С у ы қ п е н к о н с е р в і л е у. Автолитикалық және бактериалды процестердің тежелуіне байланысты жүреді. Терілерді шешкеннен соң тунельдерде -1 С – ге дйін 20 мин ұзақтықта салқындатады. Тері температурасы 2 С – ге дейін төмендейді. Осыдан кейін олар штабельдерде 3 аптаға дейін сақтала алады.
С у ы қ п е н к о н с е р в і л е у. Автолитикалық және бактериалды процестердің тежелуіне байланысты жүреді. Терілерді шешкеннен соң тунельдерде -1 С – ге дйін 20 мин ұзақтықта салқындатады. Тері температурасы 2 С – ге дейін төмендейді. Осыдан кейін олар штабельдерде 3 аптаға дейін сақтала алады.
Теріні иондағыш сәулелермен өңдеу – терілерді дезинфекциялауға және қысқа мерзімге консервілеуге мүмкіндік береді. Гамма – сәулелермен консервілеу әдісі ауыр салмақты терілер үшін (бычина) пайдалы болып табылады, өйткені олардың радиациялы сезімталдығы жеңіл салмақты терілермен салыстырғанда біршама төмен. Дозасы 0,1 Мрад болатын сәулелермен өңделген терілерді 7 тәулікке дейін сақтауға болады, ал 1 Мрад болғанда қосымша консервілеусіз 10 – 12 тәулікке дейін сқтауға болады.
Былғары шикізатын иондағыш сәулелермен консервілеу бағасының қымбаттылығымен ерекшеленеді, арнайы қондырғы мен қорғаныш құралдарды талап етеді.
Ұ з а қ м е р з і м г е с а қ т а у ғ а а р н а л ғ а н т е р і н і к о н с е р в і л е у д і теріні жайып (құрғақ консервантпен) және тузлуктау әдісімен (қаныққан ерітінді - тузлукта) жүзеге асырады.
Натрий хлориді жоғары концентрацияда микробиальді бұзылуды тежейді. 10 -15 % - ды ерітінді көптеген шіріткіш бактериялардың жетілуіне жол бермейді. Алайда, тұздың қаныққан ерітіндісінің өзі оларды толық
жоймайды. Кейбір микробтар мұндай ерітінділерде дамып –жетіле алады және құрғақ тұздардың өзінде де өмір сүруін тоқтатпайды. Осылайша, тұздың өзі ерітінділердің қажетсіз микрофлорамен зақымдынуының көзі болып табылуы мүмкін, сондай -ақ терілердің бұзылуына, әсіресе оларды сақтау жағдайлары қолайсыз болған жағдайда әкеп соғады. Егер тері құрамындағы тұздың мөлшері 12 % , ал ылғалдылығы 48 % - дан аспаса тері консервіленген болып есептеледі.