Терідегі негізгі заттар- су және ақуыз, май және май тәрізділер кездеседі, сонымен қатар азғана мөлшерде көмірсулар, минералды тұздар және ферменттер бар



бет7/18
Дата03.01.2024
өлшемі2.14 Mb.
#488407
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Тері өңдеу

Консервілеу. Консервілеу коллагеннің қатты өзгеруін туғызбауы қажет, өйткені оның сапасы мен қасиетіне былғары және жүнді өнімдердің сапасы байланысты болады. Консервіленген терінің гидратациялану дәрежесі оның сорғуынан кейін булы тері гидратациясына жақын болуы шарт. Осы талаптарды ескере отырып консервілеудің әр түрлі тәсілдерін пайдаланады: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді сақтау үшін.

  • Консервілеу. Консервілеу коллагеннің қатты өзгеруін туғызбауы қажет, өйткені оның сапасы мен қасиетіне былғары және жүнді өнімдердің сапасы байланысты болады. Консервіленген терінің гидратациялану дәрежесі оның сорғуынан кейін булы тері гидратациясына жақын болуы шарт. Осы талаптарды ескере отырып консервілеудің әр түрлі тәсілдерін пайдаланады: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді сақтау үшін.
  • Ш и к і з а т т ы қ ы с қ а м е р з і м д і к о н с е р в і л е у.Мұндай консервілеудің түрі шикізаттың өндірістік партияларды комплектілеу, тасымалдау және былғары өндіру зауыттарына өткізу мерзіміне сақталуын қамтамассыз етеді.бұл әр түрлі химиялық және физикалық әдістермен жүзеге асырылады..Ең жиі қолданылатын тәсілдің бірі антисептиктердің көмегімен консервілеу болып табылады. Осы әдіс терілердің 2 тәуліктен бірнеше аптаға дейін сапасы нашарламай сақталуына кепілдік береді. Антисептиктер суда жақсы еруі тиіс, бөгде, жағымсыз иісі болмауы керек, былғары өңдеу процесіне кері әсерін тигізбеуі қажет, ұйым қызметкерлері үшін мүлде залалсыз болуы шарт және арзан болғаны жөн.
  • Қысқа мерзімді консервілеуде пайдаланылатын антисептиктерге аммоний тұздары, гипохлорит, оның бор қышқылымен қоспасы, құрамында 1 % натрий сульфаты және 1 – 3 % сірке қышқылы бар ерітінді, фторидтер, сульфаттар, мырыш тұздары, натрий бисульфиті типті тұрақтандырғыштар және одан пайда болатын күкіртті газ, диметилсульфоксид және фенол ерітіндісі, беттік – белсенді заттар, сондай –ақ құрамында аздаған ас тұзы бар антисептиктер жатады. Мысал үшін, 5 % ас тұзы мен 0,5 -1 % антисептиктің қоспасы терінің 21 тәу бойы сақталуын қамтамассыз етеді.
  • Ерітіндіні теріге бүркиді немесе батырады, не болмаса теріні ерітіндімен барабанда өңдейжі. Терінің тұтас бетінің өңделуін бақылау үшін ерітіндіге суда еритін, бейтоксинді бояғыш зат енгізеді.
  • Мұндай консервілеу кезінде тері сусызданбайды десе де болады және нативті құрылымын сақтап қалады, бірақ шашпен тері ұлпасының арасындағы байланыстың әлсізденуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет