5-оқушы (Лаура): Қарлығашпын мен, Адамның тұрағын мен Мекен етіп тұрамын, Тазалаймын үй-ішін Шыбын деген кеселден. Бір қарлығаш бүкіл жаз бойы 1 миллион құрт жейді деп ғалымдар зерттеген.
Көрініс: «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі.
Мұғалім: Тағы бір әдемі, нәзік үнді құс – бұлбұлды тыңдайық.
6-оқушы (Салтанат): Мен еркін, бақытты бұлбұлмын, Бұлағын тасытқан ән-жырдың. Тамаша тамылжып шырқаймын, Шаттығын тауыса алмай әр күннің.
Ән: «Жан гүлім».
7-оқушы (Алдияр): Құртты іздеп інінен Қарағайды үңгіген. Тоқылдақ құс – дәрігер, Қашан да ол әбігер.
8-оқушы (У. Дана): Құс сұлуы аққумын Табиғат көркін сыйлаған. Мылтығын кезеп еш мерген, Атуға көзі қимаған. Сұлулықты паш етіп, Жырлаған талай ақындар. Нәзік үнді, көл көркі Құс патшасы мен болам.
Мұғалім: Су айдындарының көркі – ару аққулар. Аққу – құс төресі, бақыт бастамасы, жақсылық пен татулықтың символы. Оған мылтық кезеп, оқ атпаған. Ал енді құстар арқылы болжанатын ауа-райы болжамдарын айтайықшы.
9-оқушы (Аслан): Шағала келсе – сең бұзылады.
10-оқушы (Арман): Қарлығаш өрлеп ұшса – күн жылы болады, жер бауырлап ұшса – жаңбыр жауады.
11-оқушы (Альбина): Жаңбыр жауар кезде қарғалар у да шу болып, топталып ұшып-қонады.
12-оқушы (Айнұр): Балалар, келесі кезекте мен сендерге құстар туралы жұмбақтар жасырамын. Кәне, қайсысын тапқыр екенсіңдер?
Ойын: «Құстарды топтайық». Балалар суреттерді екі топқа, яғни үй және дала құстарын анықтайды.
Қорытынды: Балалар, сендер құстар туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер. Жоғары сыныптарға барғанда білімдеріңізді одан әрі кеңейте бересіңдер. Қазір сендер осы мектептің биолог мұғалімі Айжан апайларына назар аударыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |