Сабақтың мақсаты: Студенттер «инфекция», «инфекциялық үрдіс» ұғымдарының анықтамасын, инфекциялық аурулардың даму кезеңдерін; іш қуысының зақымдануымен жүретін инфекциялық аурулардың этиологиясын, патогенезін, клиникасын, емдеу және алдын алу шараларын меңгеру.
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.
ә) Үй тапсырмасын сұрау
б) Жаңа сабақты түсіндіру
Жұқпалы аурулардың таралуын алдын алу үшін науқастар оңашаланады. Жұқпалы науқастардың оңашалануы 2 түрде өткізіледі: үй жағдайында және жұқпалы ауруханаға жатқызу. Науқасты жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу инфекция көзін толығымен шектейді. Науқастар ауруханаға клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жатқызылады. Клиникалық көрсеткіштер бойынша ауруханаға аурудың орташа ауырлық, ауыр түрлерімен ауырған науқастар, ал эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша аурудың ауырлығына қарамай аса қауіпті инфекцияларға күмәнданған кезде, үй жағдайында оқшалауға мүмкіндік болмағанда, және жатақханада, интернатта, казармада тұратын адамдар жатқызылады.
Басқа ауруханалармен салыстырғанда жұқпалы аурухананың бірнеше ерекшеліктері бар. Оның құрылымы мен жұмыс тәртібі инфекция көзін (яғни науқасты) шектеуге; аурухана ішілік зақымдануды алдын алуға және жұқпалы науқастардың еміне бағытталған.
Жұқпалы аурухананың негізгі құрылымдық бөлімдеріне бокстелген бөлімшелер, науқастарды қабылдау бөлімшесі, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі, хирургиялық, рентгенологиялық бөлімшелер, зертхана, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімше, асхана, залалсыздандыру камерасы, орталық стерилизация бөлімшесі, патологоанотомиялық бөлімше жатады.
Жұқпалы аурухана жұмысының негізгі принципі ағынды-өткізбелі жүйе болып табылады, яғни науқас ауруханаларда басқа жұқпалы аурулармен ауырған науқсатармен қатыспайды. Санитарлық көлiкпен жеткiзiлген науқастар қабылдау бөлiмшесiнiң бөлек бокстарында қабылданады. Жұқпалы науқасты жеткiзген автокөлiк дезинфекцияланады. Бокстардың iшке кiру және сыртқа шығу есiктерi бөлек. Сыртқы есiк арқылы науқас боксқа кiрiп, дәрiгердiң тексеруiнен және санитарлық өңдеуден кейiн шығады. Медициналық қызметкерлер боксқа iшкi есiк арқылы кiредi. Әрбiр науқастан кейiн бокста дезинфекция жүргiзiлуi керек.
Қабылдау бөлiмшесiнен науқас басқа науқастармен қатыспай, арнайы бөлiмшеге жеткiзiледi. Бөлiмшелерге науқсатар нозология бойынша жатқызылады.
Егер науқас ауа – тамшылы жолмен жұғатын аурумен ауырса, немесе осындай ауруға күдiк болса, оны боксталған бөлiмшеге жатқызады. Боксталған бөлiмшеге аса қауiптi карантиндiк аурулармен ауырған науқастар жатқызылады. Олар боксқа қабылдау бөлiмшесiнен тыс жеткiзiледi.
Бокстың құрамына науқас жататын бөлме, дәретхана, шомылатын бөлме, сыртқы кiреберiс (предбоксник) және iшкi кiреберiс кiредi. Iшкi кiреберiс арқылы медицина қызметкерлерi кiрiп шығады, тағам жеткiзiледi. Бұл жерде қолжуғыш және қызметкерлердiң халаты орналасады. Сыртқы кiреберiс арқылы науқас боксқа кiргiзiледi және емделген соң шығарылады. Бұндай бокс толық немесе Мельцер (1990 жылы жұқпалы аурухана проектiн ұсынған орыс инженерi Э.Мельцер атымен) боксы деп аталды. Жартылай бокстың құрылысы ұқсас, бiрақ оның сыртқы кiреберiсi жоқ. Оңашалауды қажет етпейтiн науқасты палаталық бөлiмшеге жатқызады. Бұндай бөлiмшелер құрылысына палаталар, бiрнеше изоляторлар (оңашалау бөлмелерi) және қосымша бөлмелер (асхана, санитарлық бөлме, дәретхана т.б) кiредi. Әртүрлi емдiк және диагностикалық процедураларға арнайы бөлмелер бөлiнедi (мысалы егу бөлмесi).
Диагнозы анықталмаған науқастар (ауа–тамшылы инфекциядан басқа) диагностикалық (сараптау) бөлiмшесiне жатқызылады. Диагноз анықталған соң науқас профилдi бөлiмшеге ауыстырылады. Бөлiмшеге жаңа түскен науқастар сауығып жатқан науқастармен және асқынулары бар науқастармен бiрге жатқызылмайды. Мүмкiндiк бойынша палаталарды бiр уақытта толтырып, сол науқастарды бiр уақытта шығарады. Жұқпалы науқастардың ауруханада жату ұзақтығы екi фактормен бөдiнедi: науқастың клиникалық сауығу дәрежесiмен және жұғу кезеңiнiң аяқталуымен.
Бөлiмшедегi санитарлық – гигиеналық тәртiпке палаталарда, бокстарда және басқа бөлмелердi тазалау; дезинфекция және дезинсекция; науқастарды шомылдырып, киiмiн ауыстыру; науқастардың және қызметкерлердiң жеке гигиена ережелерiн сақтау жатады. Науқасты күту заттары (судно, грелка, горшок т.б) жеке болуы тиiс, немесе олар дезинфектанттармен залалсыздандыруы қажет.
Насқастарға екi деңгейде көмек көрсетiледi. Мейiрбикелер емдiк манипуляция-ларды, ауыр науқастардың арнайы күтiмiн және тамақтануын қамтамассыз етедi. Санитарлық және кiшi мейiрбикелер бөлмелердi тазалайды, судно берiп алады, төсек төсейдi т.б. Науқастардың туыстары әкелген заттар мен тағамдар арнайы бөлмеде қабылданады. Әкелген заттардың iшiнде науқасқа қарсы көрсетiлген өнiмдер болмауын бақылау керек.
Медицина қызметкерлерi өздерiн заласызданудан сақтау үшiн және қоршаған адамдарға инфекция болмау үшiн бөлiмшенiң санитарлық тәртiбiн және жеке гигиена ерекшелiктерiн сақтауға тиiстi.
Емхананың жұқпалы аурулар кабинетi
Жұқпалы аурулар кабинетi (ЖАК) – емхананың бөлiмi болып табылады. Оның негiзгi мiндетi жұқпалы науқастарды ерте анықтау және емдеу бойынша мамандандырылған кеңестiк жұмысты қамтамассыз ету және ұйымдастыру – әдiстемелiк жұмыс жүргiзедi. ЖАК–ң жұмысы, есептiк құжаттарды жабдықтауы және қызметкерлердiң мiндеттерi бiрнеше нормативтi құжаттармен белгiленген.
Жұқпалы аурулар кабинетінің негiзгi мақсаттары:
Науқастарға емханада және үйде кеңес беру, оларды емдеу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру.
Жұқпалы ауруларды амбулаторлық жағдайда зерттеу және емдеу, оларды ауруханаға жолдау ережелері, ЖАК-тегі диспансерлік бақылауды қажет етпейтін жұқпалы ауру реконвалесценттердің емін жалғастыру бойынша емхана дәрігерлеріне (жалпы тәжірибе дәрігерлеріне) кеңестік көмек көрсету.
Сонымен қатар ЖАК қызметкерлері жұқпалы аурулар реконвалесценттердің және бактериятасымалдаушылардың бақылауын жүргізеді; ауруханадан шыққан науқасқа реабилитация шараларын өткізеді және науқастарды, бактерия немесе паразиттасымалдаушыларды тіркейді. ЖАК жұмысының маңызды бөлігі – жұқпалы ауруларды алдын алу бойынша және бірінші медициналық көмек көрсету бойынша ағарту жұмыстарын жүргізу болып табылады.
ЖАК мейірбикесі дәрігерге мамандандырылған медициналық көмекті көрсетуде атсалысады; зертханалық зерттеуге материал жинайды; емдік тағайындауларды орындайды; науқастың туыстарын күту және эпидемияға қарсы шаралар өткізу ережелеріне үйретеді; ағынды дезинфекция өткізеді.
ЖАК мейірбикесі дәрігер – инфекционисттің басқаруымен жұмыс істейді.
Бақылау сұрақтары:
Жұқпалы аурулардың таралуын алдын алу үшін науқастар қалай оңашаланады?
Жұқпалы аурухананың негізгі құрылымдық бөлімдеріне кіреді?
Емхананың жұқпалы аурулар кабинетi дегеніміз?
Бөлiмшедегi санитарлық – гигиеналық тәртiп дегеніміз?
3.3. Сабақтың тақырыбы: Іш сүзегі. А және В парасүзектері
Достарыңызбен бөлісу: |