Жұмыстың орындалу реті:
1.Қолды жылы сумен жуып, спиртпен өңдеп, бір реттік резеңкелі қолғапты киді.
Манипуляциялар жасау кезіндегі науқастың жағдайларын атау: отыру немесе сол жақ қырына жатқызу (егер науқас есінен таңған болса). Науқастың отырған жағдайын демонстрациялау үшін оның басын төмен қаратып және денесін сәл алға еңкейту керек.
2. Тізелерінің арасына шелек қою үшін аяқтарын ашып отыруы керек.Асқазанды жуу үшін науқастың арқасын тығыз қойып, басын алдына сәл еңкейтіп, фартук кигізді. Аяғының арасына шелек немесе шара қою үшін тізелерін ашып отырды. 10 литркөлемде(30-36°С) жылы су дайындап алды.
3. Жұтынатын зондтың ұзындығын өлшегенде: ерін мен құлақтың төменгі ұшына дейін өлшеп, ары қарай іштің үстімен зондтың жоғары тесігі төстің семсер тәрізді өсіндісінде болуы тиіс.
4.Науқас аузын кең ашып, мұрнымен терең дем алады және тілдің түбінің астына тез арада зондты енгізеді. Асқазанға ауа кірмес үшін воронканы науқастың тізе деңгейінде ұстап, шамалы алға қарай иеді.
5. Воронкаға дайындалған ерітіндіні құйып, науқастың ауыз деңгейінде жоғары көтереді. Воронканы сұйықтық шығып үлгермегенше тізе деңгейіне түсіреді және ол асқазан сұйықтығы толғанша күтеді
6.Осылайша воронкадан сұйықтық ағып болған соң, оны қайтадан ерітіндімен толтырамыз. Процедураны өзгермеген су шыққанша жасайды. Бұл үшін 8-10 литр су керек. Егерде жуған сұйықтықта қан талшықтары байқалса, процедураны тез арада тоқтату қажет
7. Флаконға алғашқы және соңғы жұғынды көлемінен порция алынып, анализге жіберіледі.
Асқазанды жуып болған соң, зонд ұқыпты түрде абайланып шығарылады. Науқасқа аузын шайғызып, таза салфеткамен аузын сүртеді.
Қолданған медициналық заттар дезинфектантпен өңделеді, қолдарын ағынды сумен жуып, резеңке қолғаптарды шешеді.
Қорытынды:
Білім алушылар пациентке алғашқы көмек көрсету шараларын үйренді. Тағамдық токсикоинфекция кезіндегі дұрыс алгоритм жүргізу ретін меңгерді.
Симуляциялық сабақ №3
Жұмыстың атауы: Обаға қарсы костюмді кию және шешу
Жұмыстың мақсаты:обаға қарсы киім медицина қызметкерлерін аса қауіпті инфекция қоздырғыштары жұғудан қорғауды қамтамасыз етеді.
Қажетті құрал-жабдықтар:комбинезон, шұлықтар, етіктер, обаға қарсы халат, мақталы таңғыш, резеңкелі қолғаптар, орамал, маска, көзілдірік.
Жұмыстың мазмұны:Оба ( лат. – pestis, орысша-чума; черная смерть)-
бактериалды зоонозды табиғи ошақты аса қауіптіконвенциондықоздырғышы
негізінентрансмиссивті механизммен берілетін, аса ауыринтоксикациямен , лимфа түйіндерініңішкіағзалардыңзақымдалуыменсепсис,септицелиямен көрініс беретін кеш басталғандұрыс жүргізілмеген емкезінде өлімменаяқталатын жұқпалы ауру.
Этиологиясы
Қоздырғышы энтеробактериялар туыстығына жататыниерсиниялар тұқымдастығына жататын Versinia pestis.Қоздырғыш көлемі 1-2 х 0,3-0,7 мкм болатын, сопақша, граммтеріс болатын, факультативті анаэробты таяқша. Басқаиерсиниялардан айырмашылығы талшықсыз, қозғалыссызбиполярлы боялады, вирулентті штаммалар R – колониятүзеді. Соматикалық және капсулалық антигендерден басқа30 жуық антигендері бар, патогенді факторлары экзо жәнеэндо токсиндер, гиалуронидаза, коагулаза, гемолизин,фибринолизин сияқты зақымдаушы ферменттер бөледі.
Жұмыстың орындалу реті:
1.Аса қауіпті инфекциямен ауырған науқасты анықтаған бойда, сақтандыру киімін және жұмыс істеген ыңғайлы орынған орналасу. Обаға қарсы костюмді алып және оның бүтіндігін тексеру
2. Пижаманы, шұлық және етікті дұрыс кию
3. Капюшонды дұрыс кию
4. Халатты дұрыс кию
5. Респираторлы (мақталы-дәкелі бетперде) дұрыс киюді көрсету: бетперденің жоғарғы бетін орбитальді аймақтың төменгі жағынан, ол төменгі жағы иек астынан. Бетперденің жоғарғы бауын шүйдеге, ал төменгісін самай сүйегіндегі емшек тәрізді өсіндіге байланады. Мұрын қанатшаларының астынан мақталы тампон қою
6. Көзілдіріктің әйнегін арнайы қаламмен немесе құрғақ сабынмен сүртеміз. Көзілдірік пен резеңкелі қолғапты дұрыс киюді көрсету (бүтіндігін тексеру)
7. Сүлгіні белге дұрыс қоюды көрсету
Іс - әрекет алгоритмі
1.Аса қауіпті инфекциямен ауырған науқасты анықтаған бойда, сақтандыру киімін алдыру және жұмыс істеуге ыңғайлы орынға орналасу. Обаға қарсы киімді алып және оның түгелдігін тексеру.
Пижаманы киюден дұрыс бастады.
Шұлық пен етікті дұрыс киіп көрсетті.
Үлкен орамалды/капюшонды басына киді. Халатты дұрыс киюді, жағасының, белінің, жеңінің сол жағынан алдыңғы бетіне байлап көрсетті.
Респираторды (мақталы-дәкелі бетперде) дұрыс киюді көрсетті: бетперденің жоғарғы шетін орбитальді аймақтын төменгі жағынан, ал төменгі шетін иек астын қымтады. Бетперденің жоғарғы бауын желкеде, ал төменгісін самай сүйегінде ілмек тәрізді байлады. Мұрын қанатшаларының қапталдарын мақталы тампонмен бітеді.
2. Көзілдіріктің әйнегін арнайы қаламмен немесе құрғақ сабын түйірімен сүртті. Көзілдірік пен резеңкелі қолғапты дұрыс киюді көрсетті (бүтіндігін тексеруден соң).
Сүлгіні белдікке дұрыс іліп қоюды көрсетті.
Жұмысты аяқтап, қолғап киілген қолын дезерітіндімен өңдеп болған соң, алдын ала дайындалған сүрткішпен (таяқ басына оралған шүберек) етіктерді өңдейді.
Бірінші өңдеу «жұқпалы» аймақта (бокста) дезерітіндісі бар сыйымдылықта біртіндеп жоғарыдан төмен қарай бағытталған қимылмен жүргізіледі. Әр етікке бөлек таза сүрткіш қолданылады. Маман дезерітіндісі бар сыйымдылықтан арнайы кілемшеге ауысып, предбоксқа шығады.
3. Обаға қарсы костюмнің әр бір бөлігін шешер алдында қолды өңдеп отырады. Сүлгіні төмен жағынан бастап, сыртын ішке қаратып орай отырып, халаттың белдігінен жәй және ұқыпты түрде шығарып алады. Сүлгіні толық орап, дезерітінділі метал бакқа салынады.
Қолды өңдеп болғаннан соң көзілдірік шешіледі – бет алдында қимыл жасамай, алға, жоғары, артқа жанына тартылып алынады. Көзілдірік 70 градусты спирті бар тығыны тығыз жабылған банкіге салынады. Қолды өңдеп болғаннан соң бетперде шешіледі. Бетперде бауларын салпылдатпай, ұшынан бастап, қолға толық жиналады (залалды бөлшектердің шашырауынан сақтану мақсатында) Бетперде беттен алға апарылып, бауларын іште қалдыра отырып, сырт жағынан ішке қарай оралады. Бетперде 0,2% сода ерітіндісі бар жеке ыдысқа салынады.
Қолды өңдеп болғаннан соң халат шешіледі. Халаттың бауы шешіліп, белдігі шешіледі. Қолғаптарды алдын ала түсіре, бауларды жай төмен қойып, жеңнің байламдарын шешеміз. Қолдарды иық деңгейінде айқастырып, біртіндеп тарта отырып, халатты жай шешеміз. Халаттың сырты ішке аударылады. Шешіліп, теріс аударылған халат оралып, дезерітінділі метал бакқа салынады.
4. Қолды өңдеп болғаннан соң байламдары ағытылып, үлкен орамал шешіледі. Үлкен орамал ұштары қолға жиналып, сыртынан ішке қарай оралады. Бет алдында қимыл жасамай, үлкен орамал желке тұсында бүктелген күйінде жиналып, тұсы арқылы шешіледі.
Біртіндеп қолғаптар шешіледі. (екеуі де бір уақытта). Қолғаптар аударыла отырылып шешіледі. Шешілген қолғаптар дезерітіндіге батырылады. Қайта өңдеуден соң етіктер қолды пайдаланбай шешіледі. Етіктерді шешкеннен соң, жұмыс киімінде (пижам) қала отырып, маман предбокстан «таза» аймаққа өтеді. Қолдары 70⁰ спиртпен өңделіп, жылы суда сабынмен жуылады.
Қорытынды:Білім алушылар науқасқа обаға қарсы костюмді киімді кию және шешу шараларын үйренді. Обаға қарсы костюмді киімді кию және шешу кезіндегі дұрыс алгоритм жүргізу ретін меңгерді.
Симуляциялық сабақ №4
Жұмыстың атауы: Нейротоксикоз
Жұмыстың мақсаты: Нейротоксикоз кезінде дұрыс алғашқы көмек көрсету тәсілдерін , өмірге маңызды ағзалар мен жүйелердің қызметін тексеру әдістерін үйрету
Қажетті құрал-жабдықтар: Тонометр, пульсоксиметрия, фонендоскоп, ЭКГ, дәрі-дәрмектер
Жұмыстың мазмұны:
Достарыңызбен бөлісу: |