Тәкен әлімқҰлов шығармаларындағЫ Ұлттық психологизм



бет10/12
Дата08.11.2023
өлшемі153.56 Kb.
#482645
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Тәкен

«Бітер істің басына, жақсы келсін қасына» демекші өзіңізге үміт артып отырмыз. Сый-сияпаты менің мойнымда [33, 110], Шоңбай алда-жалда ат құйрығын кесісемін, ала жіпті үзісемін десе, зауал өзіне. Өткен дүние-мүлкін Біркімбай қайыруға әзір [33, 112], Шоқаңа сәлем де. Ашудың пышағын сермемей,ақылдың таяғын жонсын. Бір қыс шыдасын. Біз де қапы қалмай, жалғыз баламызды құтты жеріне ырғап-жырғап қондырайық [33, 112], «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өлер, ақыр заман болғанша мен сендікпін» деп серт байласыпты деген қауесет жалпақ елге тарап кеткен. Осы қауесеттен хауіп илеген Біркімбай ұстараның жүзіндей қылпылдап тұрған қыз айнып қалмай тұрғанда абыра-дабырасыз жөнелтпек болған еді [33, 113] , жер аяғы босамаған қысылшаң шақ. Сондықтан әншейіндегі желөкпе Дариға да «Жетім қыздың тойындай етіп өткізе алмаймын» деп тулай қалды, енді жау жағадан, бөрі етектен тартар қысылшаң кезеңде қайрат өзінен болмаса, өзгеден дәрмен жоқ [33, 120], «Жас-жастың тілегі бір, жібектің түйіні бір» деп келетін жаттанды әзілге елтіп, басы айналып қалатын әйелден береке тапса, Асылбектің мүйізі қарағайдай болар еді [33,130].
Жігітке жігіт жолдас, ер мойнында қыл арқан шірімес.Мұндайға құлағы үйренген Асылбек елемейін десе де, «шөптің басы жел тұрмаса қимылдамайтынын» біледі [33,134 ], былтырдан бері қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған тыныштықтың шырқы бұзылып барады. Ең алдымен, көшпелі елде өкілдер қаптап кететін болды [33,135].
«Жау жоқ деме жар астында, бөрі жоқ деме бөрік астында» бұрынғылар бекер айтпаған [33,135], «Шоңбай Ыбырайға қайрылды: – Әншейінде ауыз жаппас, той келгенде бірін таппас» демекші, неге мөлиіп тұрсың? [33,137 ], Нұрша «көпті көрген, көнектен өткен» дегендейін, талай жерді шарлаған тарлан болып шықты [33,167 ], « – Бәрекелде, ер-жігіт осылай қарбытар болар! «Досыңның асын дұспанша же» деген. Мына бала сияқты бірішек боп қалмай, бұла өсіпсің. Тағы да бір алып жібер [33,169], Елеусіз келіншектің бетіне қарай алмады. Көзімен жер шұқып, пұшайман болды. Қазақтың «қысылғанды қымыз шығарады» деген мақалы есіне түседі... жігері құм боп, іштен тынып, дағдаруда [33,169 ], «Бажа бажаны көрсе басы қышиды» деген, – деп әзілге жеңдіріп күліп алды да, Шынармен арасында болған шырғалаңдарға талай жерге дейін таратып айтып кетті... Шынар – бабын тауып ұстаған адамның бақыт құсы боларлық қыз [33,178 ], «Құланның қасуына мылтықтың басуы» демекші... «түсі игіден түңілме» деген еді... ұшырар үйрегіміз, қондырар қазымыз да осы екі қыз еді... [33,185 ], Қазақта «жақсының артынан сөз ереді» деген де мақал бар емес пе [33,166].
Теңеу – адамның рухани дүниесінің аса қуатты көріністерінің бірі. Ең алдымен ол ең пәрменді ойлау формаларының қатарына жатады. Ойлаудың басқа түрлерінің барлығы да (ұғым, па йымдау, ой қорытындылары) тек теңеу арқылы ғана, теңеудің тікелей қатысуы нәтижесінде ғана жүзеге асады. Мәселен, Қобыланды арыстандай ақырды десек, осы сөйлемдегі(байымдаудағы, теңеудегі) Қобыланды – жаңадан танылуға тиісті зат немесе сипатталушы ұғым, арыстандайбұрыннан танымал зат, ақырды – екеуіне ортақ белгі, қасиет. Осы үшеуінің қарым-қатынасы нәтижесінде пайда болған жаңа ұғымды логикада теңеу деп атайды. Демек, теңеудің көмегімен ақын-жазушылар өзін қоршаған әлемді танып біледі: заттар мен құбылыстардың арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарды айқындайды, олардың өзара ұқсас және айырым қасиеттеріне үңіледі.
Тәкен Әлімқұлов шығармашылығында теңеу сөздер қазақ халқы деген ұғыммен астасып жатыр. Тек қазақ халқының танымында ғана бар ұғымдармен тамаша теңеу сөздер, образдар жасалған.
Түймедей төмпешіктер, жансыз бағандай қалшиып [33,13], ақ табаны күректей [33,19], сонарға аунаған түлкідей, Шынардың реңі мүлдем құлпырып кетіпті.Назы мол қой көзі сондайлық бір пәктікпен қарайды. Бұрымынан мойнына сорғалаған тамшылар да табиғаттың таққан алқасындай сән беріп тұр [33,24].
Елеусіздің құж-құж қайнаған шаhардан қасқалдақтың қанындай іздеп тапқаны [33,24], қорушысы мен торушысындай, әуенін бұлбұлша құйқылжытады, құлағының құршы [33,25], алақаны қайыспен ысқандай, жанып бара жатыр, тек, қанжардай өткір көзі жуаси жаутаңдап [33,38], ляззатты жаздың сағынышындай сарғайған жапырақтар [33,40], Елеусіздің беті қызылшырайыланып, аяз шалғандай құлпырып, өрт жігітке айналған еді [33,40], Елеусізден шығарып салмақ боп қалбақтайды. Шынар жас баланы жұбатқандай, салалы саусағымен арқасынан қағып [33,42] құлағы босаған қобыздай қиқылдап,Шымшып тіккен қаптай тырсиып , Соғыста хабар-ошарсыз кеткен баласының бір қаралық құранды ері болады екен. Кемпір бейбақ көзінің қарашығындай сақтап жүреді екен [33, 58].
Бұрын Қаракөл,Жылбұлақ дейтін екі болыс ел мекен еткен жер еді бұл,-деді Шіркімбай . – Екі болыстан үлкенді –кішілі тоғыз артель құралғанды. Қазір шілдің боғындай бытырап кеткен шағында көріп отырсыздар ғой [33, 58], инемен құдық қазғандай, өмір –жасым өксіп, босқа әуреленім бе деп қорқады. Дүниеде өз басыңнан кешірмеген нәрсеге қалам ұрудан қиын не бар?
Шәйкүл бәйбішенің сары мейіздей сақтаған жал-жаясы желініп болған соң айқындала бастады [33, 77], тоқпақтай қара балғамен отқа балқыған қызыл темірді гүрсілдетіп соғып жатыр [33, 82], қатындардың лаулаған сөзі су сепкен өрттей басылды. Бұлтарып, құтылып кете бердім. Қолым мен тісім тиген жерін шиедей қылдым шіркіндердің [33, 91], соңғы атты алыстан барлаған, басында қырым ет жоқ сияқты, аяғы ботаның тірсегіндей бұралып жатыр [33, 93] Сөйлегенде, күлгенде үстін болмашы қоңыр түк басқан бояусыз ерні көңіл күйінің қақпағындай ашылып-жабылып, аршыған жүгерідей аппақ тістерін көрсетеді [33,148, ].
Мінбердің алдында иін тіресіп тұрған қалың көпшілік арқауы сетінеген өрмектей сөгіле ыдырап, әрлі-берлі жүріс, қыбыр-жыбыр көбейіп, мәжілістің шырқы бұзыла бастады... [33,154], Елеусіздің күдіктері сырқат баланың сандырақтауындай боп жүрмесін [33,166],
Сары келіншек қонағының көңіл күйін қаршығадай қырағылықпен танып отырған сияқты [33,167].






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет