«ТӘрбие жұмысы бастауышта» (Бастауыш кластарға арналған тәрбиелік іс-шаралар жинағы) 2016 жыл


Хор: «Домбырасыз сән қайда?» Күш сыңасу



бет27/31
Дата10.01.2024
өлшемі2.91 Mb.
#488784
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Тәрбие жұмысы жинағы

Хор: «Домбырасыз сән қайда?»



  1. Күш сыңасу: Ат өнері білінбес Бәйгеге түсіп жарыспай Ер өнері білінбес Қоян-қолтық алыспай –

демекші, 4-кезеңде оқушылар күш сыңасады.


Хор: «Бөрте лақ»



  1. «Отан туралы» ой: Таза, мінсіз асыл тас Су түбінде жатады. Таза, мінсіз асыл сөз Ой түбінде жатады –

демекші, енді оқушылар 5-кезеңде Отан туралы өз ойларын айтады.


Хор: «Жеңіс күнің тойлайық»


Қорытындылау: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті, енді сөз кезегін әділқазылар алқасына берелік.


Марапаттау.
ҚОШ БОЛ, БАСТАУЫШЫМ – БАЛБҰЛАҒЫМ!


Мақсаты:
1) Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру.
2) Мектепте, яғни білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.
3) Ақыл, ой, өрісін дамыту; бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғары сынып мұғаліміне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.


Көрнекілігі: Жазылған сөздер: 1. Тақырыбы: - «Қош бол, бастауышым – балбұлағым!» 2. Сурет, бүктеме, еңбек сабағының көрмесі – «Өнерлі бала – сүйкімді». 3. Нақыл сөздер: а) «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы». ә) «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ». б) «Білімнен қуатты күш жоқ, біліммен қаруланған адам жеңілмейді» (М.Горький) в) «Өнер – білім бәрі де оқуменен табылған» (Ы.Алтынсарин) г) «Ғылым таппай мақтанба, орын таппай, баптанба» (Абай) ғ) Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді. д) Ұстазыңды атаңдай сыйла. 4. Мерекесіне сай безендірілген сахна, шарлар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет