Тоо кызылорда оқу орталығЫ «аsu kz» «Ішкі аурулар» пәнінен



бет11/53
Дата11.02.2023
өлшемі1.75 Mb.
#469407
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53
Методичка ДЫХ каз

Этиологиясы: дұрыс емделмеген жедел пневмония, қайта – қайта өршіген созылмалы бронхит, салқын тию, шылым шегу.
Клиникасы: Шағымдары - жөтел, кілегейлі – іріңді қақырық, түсі жасыл, сасық иісті, 500 мл тәулігіне бөлінеді, кейде қан аралас қақырық болады.
Өршіген кезде t° - 37 – 38°С.
Қарағанда: мұрны, ерні көгерген, бөшке тәрізді кеуде қуысы, саусақтары «дабыл таяқшалары» тәрізді, тырнақтары «сағат әйнегі» сияқты болады, науқас арықтайды, ентікпе мазалайды.
Перкуссия: тұйық және қорапша дыбыс естіледі.
Аускультация: әлсіз везикулярлы тыныс, көп ылғалды сырыл, крепитация.
Көп жылдардан кейін шағымдар мен симптомдар күшейеді, аяқ ісінеді, бауыр үлкейеді – өкпелік жүрек дамиды.
Rграфия – қабынған гомогенді емес инфильтрат, пневмосклероз, эмфизема анықталады.
Қанда цитоз, ЭТЖ  .


Емі:

  1. жоғары каллориялы, белокқа, витаминдерге (С және В) бай тағам;

  2. микрофлораның антибиотиктерге сезімталдығы анықталғаннан кейін

антибиотиктер тағайындалады ;

  1. ферменттер (хемотрипсин, рибонуклеаза);

  2. бронхолитиктер;

  3. гормондар (4 – 6 апта);

  4. бронхоскоп арқылы бронхты жуу және антибиотиктерді жіберу;

  5. сан – куроттық ем;

  6. тыныс алу гимнастикасы.



Профилактикасы:

  • қоршаған ортаны сауықтыру, еңбекті қорғау, технологияларды және кәсіптік санитарияны жетілдіру;

  • Коллектівтік және жеке бас гигиенасын сақтау;

  • Дене шынықтырумен және спортпен айналысу;

  • Зиянды әрекеттермен күресу;

  • Вирусты респираторлық инфекциялардың алдын алу және дер кезінде емдеу.

  • 6 айдан 1 жылға дейін пульмонолог дәрігерінде «Д»есепте болу қажет .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет