Тіршілік талқысына көп түскен адамның аузына берік келетінін [33,19], қырандағы желкілдеген жібек сағымға [33,22], бесікке бөленбей, бұла өскен [33,21], сықылықтаған сылқым күлкісі,күлімдеген қоңыр көзі, сынық ибасы,шырын назы жүдетті, бесікке асылып, нәресте немересін тербете, қоңырлатып ән салып отырған [33,33].
Осы үзінділерде келтірілген тіршілік талқысы, жібек сағым, сылқым күлкі, қоңыр көз, бесік ұғымдары тек қазақ халқында бар.
Біресе жасауы мол қызыл –жасыл қыз-келіншек түрінде , біресе сарыала киімді, шалқыған сері түрінде,біресе ақ шапанды ашушақ шал түрінде суреттелген сиқыр сахара [33,33].
Келіншек, сері, сахара ұғымдары ұлтымызға тікелей қатысты.
Ол кетсе «ел жатса да елекем жатпайды»деген сәбилік жұмбақ-мәтел есіне түскенде өз халқына өзі күліп те алды [33,34] – осы үзіндідегі мәтел халық ауыз әдебиетінің көшпелі мотивін, үзілмес дәстүрін еске салады.
Кіндігі бір кісідей ажыраспайтын[33,45], қанатты сөзді күзеп астарлы сөзден үркіп, масаның тұмсығы өтпейтін етіп, бетінде жыланкөз май жүзген [33, 49], әсіресе, көкпар салымның, қарға тамырлы қазақтың, тұнжыраған тыныштық – аталмыш сөздер «Ақ бозат» романында ұтымды қолданылып көкпар, күзеу сөздері арқылы қазақ халқын таныта алғанына күмәнданбаймыз.
Құбыла жақтан шаңғытып, қора –қора қойлар құлап келеді.Бұл да бұрыннан таныс көрініс.Тек, ылдида дыр-дыр етіп, діріл қағып,түтін саңғып бара жатқан трактор ғана бұрын бұл атыраптың түсіне кірмеген нәрсе [33, 54], елпеңдеген, қаздаңдаған, құнжыңдаған, бүгжеңдеген, шойралаңдаған жүрістерде [33, 55] – өзге ұлттың ешбірінде қазақ халқындай сөздің синонимдік қатары, сөз образдылығы жоқ шығар.
Ботасынан айырылған кәрі нардай зарлап отырған кемпірге «ойбауырымсыз!» қайтіп кіремін? – деп Жамаш қипақтап, аяқ баспай тұрды [33, 56] – адам өмірден озғанда ойбауырымдап келу халқымыздың белгілі дәстүрі, қаламгер қазақ танымын бір сөйлемге сыйғыза алған.
Енді, Шірекең айтқан дәптерлерді қолқалап, жабыса бастады. Орал: « Біздікі баяғының бәлдір–батпағы ғой» деп, қашқақтады [33, 58],
Елеусіз біреудің қалың альбомы әлдеқалай қолға түсіп, іші толған суреттерін қапылыста шашып алғандай болды. Шегіне жетпесе де, шеттігіне ілінбек боп, ретсіз жазуларды ынтыға оқи берді [33, 58],
Мүсірәлінің үйі отырған тұсқа келгенде бұрылып, жалғыз аяқ жолмен қайқайып күнгейге қарап тартты[33, 62], Мынау далада, теріскейдің қоңыр кешінде «Серпердің» қос қоңыраулы қоңыр үні қалай шығар еді? «Сарыжайлаудың» шалқыған арман назы түздіктердің көңіл хошын қаншалықты қозғап, туысқан табиғатпен қалайша жарастық табар еді? Елеусіз құндағымен даяр тұрған шешен домбырасын ала шықпағанына өкінді... қонақ кәде есебінде әңгіме соғатын болды[33, 63].
Қонақ кәде – дәстүрдің ажырамас бөлігі, ал күйшілік дәстүр болса – қазақ өнерінің биік шыңы.
Сарыарқаның білімдар, бауырмал баласы тұңғыш душар болған теріскейліктердің жоғын жоқтап жырын жырлаймын деп, жел қақты боп қабарып жүргенінде оның «инеліктей ілмиген форымын», «ботатірсек – босбелбеу жүріс-тұрысын», «сеңгірігін бүрген көзілдірігін» неше саққа жүгіртіп келекеушілер болды [33, 64], Сіздер күлесіздер, ал, біздің өзімізге ешқандай ерсілігі жоқ. Баламыздың есімін ұйқастырмай қойсақ адасып кететіндей көреміз. Және біздің қара қазақта үрдіс, ырым деген болады. Туманың атын ұйпалақтап қоя салса, көзден-тілден аулақ болады деп сенеді. Біздің әулеттен есімі келісті бір-ақ адам шықты. Ол – Гүлнаш [33,67 ], көктем кешінің өз салты бар: жазды аңсаған жалпақ ел жайлауға жеткенше асығады. Алға қарай ілгері үмітпен талпынады. Тасымал тасыған кедей-кепшікке шейін қараөзек шақтың қысымына қыңбай, қабырғасы мұздай жабықсынып, қутың қағады [33, 67], кәдімгі «түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз» десетін шақ туып еді [33, 65], Үшкөкшенің онсыз да тесік өкпе боп жатқан қары сылқылдап еріп берсін [33, 65], мінерлік аты, көжеге қатық боларлық ұсақ тұяғы бар. Бірақ көшірмендік көлігі жоқ. Сондықтан жазда ғана киіз үй тігіп, суық түсе тамда қыстап қалатын да [33, 77]. Көже, тұяқ, киіз үй – халық тіршілігінің көрінісі.
Шоңғай лекіте күлмек болып еді. Бірақ кеңкілдеп, жөнді күле алмады. Жарықшағы бар қара қобыздай қиқылдап, тез басылды [33, 81].
Өткен іс қой,несін жасырайын, бораннан жол тауып жүре алмай, шай қайнатым уақытта сүмірейіп қайтып келмесім бар ма [33, 82]
Пешке де жусан салмай, сары майдай сақтаған ағаш кесінділерін салып еді, темір пеш сытырлап, тез қызып, куілдей бастады [33, 83]
Жатақтың иті де үрмейді екен,– деп Асылбек астарлы әзілін қыстырып жіберді [33, 85].
Былай ұзаңқырап, жайпауытқа ілігіп, аттың бүйірі қызар шақта көсілтіп жарысып кетті [33, 92], той қылушы Сәтібектің желеуі – баласының шілдеханадан шығуы болатын. Ал, шындығында, осыдан үш жыл бұрын дүние салған әкесі. Мәтібекке берген асы еді [33, 94],
Тыстан ән тыңдаушылар үйді қапсырмалап, сықырлатып, аударып тастай жаздады. Жапсардан сығалап тұрған кемпір: «Қабырғамызды қаусатар мына шіркіндер!» – деп қиралаңдап шетке шыға берді [33, 98]
Қара құрасы көп топ – іргелі ел, сіргелі тобы. Ортасында – шойындай шотпақ қара – Шоңбай. Азғантай шоғырмен келген Біркімбайлар – шеткерілеп, тауықтың шөжесіндей шүпірлеп, үйме-жүйме [33, 102]
Құйрық, жалын сүзіп тастаған жүйріктер жұтынып, екі иінін жұлып жеп, арқанда тұрмай ауыздық шайнап, арпалысып бара жатты. Мәрелі жерге жеткізбей, арқан қиып, қашып кете ме деп хауіп илеп, қыпылдаған даяшылар еңкейген баланы көрсе қамшымен шыпыртып өтеді [33,102], Жайлауда шалқып жатқан малы жоқ, жұтқаны жұмырына жұқ болмаған жатақтар барымта-сарымтадан қорықпай, жанжал десе тіленіп тұрушы еді [33, 107].
Қыз беріп, қыз алысып, араларына жорға қатынамаса да, дорба қатынап, қыстық қорегін ажыратып отырған егінші жатақтарға көшпенді тайпаның кедей кембағалы сойыл сілтемейтін болып шықты [33, 107].
Тәңір берген мол дәулеттің шетінен кертіп жей берсін [33, 109].
Біркімбай дағдарды. Тырнақтап жинаған ақшасын жоғалтқан адамдай , іші әлем-жәлем боп ұлыды [33, 112].
Шаңқобыз үні аспаптан шықпайды, адам көкірегінің пернесінен шығады. Шаңқобыз тілін саусақ басып, тіл қайырады. Құмыр бұлбұлдың күйсандығындай құйттай аспап талайларды іштей таныстырып, жүрек қылымен жалғастырған [33, 114], қоңыр сазды көңіл күйін саусағынан сорғалатып төге бастады [33, 115], бастаңғы сырды бала жаяды. Қараш тапырықтап үйге кіре берді де, Біркімбайдың сөзін бұтып-шатып айтып шықты [33, 117].
Шәйкүл қожайынына қарады. Қожайыны сыр жармай, сызданып отыра берді. Бірақ байының ішіндегісін қабағынан бағып үйренген бәйбіше өзіне ерік беріп отырғанын түсініп, еркіндей түсті [33, 123], Самайға ақ кірген соң ақылға айла қосылушы еді. Гүлнәш құр әкіреңге көнбейтін әйел. Бұл атырапқа таныс ертегі-аңыздың бірі – «Боз інген». Сондықтан күй сарыны түсінікті сияқтанады. Шалғайда бота боздай ма, қыз сыңси ма, қалай? Күй ырғағы талмаурап жіңішкеріп, діріл қағып тұрды да, қайтадан бел алып, қоңыр сарынға көшті. Күйдің серіппесі сол теңселуде тұрғандай, күйшінің шерлі саусақтары домбыра емшегін шымшылай тартып, жебей толғап, екі шекті еңірете безілдетіп, дәмді ызыңдарды сары қымыздай сапыра бастады. Жұрт құбылмалы күй тамырын тауып ұстағандай, құлақпен де, жүрекпен де құлай тыңдап қалған [33, 130].
Шоңбайдың түсі қазанның күйесіндей қарайып, тұлданып кетті [33,138] , ыза, намыс буған Асылбек безгектей қалшылдап, селкілін баса алмай, отауына келгенде, Гүлнаш қағанағы қарық, сағанағы сарық адамдай, Құтжолға біртіндеп бауырсақ шашып, ермек қып ойнап тұрғанын көрді [33,138]. Гүлнаш қиналған сайын қамкөңіл ата-анасы тамырын құрт үңгіген теректей теңселеді. Бұл теректің жапырақтары әлдеқашан ұшып, баурында жарыса өскен жалғыз шынары қалып еді. Сол шынардан айрылса, ендігі медеу тұтары, дәме етері кім болмақ? Бір атаның орны омсырайып, ізсіз қалмақ па? [33,142]. Қатқан мейіздей семіп қалған әйел көктемеде аққа аузы тигесін қайтадан толыса бастады [33,143].
Осындай арпалыспен Орал Есболов бірнеше минут үнсіз отырды. Ақырында сабыр сабасына түсіп, ашуды айла жеңді[33,151].
Біркімбай ырғай қамшысын саптама етігінің қонышына тығып, шілденің ыстық күнінде көнетоз сусары бөркін басына киіп шығып еді [33,155].
Сенімді көлік – ат болып тұр. Білгірлер: «Ат – ердің қанаты» деген [33,158].
Жақсы жағы дегенде, көбінесе табиғатпен аралас – адамды байытатынын, әсерін ұлғайтып, сезімін тереңдететінін айтады. Таза ауада дару өсімдіктің иісін жұтып, су орнына сүт ішіп өскен қыр қазақтарының абзалдығына, көңілділігіне, қонақжайлығына, жомарттығына қызыға, құмарта қарайды екен. Байқап отырсаң, қазақтың қоғам қайраткерлері, оқымыстылары, өнерпаздары, жазушылары шаһардан шықпай, сайын сахарадан шыққан [33,158 ].
Нұрша терісіне сыймай тасыды. Ақбоздың ұрпағы қолтығын сөгіп, құлашын жаза алмай арманда қалды, – деп өкінді [33,160].
Оралды бас қып, «мейман балаларды» аулына шақырып кетті. «Қайын жұртымды көріп келемін» деп, Шіркімбай да ілесетін болды... Ал Шіркімбай болса, ауызекі ермектің адамы. Көмекейі бүлкілдеп, жоқтан кеңес туғыза береді [33,162].
Нұрша – уызында жарымаған жатақ еді. Енді етек-жеңі далиып, сәлемімізді әрең алады. Беті шиқандай, шекесі торсықтай. Кәдімгі манакөкектің өзі боп алған [33,163]. Біз – қарға тамырлы қазақпыз. Қаз-қатар сыңсып жатған ақ дамбал-көк дамбал ел едік. Кәрі еменнің тамырындай айқасқан адамдарды аяқ басқан сайын ұшырата бересіз [33,163].
Қымыздан кісінің кәдімгідей қызатынын Елеусіз осы жолы ғана аңғарды. Сал-сал болған денесіне қызу күш пайда болып, ішкі сарайы шайдай ашылып, беті нарттай жанып барады [33,165].
Дәрі қымыз деп Жамбыл атамыз жырлайтындай ұлттық сусын қымызды жазушы шығармаларында көп атайды.
Мырзаштың отбасы тым жұпыны екен. Асыл бұйымы алаша. Көрпелері шыт пен бөз. Қиюы қашқан ағаш кереует «баяғының куәсімін» деп тұр [33,170 ]. Алғашқы танысқан жылқышысы туралы очерктің жазылмай қалатынына өкінді. Бірақ өз қолыңды өзің кесу жоқ қой [33,170 ], тонның ішкі бауындай жақын тартқан Қараштың өзімен Елеусіз жиі-жиі кикілжің келіп қап жүрген жоқ па [33,171]? Ақындықтан дәмелі екенін айтады. Оны Елеусіз білмей ме екен? Біледі! Білген сайын жүрегіне бауырмалдықтың балы құйылмай, қастандықтың мұзы қатқандай болады [33,174 ].
Өмір бойы махаббатты армандап, қолы жаңа жеткен жа жары мен екі арасына айықпас күдік, бітпес бүлік салғанына өкінді. «Көкжалдың жүрегін бекер-ақ жараладым-ау!» деді [33,177 ].
Бүкіл бір халықтың елдігін талай рет сақтап қалған қарапайым кәрі діңгек – маған сондайлық қалтарысты қалыптарымен, қасиетті мазмұнымен ыстық. Бұл таудың әрбір тасында санасызды ойландырарлық , саналыны толғандырарлық шежіре бар. Әр буынның тағдырына, намысына ортақ шебер шежіре әрқашан отаншылдыққа, бауырмалдыққа меңзейді. Бетпақтың меңіреу даласында жамбасы жерге тиген әке, шешемнің жүрегі Қаратауда, үміті Қаратауда, келешегі Қаратауда деуім сондықтан еді... [33,181 ].
Елеусіз осылайша кесіле, шешіле сөйлеп кетті. Берідегінің басын шалып жүрген ойы тайыздардың маңдайынан қамшымен тартып-тартып өткендей болды [33, 183].
Гүлнаш апай құрт пен ірімшікке толған кенеп қоржынды қызының астына салып жатып салып жатып: – Еркежанға сәлем де. Күзге таман Шолпанмен бірге өзім де барып қалармын, – дейді [33,185 ],
Ол поэзияға қарай талпынады. Қиырға қанат сермеп, биікке ұшқысы келеді. Қараш екеуінің тағдыр түйістіретін кезеңі жетсе де, екі жарты , бір бүтін бола алмай жүргеніне түсінбейтінін айтқан [33,195 ].
Біркімбайлар қоян-көжекке қарайламай, әлі мал тұяғы баспаған қиырға тартып келе жатыр. Аулағаны түлкі. Ішінара қасқырдан да дәмелері бар. Әсіресе, тоғынан жараған көкқасқаның төрт аяқтыны құтқармайтынын білетін Біркімбай оған әдейі Елеусізді мінгізіп, сыйлы баланы әрі сынағысы, әрі қызықты қызығына батырғысы келеді [33,197 ] – аңшылық-саятшылық дәстүр қазақ халқының ежелгі дәстүр-жоралғысы.
Кімді болса да сатып кететін сұрқиямен, құлқынның құныс құлымен пәлен жыл жолдас боп, дос тұтқан Елеусіз өзінің барлық қателігін енді ғана ұғынғандай болды [33,211 ].
Шынардың уәделі мерзімде келмей қалуы да қамшы болды. Шынар хатында қырық құбылып, жетпіс түрлі желеу айтқан [33,211 ].
Достарыңызбен бөлісу: |