Теориялық ЖӘне симуляциялық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулық



бет10/11
Дата13.05.2023
өлшемі122.63 Kb.
#473656
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жұқпалы аурулар (1)

Жұмыстың мақсаты:Қызылша кезінде дұрыс алғашқы көмек көрсету тәсілдерін , өмірге маңызды ағзалар мен жүйелердің қызметін тексеру әдістерін үйрету
Қажетті құрал-жабдықтар: Тонометр, пульсоксиметрия, фонендоскоп, ЭКГ, дәрі-дәрмектер
Жұмыстың мазмұны:Интоксикациямен, тыныс алу жолдарының қабынуымен, дақты папулезді бөртпемен сипатталатын жедел вирусты ауру. Инкубациялық кезеңі 7-13 күн.
Клиникасында аурудың 3 кезеңін ажыратамыз.
Ікезең. Продромальді 3-5 күн.
2кезең. Бөртпе
Зкезең. Дақтану 2 аптаға дейін.
Жұмыстың орындалу реті:
- құрғақ жөтел кезінде-либексин 0.05-0.1г тағайындалады. Гипертермия кезінде-анальгин, димедрол ерітінділері. Вит С тобы 100-300мг. Аурудың ауыр түрінде, әсіресе асқынулар қосылған кезде ауруханаға жатқызамыз.
Қорытынды:Білім алушылар пациентке алғашқы көмек көрсету шараларын үйренді. Қызылша кезіндегі дұрыс алгоритм жүргізу ретін меңгерді.
Симуляциялық сабақ №7
Жұмыстың атауы:Желшешек
Жұмыстың мақсаты:Желшешек кезінде дұрыс алғашқы көмек көрсету тәсілдерін , өмірге маңызды ағзалар мен жүйелердің қызметін тексеру әдістерін үйрету
Қажетті құрал-жабдықтар: Тонометр, пульсоксиметрия, фонендоскоп, ЭКГ, дәрі-дәрмектер
Жұмыстың мазмұны:Инкубациялық кезеңі 11-12 күн.
Продромальді кезеңінде: әлсіздік, тәбетінің төмендеуі байқалады, ал сәби жастағы балалардың нәжісі сұйылуы мүмкін.. Осы кезеңде баланың бүкіл денесінде бөртпе пайда болады Ол алдымен дақ түрінде болса, сонан соң ішінде сұйықтық жиналған везикулаларға айналады. Ары қарай қабыршыктанып, іс-түссіз жоғалып кетеді. Бөрту кезеңі 5-7 күн
Жұмыстың орындалу реті:гипертермиялық синдромды басу. Санитарлық-эпидемиологиялық режим сақтау, бөртпе елементтерін калий перманганаты ертіндісімен, 1% бриллиянтты көк спирт ертіндісімен өңдеу керек.
Ауыр түрлерінде, ішкі мүшелерінің зақымдануларында, асқынулар кезінде ауруханаға жатқызылады.
Қорытынды: Білім алушылар пациентке алғашқы көмек көрсету шараларын үйренді. Желшешек кезіндегі дұрыс алгоритм жүргізу ретін меңгерді.
Симуляциялық сабақ №8
Жұмыстың атауы:Скарлатина
Жұмыстың мақсаты:Скарлатина кезінде дұрыс алғашқы көмек көрсету тәсілдерін , өмірге маңызды ағзалар мен жүйелердің қызметін тексеру әдістерін үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар: Тонометр, пульсоксиметрия, фонендоскоп, ЭКГ, дәрі-дәрмектер
Жұмыстың мазмұны:Скарлатина - бұл интоксикация белгілерімен, ангинамен, майда дақты бөртпелермен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.
Инкубациялык кезеңі 3-4 күн.
Сырқат аурудың дене кызуының 39-40 С жоғарылап, жедел басталады.
Аурудың алғашкы 1-2 тәулігінде қызғылт ұсақ нүктелі бөртпелер пайда болады, олар көбінде кеудеде, іште, қолдардың ішкі бетінде орналасады.
Мұрын және иек асты, бөртпеден таза болады, тамағы қызарады. Ангина, мойын лимфа түйіндері ұлғаяды. Тілі сарғыш ақ, қабындымен жабылған. 3-ші күннен бастап тазалана бастайды, малина тәрізді қызарады. 2-ші аптада терісі түлейді.
Жұмыстың орындалу реті: Гипертермиялык синдромды басу. Ал токсикалық түрінде-глюкокортикостероидтар енгізу (преднизолон 2-Змг/кг салмағына). Тек ауыр және аскынған түрлерінде ауруханаға жаткызамыз.
Қорытынды: Білім алушылар пациентке алғашқы көмек көрсету шараларын үйренді. Скарлатина кезіндегі дұрыс алгоритм жүргізу ретін меңгерді.
Симуляциялық сабақ №9
Жұмыстың атауы:Күл ауруы
Жұмыстың мақсаты:Күл ауруы кезінде дұрыс алғашқы көмек көрсету тәсілдерін , өмірге маңызды ағзалар мен жүйелердің қызметін тексеру әдістерін үйрету
Қажетті құрал-жабдықтар: Тонометр, пульсоксиметрия, фонендоскоп, ЭКГ, дәрі-дәрмектер
Жұмыстың мазмұны:Трахеобронхиалды бұтақтың толық зақымдалуымен жүретін ауру.
Жоғарғы тыныс жолдарын зақымдайды, асфикция тудырады.
Жұмыстың орындалу реті: Арнайы емі - сарысумен емдеу
Жұтқыншақ дифтериясының алғашқы 2 күн ішінде:
Катаралды түрінде - 10 000 ХБ.
Жергілікті түрінде - 20 000 ХБ.
Таралған түрінде - 30 000 ХБ.
Субтоксикалық түрінде - 40 000 ХБ.
Гипертоксикалық түрінде.
І- дәрежесінде – 60 000 ХБ
ІІ - дәрежесінде – 80 000 ХБ
ІІІ - дәрежесінде – 100 000 ХБ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет