылық ізденістерді, ондағы дәстүр ізімен жалғастық тапқан көркемдік сырларын тереңдеп талдау қажет. Бұл түста да Тәкен қолтаңбасы дараланып көрінеді.
Өзіндік әдіс-тәсілдері көзге түседі. Осыны өз тұстас қаламгерлер шығармаларымен салыстыра, сабақтастыра сөз етуді мақсат еттік. Жалпы, қазақ прозасының ортақ жетістіктері мен ортақ кемшіліктері де нақты әдеби мәтіндер, нақты әдеби шығармалар негізінде талданады. 60-80 жылдар прозасында ерекше көзге түскен іргелі, қомақты көркемдік ізденістер бағыты Т.Әлімқұловтың осы тақырыптас шығармаларымен бір арнада қарастырылады.
Жинақтап қарасақ, сол кезеңнің прозасында анық көзге түскен, оқырман назарын өзіне аударған көркемдік ізденістердің терең ізін Тәкен Әлімқұлов туындыларынан да табамыз. Әсіресе психологиялық талдау әдісі, көркем тартысты соңғы қатарға шығару, кейіпкер мінезін даралаудағы тұрмыстық детальдардың мәніне иек арту сияқты көркемдік тәсілдерге қаламгердің жиі-жиі ат басын бұрғанын, табан тірегенін анық аңғарамыз. Жазушы шығармаларында әрқилы тағдыр иелері өздерінің арман-мұңымен, қасірет-қайғысымен, қуаныш-ренішімен бой көрсетіп жатады. Бұл топтағы шығармаларында да Т.Әлімқұлов адам мен тағдыр мәселесіне көркемдік шеберліктің әр қырынан тереңдеп барады. Демек, осы қатардағы қарапайым жандардың қоңыр тіршілігінің өзінен заман шындығын, уақыт бедерін танып, таразылау қаламгерлік мақсатқа толық бағындырылған.
Қаламгердің тағы да бір ұтатын тұсы – шығармаларында сөзді тосыннан үйлестіріп, қосарлап қолдану әдісі. Мысалы, домбыраның қос ішегін «кербездің желегейіндей» десе, аспаптан төгілетін дыбыстарды «шалғайдағы сағымдай толқынданған» деп жеткізеді.
«Кертолғау» әңгімесінде осы күйдің әсерін, болмыс-бітімін бейнелеу тұсында «булыққан, үйірілген, боздаған дыбыстар» – деп жалғыз-жалғыз сөздерді тіркестірсе, келесі б.терде: «кейде сайын сахараның шырайындай, кейде шаңтимес саңлақтай, кейде саналы салдай елестеп, әр пенденің арманындай әсер етті», – деп сөздерді топтап, шендестіру арқылы ойдың, бейненің әсерін күшейтеді. Әрі әңгіменің ішкі ырғағын ширатады. Бұған қоса, жазушының тағы да осы әңгімесінде: «біреулер тамсанды, біреулер күрсінді, енді біреулер демін ішіне тартып сұрланды», – деп суреттеу арқылы сезімнің сан алуан бояуын тірілтіп, бір сөзді қайталап, үстемелеп отырып ой толқынына жағаға қайта-қайта ұрған теңіздей жан бітіреді. Барлық әңгімелерінен мұндай үлгілерді көптеп келтіруге болады. Және олар қайталанған сайын жаңа бір пішіндік өрнегімен, жаңа бір мазмұндық қырымен танылады.
Тәкен Әлімқұлов әңгімелерінің ішкі ырғағы мен үйлесімінің тағы да бір сыры оның психологизмі мен авторлық баяндау ерекшелігімен сабақтас. Оның өте тартымды, терең психологизмге құрылған «Қараой» әңгімесіне назар аударып көрелік. Бұл әңгімеде халқымыздың қайталанбас, біртуар ақыны Махамбеттің өмірінің ең бір трагедиялық тұсы арқау болған Ақын өлімінің жан түршігерлік трагедиясына алып келген ағайын опасыздығын, ауылдастарының жан баласы ойлап таппас жымысқы сойқанын қысқа-қысқа сөйлемдермен қайырады. Осындағы авторлық баяндау дәлдігі, табиғат, ботаның, түйенің, құстың бейнесі, ай мезгілі, бала әрекеті, айдың тұтылуы, күннің батуы барлығы көркемдік жүк көтеріп түр. Осындағы ой, образ, тіл тұтаса, қорғасындай құйылып келіп үйлесім табады. Әңгіме финалы:
«...Қараойдың қойнауында қаралы үй жапа-жалғыз қала берді. Әуес күйеуін құшақтап, қыздай сыңсыды. Нұрсұлтан етпеттеп еңіреді. Жас бала шырылдап, үй айнала берді. Үй маңынан бота боздады. Өрістен енесі аңырады. Қараойдың үстінде көң қарға мен қызғыш құс ұшып жүрді. Күн батар шақ еді. Қараой қаралы қызыққа толып, дөңгеленіп бара жатты. Сол түні ай тұтылған...», – деп аяқталады. Төгілген қан, кесілген бас, атыс-шабыс, тағы да басқа көп әрекеттердің көшірмесі, солғын суреті жоқ бұл әңгімеде. Оның барлығын жазушы жіпке тізбеген, түсіріп тастаған. Көпсөзділік, созбалай суреттеуден саналы түрде бойын алыс ұстаған. Бірақ солай бола тұра, қанды қол жендеттердің қасиетті ақын шаңырағын қас-қағым сәтте ойрандап, ортасына түсіріп, бір үйір жанды сорлатып кеткенін автор көзбен көріп, қолмен ұстағандай етіп, буы кеппеген күйінде, дірілдетіп алдыңа жайып салады.
Бүкіл әңгіменің финалындағы көркемдік қуатты осы етістік сөздер қайталану арқылы оқырманға дәл жеткізіп отыр. «...шулап жатты, келмей кетті, өткізіп жатты, көзін кең ашты, арыздасты, біліп бара жатты, қала берді, қыздай сыңсыды, етпеттеп еңіреді, айнала берді, боздады, аңырады, шалуын доғарды, ұшып жүрді, дөңгеленіп бара жатты, ай тұтылды» – деген сөздер авторлық ойды сол сәттегі психологиялық хал-ахуалмен тұтастырып, осы екеуінің табиғи бірлігіне қол жеткізген.
Әр халықтың жүріп өткен тарихи жолы – ұлттық тарихын, қалыптастырған дәстүрі мен салты дүниетанымдық ерекшелігі мен дара мәдени келбетін жасайды. Ұлттық мәдениет пен ұлттық болмыс, қоғамдағы өзгерістер мен жаңалық атаулының бәрі тілде көрініс табуы заңды құбылыс. Тіл – халықтың рухани және материалдық мәдениетінің, тарихының, барлық бітім-болмысының айнасы іспетті. Сондықтан да болар, В.Гумбольдтың: «Халықтың тілі барда оның рухы бар, халықтың рухы барда оның тілі бар, ал өзіме осыларға тең келетін нәрсені елестету қиын» [32,156] деп айтқаны осы ойымызды негіздей алады.
Адам өзін қоршаған ортаны бейнелейтін көптеген тәсілдерді – еңбекті, өнерді және т.б. шығармашылық түрлерін біледі. Олардың әрқайсысы шындыққа апаратын психикалық болмыстың дербес жүйесін көздейді.
Қазақ халқының этностық, ұлттық психологиясы негізінен тілде көрініс тапқан. Осы орайда тіл – ұлттық болмысымен қалыптасқан төл мәдениетіміз сақталған негізгі көздердің бірі [33,6] – деп белгілі ғалым А.Қ. Сейілхан айтқандай, дүниені бақылауға және танымның құрылысы мен үрдісін анықтауға негізделген тілдік бейненің когнитивті модельдері ғылыми бақылау жүргізуге көмектеседі. Дүниедегі заттар мен құбылыстардың жер шарын мекендейтін адамдарға ортақ болуымен қатар, әр халық сол заттар мен құбылыстарды өз мәдениетіне, танымына, болмысына қарай ыңғайлайды.
Тіл мен ойлаудың, тіл мен танымның арақатысы адам баласының интеллектуалды өмірінде құндылықтар қаншалықты рөл атқаратынын белгілеп береді. Тіл мен таным арақатысын сипаттайтын ұғымдар белгілі бір құрылымға түседі.
Әбдуәли Қайдар мақал-мәтелдерді – «...ұлт тарихы мен менталитетіне, сана - сезіміне, өзіндік болмысына қажетті рухани құндылықтарын өз бойында сақтап, келесі ұрпаққа асыл мұра ретінде жеткізіп отыратын қасиеті» деп сараланады.
Әр ұлттың дүниетанымы әртүрлі болуы ұлт пен ұлыстың тәжірибесі мен біліміне байланысты. Өйткені сыртқы дүниемен тікелей байланысы емес, адамның өмірінен көрген-білгені, көңілге түйгені білімнің негізі болып табылады. Әр ұлттың тәжірибесі әртүрлі болғандықтан, дүниенің тілдік бейнесі де, адамдар тәжірибесі де әртүрлі болуы заңды.
Ұзақ түнді көзбен атқызды фразеологизмі – ұйықтамады, дүние салды – өлді, бетінен оты шықты – ұялды, мұрнына су жетпеді, мұрнынан шаншылды, мұршасы келмеді – жұмысбасты болды, ұзын арқан, кең тұсау – еркіндік, үн жоқ, түн жоқ – үндемеді дегенді білдіріп, өзара мағыналас болып тұр.
Мақал деген – халықтың ғасырлар бойғы дүниетанымы, тәжірибесі жинақталып берілген, мазмұны жағынан ғибрат, өсиет сияқты, ізгі қасиеттерді уағыздайтын, құрылымы жағынан әрі көркем, әрі ырғақты, ықшам нақыл сөз. Мақал формасы жағынан аяқталған сөйлем іспеттес.
Қазақ ұлттық дүниетанымындағы биіктік пен тектілік өлшемінің бірі – намыс. Намыс – ұлттық негізгі концептік белгінің бірі. Намыс концептісі арқылы – ар, ұят, тектілік, ерлік, өрлік, асқақтық, мықтылық, шыдамдылық, төзімділік, батырлық, тазалық, патриоттық, адалдық, адамдық, қасиет, жер дауы, жесір дауы, ел қорғау, жер қорғау, Отан, қыз намысы,
Тәкен Әлімқұловтың «Ақбоз ат» романында тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің ұлттық мінезді, ұлттық нақышты танытатын небір үлгілері бар.
Жіпсіз байланысып,жіксіз жымдасқан дос-жаранымыз [33,6], кір жуып, кіндік кескен жері [33,7], жарғақ құлағы жастыққа тимей[33,7], жермен жүрген аяққа жөргем ілінетінін [33,7], еріксіз езу тартып күлді, ақ сақалды, бурыл қасты, күн қаңсыған тосын шал, көңлі жарым боп, уайым кіре бастағандай [33,8], сырлы аяқтың сыры кетсе де,сыны кетпес [33,13], ойыннан от шығаратын ожарлардан [33,13], қой мыңға жетсе, керегеден бас кетпейді [33,15], бір күн тұзын татқанға қырық күн сәлем[33,19], сиырдың танығаны жапырақ[33,19] ,Санасыз аңсатып, саналы толғауға талпындырады[33,22], Осыған қарамай, екі қыз бен бір жігіт қағанағы қарық, санағаны сарық боп келеді[33,31], Жараны несіне білтелейді, жоққа жүйрік жетпейді [33,34], Елеусіз Досовты кім шауып алады? «әй» дейтін әжесі , «қой» дейтін қожасы жоқ шағында жасамаған тентекті қашан жасайды? Даусы бірде көтеріліп, бірде бұғып, жүректің тілегін жеткізуге тырысты [33,37], ол түгіл, көзі ашық деген [33,37],кіндік кесіп, кір жуған жерге жақындағанда [33,38], балауса көңлін сары уайым шарпып көрмеген мұңсыз адамның кейпін танытады [33,38], сегіз қырлы,бір сырлы [33,39], екі сылтау, бір желеумен көріп , көлденең жұрттың көзі, жіпсіз байламай-ақ [33,46], күн сасиды [33,47], жаман үйдің қонағы билейді [33, 48] ауру қалса да әдет қалмайды [33, 50], салы суға кетіп, ілбиді. Ал, мынау мал соңындағы жұмысшылар қысыр кеңестен қашатын емес. Қайта, іздегенге сұраған дегендей, қасына барсаң жампаңдаса қалады. Әлпетіңді шар айнадан көруге де болады, тар айнадан көруге де болады. Әрине, шар айнаның қолға түскені дұрыс еді [33, 63], Елеусізге керегі бір-ақ нәрсе. Ол – адам тағдыры. Оны көрсетпей көтерген мәселем – құмға сіңген сумен тең[33, 75], содан бері Шоңбайға өкпесі қара қазандай Бекей дау-шарын алдына сала келген екен. Тым-ақ сызданып отырды [33, 76], тұла бойы, шымшып тіккен қаптай, тырсиып тұр [33, 76], «Сауда сақал сипасқанша» деген де мақал қалған бұрынғылардан, Бәке! [33, 77], салмақсыз Нығыз биге салмақты Шоңбай ішінің ұңғыл-шұңғылын танытып қойды. Соған өзінің ызасы да келеді. Нығыз бидің ит терісін басына қаптап, қуып жіберейін десе, істің артынан қорқады [33, 81], Асылбектің іші әлем-жәлем болды. Қалыңдығын жас зергерден қызғанып, терісіне еті сыймай, тырсия қалды. Түртіп қалсаң жарылып кеткелі тұр. «Жаманның ақылы түстен кейін келеді» деген осы-дағы [33, 86], бірақ «от сұрай келген қатынның отыз ауыз сөзі бар» демекші, Дариға Бектің үйінде кідіріп қалмады... Қара қазан екі иінінен дем алып, бүлкілдеп, асылып-төгіле бастағанда Мақбалдың абысын-ажындары түк сезбегенсіп, біртіндеп келе бастады [33, 90], Асылбектің шабуылынан кейін Дариға үйінде байыз тауып отыра алмай «өрттен қорықсаң – өзенге бардың» керімен келген [33, 94], ақбоз ауыздықтан көбік шашып, алқынып, барып-келіп тұр. «Өкпем күйіп бара жатыр» дегендей, жанарлы көзімен бапкеріне жаутаңдай қарады [33, 92], Қараштың естіген ертегі-аңызы бойынша, әуелбаста ай сұлуға күн сұлу ғашық екен дейді. «Жеткен жеріңде аласың» деп ай қаша жөнеліпті, күн қуа жөнеліпті. Содан бері дүниенің төрт бұрышын шыр айналып, бірін бірі қуып келеді-міс [33, 97], «Сенің арманың жоқ қой, Орал. Жаман айтпай жақсы жоқ, осыдан Гүлнашқа қосыла алмасаң да, менен сен бақыттысың. Әкем сорлы сүймеген шүйке басқа үйлендіріп, менің бағымды байлады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет