Нейротоксикоз жиірек грипп және аденовирусты инфекцияларда кездеседі. Ол 3 жасқа дейінгі нәрестелерде ауыр түрде өтеді. Оның негізгі белгілеріне - неврологиялык бұзылыстармен болатын гемодинамиканың үдемелі нашарлауы жатады. Клиникасы - гипертермия, орталық нерв жүйесі, жүрек- кантамыр жүйесі, тыныс жүйесі және бүйрек қызметінің нашарлауымен байқалады.
Нейротоксикоз ауырлығы бойынша 3 дәрежеге бөлінеді:
I дәрежесінде - наукас есінен танбайды, қимылдары баяу, ұйқысы бұзылған, тырысулар болуы мүмкін, терісі бозарған, акроцианоз және менингит белгілері болуы мүмкін.
II дәрежесінде - жағдайы өте ауыр, дене қызуы үдей түскен, менингит белгілері анық, патологиялық рефлекстер мен тонико-клоникалық тырысулар болады.
III дәрежесінде - кома. Жағдайы өте ауыр, есінен танған, жарыққа және ауыру тітіргендіргіштерге жауап қайтаруы жоқ. Қылилық, көздің шектен тыс қимылдауы (нистагм), менингит белгілері бар.
Жұмыстың орындалу реті:
1. Дене қызуын басу: 50% 2 мл анальгин ерітіндісін ересектерге (балалардың әр жасына 0,1 мл) бұлшықетке енгізу;
2. Тырысу кезінде- 0,5% 2 мл седуксен ерітіндісін (балалардың әр жасына 0,1-0,2 мл); 20% 5 мл натрий оксибутиратын (балалардың салмағына қарай 100-150 мг) бұлшықетке енгізу;
З.Гемодинамиканы қалпына келтіру: токсикоздық 1-ші дәрежесінде балалардың әр жасына 2,4% эуфиллин ерітіндісін 0,1 мл/кг көктамырға енгізу қажет, 0,25% дроперидолды балалардың әр кг салмағына 0,1 мл немесе аминазин, пипольфен көктамырға енгізіледі.
4. Преднизолон 60-80 мг ересектерге, балалардың әрбір кг салмағына 2-3 мг.
5.Токсикоздың 3-ші дәрежесінде балаларға мг/кг/мин немесе симпатомиметиктер (норадреналин, мезатон) енгізіледі. Оттегі терапиясы, оның әсері болмаса ӨЖЖ. Преднизолонды баланың әрбір кг салмағына 3-5 мг, ересектерге 90-120мг енгізіледі.
б.Қышқыл- негіз құрамын және әлектролиттерді қалпына келтіру- калий препараттары, сода, аскорбин қышқылы,кальций. ДВС синдромының алдын алу- дезагреганттар енгізіледі.
Қорытынды:Білім алушылар пациентке алғашқы көмек көрсету шараларын үйренді. Нейротоксикоз кезіндегі дұрыс алгоритм жүргізу ретін меңгерді.
Симуляциялық сабақ №5
Жұмыстың атауы:Менингококк инфекциясы анықталған кезде алғашқы көмек көрсету
Жұмыстың мақсаты:Менингококк инфекциясы анықталған кезде алғашқы көмек көрсету кезінде дұрыс алғашқы көмек көрсету тәсілдерін , өмірге маңызды ағзалар мен жүйелердің қызметін тексеру әдістерін үйрету
Қажетті құрал-жабдықтар: Тонометр, пульсоксиметрия, фонендоскоп, ЭКГ, дәрі-дәрмектер.
Жұмыстың мазмұны:
Менингококцемия - ауру жедел басталады, дене қызуы 39-400С дейін көтеріледі. Аурудың 1-2 күнінде- геморрагиялық бөртпелер, телеангиәктазиялар пайда болады. Менингококцемияның қасқағымды түрінде, жұқпалы-улы шок алғашқы сағатта дамиды, айқын геморрагиялық синдром, ДВС- синдромдар байқалады.
Менингит - кенеттен басталады, дене қызуы жоғарылайды, басы ауырады, кұсу, гиперестезия, жарықтан қорку және менингеальды симптомдар (желке бұлшыкеттерінің тартылуы, Кернинг пен Брудзинский симптомдары) пайда болады. Бір жасқа дейінгі баланың еңбегі керіліп, томпайым шығып тұрады, сонымен катар тырыспалар болуы мүмкін.
Жұмыстың орындалу реті:
- гипертермияны жою;
- Шоктың алдын алу үшін- преднизолонды 2-3 мг/кг баланың салмағына, ересектерге 60-90 мг б/е, к/т енгізу;
- Айқын менингеальды синдромда - лазиксті баланың салмағына 1-2 мг/кг, ересектерге 2,0 мл немесе 25% - 1,0 магний сульфатын баланың әр жасына б/е;
- менингококкцемияда- левомицетин натрий сукцинатын 25мг/кг б/е;
- Менинигитте-пенициллин баланың кг салмағына б/е;
- Қозу, тырысуларда- 0,5 седуксен б/е не к/т;
Жұқпалы аурулар ауруханасының реанимация бөліміне жеткізу;
Қорытынды:
Білім алушылар пациентке алғашқы көмек көрсету шараларын үйренді. Менингококк инфекциясы анықталған кезде алғашқы көмек көрсету алгоритмін жүргізу ретін меңгерді.
Симуляциялық сабақ №6
Жұмыстың атауы: Қызылша
Достарыңызбен бөлісу: |