Тәкен әлімқҰлов шығармаларындағЫ Ұлттық психологизм



бет11/12
Дата08.11.2023
өлшемі153.56 Kb.
#482645
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Тәкен

Қорытынды


Т. Әлімқұловтың шығармашылығы қазақ әдебиеті көлемінде, қазақ прозасы көтерілген көркемдік арнасында сирек, дара құбылыс ретінде бағаланғаны белгілі. Әдебиеттану ғылымында Т.Әлімқұлов творчествосының бұлайша өте жоғары бағалануы, ең алдымен, оның жаңашыл сипатына байланысты. Т.Әлімқұловтың жаңашылдығы шектеулі шеңбердегі құбылыс емес, М.Әуезовтен бергі кезеңдегі қазақ прозасы көлеміндегі айтулы жетістік. Тәкен – қазіргі қазақ әдебиетінде өзгеше құбылыс... өзгелерге ұқсай бермейтін, тіл, стиль, тәсіл, жанр өзгешелігімен, өзінше үн-әуенімен нәзік тереңдіктен табылар мұндай сезімтал суреткер, қайталап айтамыз, сирек құбылыс. Тәкенді екінің бірі деп те, егіздің сыңары деп те айта алмайсың. Өйткені, қазақ әдебиетінде оған ұқсайтын екінші бір жазушы жоқ» [6,251], – деген пікір бұл ойымызды нақтылай түседі.
Т.Әлімқұлов өз шығармаларында суреткерлік шеберліктің асыл, қайталанбас үлгілерін жасады, адамзат ғасырлар бойында өмірге әкелген, ұрпақтан ұрпақ жалғастырған рухани-көркемдік мұралардың қатарына өзінің қайталанбас шығармаларын қосты. Бұл жолда Т.Әлімқұловке тән бірнеше суреткерлік қасиет, қаламгерлік қолтаңба дара көрінді. Халық, адам өмірін, коғамдағы тарихи мәні жоғары құбылыстарды суреттеудегі, халықтың дәстүрлі мәдениетін игерудегі эпикалық кең құлаштылық, нәзік әрі терең психологизм Т.Әлімқұлов шығармашылығына тән басты ерекшеліктер қатарына жатады. Кейінгі толқыннан дара шауып, шеберлік танытқан Т.Әлімқұлов – өзіне дейінгі және өзі тұсындағы осы дәстүрден үлгі алып, өзі де ұлты ұсынған жазушылардын бірі.
Т.Әлімқұлов ұлтымыздың дәстүрлі мәдениетін, халқымыздың қасиетті әдебиетін, киелі өнерін ерекше қадірлеген қаламгер. Осы ұлттық өнерге бар ғұмырын арнап, көзі жұмылғанша осы өнерге ғашық болған жанның бірі. Халықтың дәстүрлі өнерін жанына балап, жүрек сырындай аялап, ардақтап өмір кешкен, өзінің тұтас қаламгерлік тағдырын, ана сүтімен бойына дарыған күллі талант-дарынын, күш қуатын осы өнер жолына арнаған адам. Сондықтан да жазушының шығармашылық мұрасынын ең бір айшықты, айта қаларлықтай сазды, сұлу, салмақты үлесі өнер тақырыбының еншісінде.
Дәстүрлі өнердің ішінен Тәкен, қаламгер ретінде, әсіресе күй, күйшілік тақырыбына жиі-жиі ат басын тіреп, осы арнада терең, тартымды туындыларын дүниеге әкелді. Жалпы, Т.Әлімқұловтың жазушылық өмірбаяны, қаламгерлік тағдыры туралы әңгіме тиегін ағытқанда, міндетті түрде қазақ өнерінің тарихы, сол өнерді ықылым заманнан бері қарай жасап келе жатқан тарихи тұлғалар -өнер адамдарының тағдыры алдыңнан шығады.
Жазушы шығармаларынан, өнер мұраттарына адалдық, асыл сөзге құрмет, құштарлық айқын аңғарылады.
Диплом жұмысында:
- әдебиеттану ғылымындағы психологизм ұғымына сипаттама берілді;
- ұлттық психологизм ұғымы қарастырылып, басты белгілері айқындалды;
-Т. Әлімқұлов шығармашылығына шолу жасалып, тұлпарлар, өнер тақырыбындағы туындыларға талдау жасалынды;
-«Ақбоз ат» романындағы, «Күржік», «Қара жаяу» повестеріндегі ұлттық мінезді танытанын тұрақты тіркестер, теңеу сөздер, мақал-мәтелдер, ұлттық дәстүрді сипаттайтын ұғымдар мен сөз образдары талданды.
Жұмыстың нысаны ретінде Т.Әлімқұловтың жарық көрген туындылары мен ол туралы жазылған әдеби-сын еңбектері негіз етілді.
Қорыта келгенде, Т. Әлімқұлов өмірден өрбіген шындықтарды көңіл көрігінде қорытып, жүректен қозғап, шынайы жеткізеді.
Ұлт мінезін, ұлт танымын таныту мақсатында Тәкен Әлімқұлов қаламы бір дамылдамаған. Өз ұлтының жан дүниесін таныту үшін ұлт перзенті ретінде көп еңбек сіңірген деп батыл айта аламыз.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет