Теориялық ЖӘне симуляциялық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулық



бет11/11
Дата13.05.2023
өлшемі122.63 Kb.
#473656
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жұқпалы аурулар (1)

Қорытынды: Білім алушылар пациентке алғашқы көмек көрсету шараларын үйренді. Күл ауруы кезіндегі дұрыс алгоритм жүргізу ретін меңгерді.
Симуляциялық сабақ №10
Жұмыстың атауы:Безредко әдісі бойынша сарысуды енгізу
Жұмыстың мақсаты:Дифтерия, сіріспе, ботулизмге қарсы сарысуды енгізу әдісі.
Қажетті құрал-жабдықтар:Резеңкелі қолғап, шприц, 70% спирт, ерітілмеген сары су, ерітілген сары су.
Жұмыстың мазмұны:Безредко әдісі - десенсибилизация әдісі, анафилактикалық реакциялардың алдын алу үшін міндетті түрде қолданылады.Бактерияға қарсы және антитоксикалық емдік және профилактикалық сарысуларды инъекциялау арқылы: 0,1-0,3 мл сарысуды алдымен тері астына, ал қалғанын дозаны 1-2 сағаттан кейін енгізеді.
Безредка әдістері – жұқпалы аурулардың спецификалық профилактикасы мен емдеуінде қолданысын тапқан десенсибилизация, ауызша вакцинация, тірі сенсибилизацияланған вакциналармен иммундау әдістері.
Жұмыстың орындалу реті:
1. Қолды жылы сумен жуды, спиртпен өңдеді, бір реттік резеңкелі қолғапты киді.Науқасты отырғызып немесе жатқызып, ине жаншуға ыңғайлы жағдай жасау.
2. 1:100 ерітілген сары суды шприцке жинады, ине жаншитын жерді 70% спиртті ерітіп, өңдеп 0,1мл ерітіндісін білектің ішкі жағының ортасына тері ішіне енгізу.
3. Науқасты және инъекция жасалған жерді 20 мин. бақылау (ине жаншыған жерде қызару, қышу немесе дене температурасының жоғарылауы).
4. Тері іші сынама теріс болған жағдайда, 0,1 мл көлемде ерітілмеген сары суды шприцке жинап, ине жаншитын жерді өңдеп, тері астына енгізу.Науқастың жағдайын және ине жаншыған жерді 30 мин. көлемінде бағалау.
5. Сынама теріс болған жағдайда стерильді шприц қолданып, 30 мин. кейін сары судың қойған барлық дозасын бұлшық етке немесе көктамырға енгізу, науқастың жалпы жағдайын бағалау.
6. Сынама оң болған жағдайда сарысу жасаудың алдында бұлшық етке гормондар мен антигистаминді препараттар жасап,бөліп(0,5-2-5-сосын қалған дозасын) енгізу қажет.
7. 1 сағат көлемінде препарат енгізгеннен кейін, медициналық бақылауды қамтамасыз ету.
Қорытынды: Дифтерия, сіріспе, ботулизмге қарсы сарысуды енгізу әдістерін меңгерді.

Әдебиеттер тізімі:



  1. Дүйсенов А.Қ. Жұқпалы аурулар оқу құралы – Алматы: Эверо, 2014.

  2. Мәсімқанова Т.М. Жұқпалы аурулар: оқу құралы – Эверо, 2013

  3. Исаханов А.Х. Жұқпалы аурулар: оқу құралы. – Қарағанды: ЖК «Ақ Нұр»,2013

  4. А.Қ.Дүйсенова ,Жұқпалы аурулар, Алматы 2014ж

  5. В.Ф. Учайкин, Н.И. Нисевич, О.В. Шамшева. Инфекционные болезни у детей; учебник – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2010. – 688 с.

  6. Симованьян Э.Н. Инфекционные болезни у детей. «Справочник в вопросах и ответах», издательство «Феникс» – Ростов н/Д, 2011. – 767 с.

  7. Абуова Г.Н. Жұқпалы аурулардан дәрістер жинағы: оқу құралы - Шымкент, 2017ж. 448 б.

  8. Абуова Г.Н. Жұқпалы аурулардың синдромдық дифференциялық диагнозы: оқулық -Шымкент, 2017ж. 320 б.

  9. Покровский В.И. и др. Инфекционные болезни и эпидемиология. М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004.-826с.

  10. Шувалова Е. П. Инфекционные болезни. Ростов-Н/Д.: Феникс, 2001.-960с.

  11. С.Ә. Әміреев, Ж.Т. Темірбеков, «Эпидемиология», Алматы-200


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет