«ТӘрбие жұмысы бастауышта» (Бастауыш кластарға арналған тәрбиелік іс-шаралар жинағы) 2016 жыл



бет28/31
Дата10.01.2024
өлшемі2.91 Mb.
#488784
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Тәрбие жұмысы жинағы

Ертеңгіліктің барысы:


Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Құрметті ата-аналар, ұзтаздар, қонақтар! Сіздер « Қош бол, бастауышым – балбұлағым!» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Осы бастауышты бітіргелі отырған балаларымыз осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған, кіп-кішкентай балдырғандар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш сыныпта білім алып, аяқтап, жоғарғы сыныпқа өткелі отыр. «Талаптарына нұр жаусын» деп ертеңгіліктерін ашуға рұқсат етіңіздер. Ал енді осы оқу жылындағы бастауышымыздың түлектерін ортаға шақырайық. (Музыка ойнап тұрады, оқушылар сахнаға шығады).


Хор: «Алғашқы ұстазым»
Ортаға жүргізушілер шығады.


1-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар! Білім іздеп инемен құдық қазғандар. Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан Өмір деген үлкен жолда тарлаңдар. Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ Әніменен жырына, тарландарым сал құлақ Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан Лаулап жансын болашағың шамшырақ.


2-жүргізуші: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар Алдарыңызда жауқазындай құлпырған Біз алаңсыз балғын шақты балалар Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер, Қыран құстай болашағың мәпелер Бүгін, міне, бастауышпен қоштасады Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.


Жүргізушілер бірге: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!


1-оқушы (Айгүл): Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны Айқара есік ашып тастағаны Бір мереке думан боп осы маңда Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.


2-оқушы (Ернұр): Енді міне, сағымдай боп өте шықты Төрт жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті Ұстаз ана жасады мына бізден Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.


3-оқушы (Әлімжан): Үйретіп бізге алғаш әліппені, Ұстазым ғылымға жол салып берді Адамның ой-арманы мақсаттары, Оқудың сәулесімен жарық көрді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет