Қосымшада зерттеу мазмұнына қатысты жұмыстардың барысында
үлгілері әзірленген материал ұсынылған. Педагогикалық - тәжірибелік
жұмыстар Талдықорған қаласы №16 орта мектеп гимназиясы КММ және
Алматы облысы Алакөл ауданы Токжайлау орта мектебі КММ жүргізіліп, оқу
үдерісіне зерттеу нәтижелерін енгізу актілері ұсынылды.
19
1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕРДІ
ОҚЫТУ
АРҚЫЛЫ
ОҚУШЫЛАРДЫ
ПАТРИОТТЫҚҚА
ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу мәселелерінің қазіргі жайы
Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу мәселесін зерттеуді жүзеге асыруда
мұғалімнің атқаратын ролі орасан зор. Осы ретте, мұғалімнің мерейін өсіріп,
мәртебесін көтеруге бағытталған тарихи шешім, ол «Педагог мәртебесі туралы»
заң болса[10, б. 7] соның бірі – педагог беделі. «Алты Алаштың баласы бас
қосса, төрдегі орын мұғалімдікі», деп Мағжан Жұмабаев айтқандай [37, б.14].
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел арасындағы
осы сөзді қайта тірілтіп, 2019 жылы 31 тамызда № 645 қаулымен педагог
мәртебесін заңмен бекітті [7, б. 59]. Педагогтың құқығы мен беделі, әлеуметтік
жағдайы заңмен бекітіліп, үлкен құрмет көрсетілген соң, оларға қойылатын
кәсіби талап та арта түспек.
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу тақырыбына
теориялық тұрғыда зерттеу барысында алдымен мән-мағынасын ажырату үшін
сөздіктер мен ғалымдар еңбегін зерттеп, зерделей отырып, бастауыш мектеп
жасы оқушының адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі тануымен, әлеуметтенуі,
яғни әлеуметтік тәжірибені меңгеруімен ерекшеленетіндігі, өзінің жеке
басының мүддесін қоғамдық мүдделермен ұштастыра білетін, ұлттық сана
сезімі оянған тұлға тәрбиесіндегі патриоттыққа тәрбиелеу жұмысының мәні зор
екендігін байқадық.
Психологиялық-педагогикалық сөздікте патриотизм «өз Отанына деген
сүйіспеншілік сезімі, өзінің жеке және топтық мүдделерін елдің ортақ
мүдделеріне бағындыруға, оған адал қызмет етуге және оны қорғауға дайын
болу» деп анықтама беріледі [14, б. 37]. Үлкен энциклопедиялық сөздік
«патриотизмді» «Отанға деген сүйіспеншілік; туған жеріне, тұрғылықты
мекеніне деген ынтықтық» деп анықтайды [12, б. 45]. Зерттеу барысында біз
философиялық сөздікте берілген «патриотизм» ұғымының анықтамасын
негізге алдық: «Патриотизм (грек. patris-отан, атамекен) - бұл адамгершілік пен
саяси принцип және Отанға деген сүйіспеншілікті, оған деген адалдықты,
өткені мен бүгіні үшін мақтанышты, Отан мүдделерін қорғауға деген
ұмтылысты білдіретін әлеуметтік сезім».
Философиялық еңбектерді талдау патриотизмді моральдық принцип
ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, оның мазмұны Отанға деген
сүйіспеншілік пен адалдықты, оның өткені мен бүгіні үшін мақтанышты, өз
Отанының мүдделері үшін қызмет етуге дайын болуды білдіреді.
С.Т. Иманбаева «патриотизм» - жеке тұлғаның «табиғат-адам-қоғам»
жүйесінде әлеуметтену үрдісін қамтамасыз ететін тұлғаның құнды сапалық
қасиеті, сондықтан да патриотизмді философиялық категориялар тұрғысынан
қарастыратын болсақ, онда патриотизм адамның табиғатпен үйлесе дамуының
20
басты факторы, адамдармен қарым-қатынасының құралы, қоғам дамуының
дәйекті әсер ететін детерминант болып табылады. Осыған орай патриотизмнің
мәні мен патриоттық тәрбиенің мазмұны «мәдениет - тарих - білім» деп
аталатын қоғам дамуының макропарадигмалы логикасы арқылы дамиды деп,
елдің мемлекеттік идеологиясына негізделген қазақстандық патриотизмге
тәрбиелеу ерекше көңіл бөлді [53, б. 21].
Бастауыш буын – қайталанбайтын кезең, ақиқаты сол, білім негізі
бастауыштан басталады. Бастауыш білім беру сатысы оның үздіксіз білім
беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең
алдымен оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты
жүретін аса маңызды, құнды, қайталанбайтын буын екендігімен
ерекшеленеді. Бастауыш сатыдағы білім берудің бағдарлы мақсаты – оқу
әрекетін қалыптастыру; айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік тәрбие
түрлеріне сай сезім қатынас қарым – қатынасқа дайындау; өзін қоршаған
және өмір сүрген жаңа табиғи және әлеуметтік ортаны тануға, сүюге,
қорғауға, өзін ұстай білуге үйрету болып табылады. Оны оқу, ойын,
еңбек, қарым-қатынас сияқты түрлерін меңгерумен қамтамасыз етуге
болады. Басты назар аударатын мәселелердің бірі – патриотизм. Патриотизм
патриоттық тәрбие құндылықтары арқылы жүзеге асатыны белгілі.
Бастауыш сынып оқушылары оқу сабағы, тәрбие сағаттары, сыныптан,
мектептен тыс жұмыстар арқылы танымдық, тәрбиелік әрекеттерін
қалыптастырады. Оқу адамның жеке басы танымының ерекше түрі. Оқи
жүріп оқушылар өздерін қоршаған дүниені, елін, жерін, ұлтын, мәдениетін,
тілін таниды. Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты
саналы, білімді, жетілген жеке тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп алдында
тұрған негізгі міндет. Сондықтан мектептің бастауыш оқыту сатысындағы
оқу – тәрбие жұмыстарын жан – жақты толықтырып, халықтық тәлім-
тәрбиенің озық үлгілерімен сабақтастырып, бойында еліне, жеріне деген
сүйіспеншілік сезімі дамыған азамат тәрбиелеу бүгінгі күн талабының
өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға баулу мектептің тәрбиелік
жұмыстарының аса маңызды бөлігін құрайтындықтан, өмірде болып
жатқан бетбұрыстар, қоғамдағы саяси көзқарастар, әлеуметтік –
экономикалық өзгерістер – еліміздің тарихына, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан
салт – дәстүріне құрметпен қараумен қатар, оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне
пайдалануға жол ашып отыр.
Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу үдерісі мұғалімнің педагогикалық
шеберлігіне байланысты болмақ. Қандай жағдай болмасын мұғалім оқушыға
жан-жақты оқу-тәрбие үдерісін жүргізеді. Осы ретте, мұғалімнің мерейін өсіріп,
мәртебесін көтеруге бағытталған тарихи шешім «Педагог мәртебесі туралы»
заң болғаны белгілі[10, б. 7]. Соның бірі – педагог беделі. «Алты Алаштың
баласы бас қосса, төрдегі орын мұғалімдікі», деп Мағжан Жұмабаев айтқан
еді[37, б. 15]. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
21
ел арасындағы осы сөзді қайта тірілтіп, 2019 жылы 31 тамызда № 645 қаулымен
педагог мәртебесін заңмен бекітті[8, б. 5]. Ұстаздардың құқығы, беделі,
әлеуметтік жағдайы заңмен бекітіліп, үлкен құрмет көрсетілген соң, оларға
қойылатын кәсіби талап та арта түседі.
Бастауыш сынып оқушыларындағы патриоттық тәрбие процесі олардың
әзірге шектеулі түрдегі тәжірибелерін, алған білімдерінің сипаты мен көлемін,
оқыту мен тәрбие беру жалпы міндеттерін ескере отырып құрылады. Ғылыми
әдебиеттерді талдау бастауыш сынып жасындағылар білім беру процесінде
қолданылуы керек осындай құнды психологиялық ерекшеліктермен
сипатталатындығын көрсетеді.
Н.С. Лейтес меңгеру, білім жинақтау кезеңі туралы, беделге сеніммен
бағыну, жоғары сезімталдық, зейінділік артықшылықтары бойынша игеру
кезеңі туралы сөз қозғайды [74, б. 72]. А.А. Люблинскаяның көзқарасы
бойынша білім беру процесінде осы психологиялық ерекшеліктерге сүйене
отырып, а) балалар өмірінің мазмұнын байытады; б) құрдастарымен қарым-
қатынасты ажыратады, мұғаліммен әр түрлі жеке қатынастар орнатады[75, б.
58].
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу оның жеке
басының адамгершілік келбетінің бір қыры ретінде танудың өткірлігі мен
эмоционалдылығымен, сондай-ақ патриоттық идеялар мен сезімдердің жеке
тұлғаның жалпы бағдарлы түсінушілігімен және жеткіліксіз байланысымен
сипатталады. Патриоттық тәрбиенің маңызды белгілерінің бірі ретінде жеке
тұлғаны қоғаммен үйлестіру қабілеті, жеке тұлғаны қоғамда әлеуметтендіру
қажет. Осы ретте, А.Ы. Ысқаков анықтамасынан: «ізгілік адамда оның Отанын
сүю, терең сезінумен байланысты», бұл қасиеттің патриоттық сипаты терең
мағынаға ие. Бұл жұмыста адамның көзқарасы келесідей сипатталады:
«адамгершілік пен эстетикалық қатынастардың бірлігі адамға қатысты
көрінеді» [76, б. 21]. М. Қаратаев патриотизм, ол Отанға деген сүйіспеншілік
ұғымына негізделген ізгілік құндылығы екендігін айтады [77, б. 115].
Диссертациялық жұмыстың зерттеу аясында біз, «бастауыш сынып
оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу» тұжырымдамасын және онымен
байланысты «патриоттық тәрбие» және «патриотизм» ұғымдарын теориялық
тұрғыда талдап, зерделей келе «патриоттыққа тәрбиелеу» ұғымына өз
түсіндірме анықтамамызды береміз.
Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеуді жүзеге асыруда оқушылардың жас
ерекшеліктерін ескере отырып, нақтылауға мүмкіндік береді, өйткені
оқушының жас ерекшелігі психологиялық ерекшеліктерге де байланысты
болады:
- бұл жас ерекшелік білімнің тез жинақталуымен, оның ішінара
игерілуімен,
мұғалімнің
беделіне
сенімді
бағынуымен,
жоғары
сезімталдығымен, дәлдігімен сипатталады;
- бастауыш сынып оқушылары өздерінің мінез-құлқына қарай
ерекшелінеді және өзін басқалармен салыстыра алады;
22
- бастауыш оқушыларының осы жаста жүйке жүйесі және психикасы тез
дамиды;
- бастауыш сынып жасында оқушының қабылдауы тұрақсыздығымен,
зейіннің жоқтығымен, зеректілігі мен байқампаздығымен, «білуге
құштарлығымен» сипатталады;
- зейін еріксіз, жеткілікті тұрақты емес, көлемі шектеулі;
- бастауыш сынып жасындағы оқушылардың жас ерекшелігі - бұл іс-
әрекет субъектісі ретіндегі адамның әлеуметтік өмірінің басталуы, бұл жаңа
тұлғаны қалыптастыру факторы болып табылады [78, б. 59].
Бастауыш сынып оқушыларының бейімделгіштігі, сенгіштігі, сенімділігі,
еліктеуге бейімділігі патриоттыққа тәрбиелеуде педагог халықтық педагогика
құралдарын қолдану мәселесін ойдағыдай шешуге қолайлы жағдай туғызады.
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің өзіндік ерекшелігі
жеке тұлғаның қасиеті ретінде жас кезеңіндегі патриотизмді дамытудың
ерекшеліктерімен, сондай-ақ тұтастай бастауыш мектеп жасындағы оқушының
жеке басының адамгершілік даму ерекшеліктерімен анықталады. Бұл
жасерекшелік,
ең
алдымен,
осы
жастағы
оқушылардың
жалпы
ерекшеліктерімен, атап айтқанда бастауыш сынып оқушысының сыртқы
әсерлерге өте жоғары сезімталдығымен, оның эмоционалдық сезімталдығымен,
жаңа нәрселерді білуге бейімділігімен және қабылдаудың айқындылығымен
анықталады. Бастауыш сынып оқушылары оқиғалар мен фактілерді бейнелі,
ашық және эмоционалды түрде қабылдайды, әсіресе өнер түрінде. Сонымен,
бастауыш сынып мұғалімі оқушылармен патриоттыққа тәрбиелеу жұмысын
ұйымдастыра отырып, оның педагогикалық тиімділігін қамтамасыз етеді және
жоғары эмоционалды деңгейде жұмыс істейді. Бастауыш сынып оқушыларын
патриоттыққа тәрбиелеудің басты мақсаты - олардың бойында патриотизмді
қалыптастыру болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, бастауыш сынып
оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу олардың тұлға ретінде жеке басының
негізгі құндылықтарын, олардың ұлттық сана-сезімін, патриотизмін, ұлттық
бірегейлігін қалыптастырудың негізгі бағыттарының бірі деп қорытынды
жасаймыз.
Ғылыми әдебиеттерді талдау жасау барысында бастауыш сынып
оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеуге арналған көптеген зерттеулерге
қарамастан, осы аталған жан-жақты мәселенің барлық аспектілері жеткілікті
түрде шешілмегенін көрсетеді. Сондықтан аталмыш тақырып біздің зерттеу
жұмысымыздың аясына айналды. Қазіргі қоғамда патриоттыққа тәрбиелеуге
ерекше назар аудару қажет, сонымен қатар бастауыш мектеп жасындағы
оқушыларды тәрбиелеуді ерте жастан бастау қажет, сондықтан осы сұрақтар
зерттеуді қажет етеді. Атап айтқанда, қазіргі уақытта біз қарастырып отырған
мәселеге сәйкес бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу
үдерісін теориялық және әдістемелік негіздеуі қызығушылық тудырады.
Жалпы білім беретін мектептердегі теория мен практиканың жағдайын
талдау үдерісі:
23
- қазақстандық қоғамдағы күрделі өзгерістер жағдайында қазақстандық
патриотизмнің мәні, мазмұны, құрылымы, оның жас ұрпақ тәрбиелеу
жүйесіндегі рөлі мен орны туралы тереңірек және жан-жақты талдау жүргізу
қажеттілігі;
- қазіргі қоғамдағы өзгерістерді ескере отырып, бастауыш сынып
оқушыларының жас және психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін, жеке
және топтық қызығушылықтары мен құндылықтарын, бастауыш сынып
оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу құралдарын ескере отырып, оқушыларға
патриоттық тәрбие беру жұмысын түбегейлі жақсарту;
- қазақстандық білім беру жүйесін жаңғыртудағы жетекші бағыттарының
бірі ретінде бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу
қажеттілігін және оны бастауыш мектеп тәжірибесінде жеткілікті нәтижелі іске
асырылмауын ескере отырып, арасындағы қарама қайшылықтарды анықтауға
мүмкіндік берді.
Осы қарама-қайшылықтарды шешу қажеттілігі мәселенің өзектілігі мен
теориялық тұрғыдан дамымауы біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын
таңдауды анықтады.
Қоғамдағы жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайлар білім берудің мәні
мен оның соңғы нәтижелерін қайта қарауды талап етеді. Қазіргі заманғы
азаматтың білім беру, шығармашылық ізденіске қабілеттілік сияқты жеке
қасиеттері елдің саяси және мәдени дамуының негізіне айналса, оқушының
жеке басын қалыптастыру барлық білім беру мекемелерінің басты қызметі
болып табылады.
Сонымен бірге 12 жылдық білім беруге көшу Қазақстанның білім беру
жүйесін реформалауды, бүгінгі қоғамға еркін қатысуға қабілетті,
шығармашылықпен дамыған, жетілген ұлттық менталитетті қалыптастыруға
бағытталған жаңа ұлттық модель құруды қамтамасыз етеді. Осыған байланысты
жалпы орта білім берудің мақсаттары шығармашылық тұлғаны дамыту болып
табылады. Бұл кез-келген жағдайда оқушының қажеттілігін қанағаттандыратын
нәрсе, құбылыс, әдіс және т.б. таңдау, шығармашылық қабілеттерін, сыйластық
қабілеттерін дамытуды ескереді. Осы қасиеттерді дамытуда заманауи
мектептегі оқушыларға бағытталған білім берудің келесі функциялары ерекше
маңызға ие:
- құндылықтар мен өмір салтын қалыптастыру;
- сыртқы ережелер мен құндылықтарға сын көзбен қарауды үйрену.
Елбасы Қазақстан халқына жолдауында: «... жаңа жағдайда біздің бәріміздің
қамқорлығымыз білімді және кәсіби дайындалған адамдарды тәрбиелеу ғана
емес, сонымен қатар, патриоттыққа тәрбиелеу мүмкіндігі және қоғамдық
өмірдің барлық салаларында тұлғаны қалыптастыру болып табылады» [2, б. 15].
Педагог-ғалым Қ.Ж. Қожахметова мектепте этноәлеуметтік рөлдерді
оқушылардың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, ұлттық әдет-ғұрыптар
мен дәстүрлерге сүйене отырып ұйымдастыруды және тиісті мінез-құлықты
қалыптастыруды көздейтін патриоттық тәрбиені ұсынады.
24
Осы жағдайларды ескере отырып, біздің зерттеу жұмысымызда бастауыш
мектеп табалдырығын жаңа аттаған бастауыш сынып оқушыларын саналы
түрде өз халқының патриоты ретінде, патриоттық тәрбиесін түсінеді және
қабылдайды, бұл олардың ата-бабаларын, ата-аналарын, бауырларын, бабалар
мұрасын сүюді және құрметтеуді білдіре отырып, әдепті, ұлтжанды, көңілді
және ұлтжанды азаматты тәрбиелеу жоспарланған.
Жалпы орта білім мемлекеттік құжаттарға сәйкес бастауыш және негізгі
(орта), кәсіптік бағдарлау болып бөлінеді. Ал жеке қасиеттердің қалыптасуы
бастауыш мектепте жүреді. Бастауыш мектеп - бұл бастауыш мектеп
жасындағы балаларға бастауыш білім беретін оқу орны. Бастауыш мектептің
бастауыш білім беру тұжырымдамасындағы мәні мен қызметі оның өмір бойғы
білім беру жүйесінің басқа буындарымен байланысуымен ғана емес, сонымен
бірге бұл тұрақты қалыптасу мен дамуды қамтамасыз ететін ерекшеленетін
қайталанбас буын екендігімен анықталады [4, б. 13]. Қазірдің өзінде бастауыш
мектепте оқушы танымдық және ақыл-ой қабілеттерін дамытады және
күнделікті өмірде білімнің маңыздылығын түсіне бастайды. Сонымен қатар,
осы жаста оқушы өзін-өзі танудың жаңа деңгейіне шығады. Жастайынан
болашақ ұрпаққа көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік тарихы бар
құндылықтарға сүйене отырып үйрететін мәліметтер өте көп. Олар
ойшылдардың, тәрбиешілер мен психологтардың еңбектерінде әр түрлі
көзқарастар арқылы көрініс табады және тұлғаның атадан оқушыға берілетін
бағытын анықтайтын құндылықтарды, ұмтылыстарды, ұмтылыстар мен
ізгіліктерді қамтиды. Бұл өз кезегінде ғылым әлеміндегі құндылықтар ұғымына
қатысты әр түрлі ұғымдармен анықталып, нақтыланып отырады.
Әр ғылым саласы патриоттық тәрбиені оқу саласына байланысты әр түрлі
деңгейде қарастырады. Қазіргі кезде «құндылық» термині философияда,
әлеуметтануда, мәдениеттануда, этика, эстетика, психология, педагогикада
кеңінен қолданылады. Біз құндылықтар проблемасына арналған еңбектерді
жүйелі түрде біздің зерттеуімізге қатысты «құндылық» ұғымының
философиялық, педагогикалық мағынасына баса назар аудара отырып,
зерттеуіміздің алғышарты ретінде қарастырамыз.
Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеуде адамның ізгілігі, қайырымдылығы
мейірімділік мықты болуы керек. Осы ретте, тұлғаны тәрбиелеу үшін оның
өмір сүруіне ең керекті, бағалы дүниелердің жиынтығын құрайтын
педагогикалық категория ретінде қарастырамыз. Бастауыш сыныптардағы
гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру
туралы ілім, яғни әлеуметтік-мәдени факторлар мен жеке тұлғаның құрылымы
арасындағы әртүрлі құндылықтардың өзара байланысы.
Қазақ халқының батыры, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы
«Патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы
қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің
мемлекетке тәуелді екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз
- мемлекет деген ұғымды, оны жеке адам мен барлық жағынан өткені мен
25
бүгінгі күнімен және болашағы мен қарым-қатынасын біріктіреді», - деп атап
көрсеткен
болатын[80].
Сондай-ақ,
соңғы
жылдары
педагогикалық
зерттеулерде жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің теориялық жақтары
ескерілмеген. Мүмкін, осы мәселелердің барлығында патриоттық тәрбиенің
белсенділігі көрінеді. Бүгінгі мектептің басты мақсаты - жастардың бойында өз
елін, жерін сүйетін, әдебиетті құрметтейтін және өз ұлтын құрметтейтін азамат
болып өсуі үшін заманауи егеменді елдегі патриотизмді қалыптастыру.
«Патриотизм - бұл Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның әл-
ауқатына тәуелділікті сезіну, ұлттық қауіпсіздік, әр адамның мемлекетке
тәуелді екенін мойындау, сондықтан мемлекетті нығайту - жеке тұлғаны
нығайту», - деп жазды Б.Момышұлы [80, б. 122].
Қазақстандық патриотизм тұжырымдамасы - бұл біздің тәуелсіздігімізден
туған және елдегі саяси-әлеуметтік жағдайдың ерекшеліктерін көрсететін жаңа
ұғым. Біздің елде жүзден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Қазақстан
олардың көпшілігінің отаны болады және онда мәңгі өмір сүреді. Сондықтан
олардың әрқайсысы Қазақстанды өз Отаны деп танып, оның тәуелсіздігін
қорғау және материалдық әл-ауқатын арттыру үшін жұмыс істеуі керек.
Сондықтан күнделікті өмірде қазақстандық патриотизм ұғымы жиі
қолданылады. Бұл тұжырымдаманың педагогикалық жүктемесіне келетін
болсақ, бұл болашақ қазақстандықтарды тәрбиелеумен тығыз байланысты.
Қазақстандық патриотизм - бұл Отанға деген сүйіспеншілік және азаматтық
батылдық, үлгілі болу, білім мен дағдыларды ел игілігі үшін беру, Отан
мүдделеріне адал болу. Өз елінің өткеніне құрмет - қазақстандық
патриотизмнің бір бөлігі.
Г.А. Тулегенова – бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту
арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу мәселесі зерттеуді қажет ететін
күрделі үдеріс. Бір жағынан, бұл ізгілікті саяси процесс немесе жеке және
қоғамдық сананың элементі, екінші жағынан, бұл Отанды қорғауға және
нығайтуға бағытталған сезім.
Патриоттыққа тәрбиелеу ұғымы адамның санасы
және сезімімен байланысты, сондықтан жас ұрпақтың бойында патриоттық
сезімді қалыптастыру қажет
[81].
Қазақстандағы мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу тақырыбы
көптен бері зерттеліп келеді. Осындай жұмыстардың бірі ретінде
С.К. Нурмукашеваның «Қазақстан мектептерінде оқушыларға патриоттық
тәрбие беруді дамыту» жұмысын атап өткен жөн. Онда, білімнің мазмұнын
жаңғырту, оқулықтарға қазақстандық материалдар енгізу; оқытудың әдіс-
тәсілдерін жаңғырту; оқушыларға тарихи ерекшеліктерді іздеп табу оларды
оқу-тәрбие ісіне пайдалану секілді іс-әрекеттерін ұйымдастыру секілді
ұсыныстар берілген [82].
Патриоттыққа тәрбиелеу үдерісінің танымдық құндылығының жоғары
екендігін ұмытпауымыз керек, өйткені әр оқушының бойында патриоттық
сананы, патриоттық сезімді қалыптастырудан басталса ғана тиімді болады.
Психология екінші сигналдық жүйенің адамның жан дүниесіне және
эмоционалды әрекеттеріне үлкен әсер ететіндігін айтады. Сонымен бірге
26
бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушыларды
патриоттыққа тәрбиелеу әдістерін қарастыра отырып, оның жалпы
оқушылардың санасына, олардың қызметін ұйымдастыруға әсер ету бағытында
жүргізілгендігін анықтадық. Егер осы бағыттағы ұйымдастырушылық
жұмыстарды топтастыратын болсақ, онда мыналар: дәрістер, соғыс және еңбек
ардагерлерімен кездесулер, сұхбаттасу, буккросинг әдістерін пайдалану,
конференциялар жүргізу, ойын-сауық кештері, мұражайларға виртуалды
танымжорықтар, фото тақталар, фотоальбомдар және басқа да шаралар. Егер
оқу қызметінің бағыты «патриотизм, ұлттық патриотизм» санасын
қалыптастыру болса, онда бұл басқа ұғымдар мен түсініктерді, мысалы, ар,
намыс, борыш, парыз; оқушылардың олар туралы білімдерін жетілдіру,
сонымен қатар ой-өрістерін кеңейту және тереңдету жұмыстарын жүргізуіміз
керек. Сонымен, Отан, мемлекет, ел, ұлт, халық, Отан, яғни ұлттық
патриотизмді
сияқты
қасиетті
ұғымдарды
жас
ұрпақ
бойында
қалыптастырғанда, олардың әрқайсысы өзін «ұлттың баласы» сезінетіндігіне
баса назар аудара отырып, патриоттыққа тәрбиелейміз. Патриоттық сезімдер
қасиетті ұғымдармен байланысты: қуаныш, мақтаныш, қайғы, таңдану және
т.с.с. сонымен қатар толқу, ояту, даму және эмоционалды күйді қалыптастыру
мәселелерін шешуге бағытталған. Халықтық тәрбиенің әсерінен патриоттық
сезімдер тұрақтанады, халыққа, Отанына қызмет етуге дайын оқушының іс-
әрекетінде, мінез-құлқында, сөзі мен ісінде көрінеді.
Философиялық еңбектерді теориялық тұрғыда талдай отырып, біз «Отан»
және «Атамекен» ұғымдарының іс жүзінде маңызды екенін, Қазақстан
Республикасы осы елде туып-өскен барлық ұлттардың, бірақ тек жергілікті
қазақ халқының отаны болып табылатындығын ескереміз.
«Патриотизм» ұғымының құрылымын анықтау барысында, бізге
Б.К. Кудышева ұсынған «моральдық таным» ұғымына жақын болдық.
Б.К. Кудышеваның айтуы бойынша адамгершілік білімі адамның мінез-
құлқының, мақсаттарының, сенімдерінің нормалары мен принциптерімен
анықталады. Ол адамдар арасындағы қатынастарды реттеушілердің екі
деңгейінде жұмыс істейді: эмоционалды және рационалды-теориялық. Осыған
сүйене отырып, оған адамгершілік білімінің туындыларының бірі ретінде
эмоционалды-интеллектуалды
компоненттер
кіреді.
Интеллектуалды
компоненттердің қалыптасуы тарих, мәдениет, дәстүрлер және т.б. [83].
Қазақ энциклопедиясында «Патриоттық құндылық» объектінің жағымды
немесе жағымсыз жақтарын бейнелейтін философиялық және әлеуметтік
тұжырымдама ретінде анықталған[84]. Ежелгі философиялық көзқарастарда
құндылықтардың әр түрлі көріністерімен байланысты адамның мінез-құлқын
бағалау үшін қолданылатын табиғи, әлеуметтік, сұлулық, мейірімділік,
жанашырлық сияқты этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылған.
Патриоттық құндылық заттың адам үшін қаншалықты маңызды екенін
анықтайды. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды әдет-ғұрыптарды, нормалар
мен құндылықтарды бағындырады және басқарады [84].
27
Философиялық сөздікте: «патриоттық құндылық» дегеніміз - білімді,
белгілі бір объектіні адам, топ, қоғам үшін қасиетті деп тану. Құны туралы
ешқандай күмән жоқ, ол бәріне өте қолайлы, нұсқаулық қызметін атқарады [73,
б. 26].
Шетелдік философиялық және әлеуметтанулық ғылымдар құндылықтар
мәселелерін әр түрлі қарастырады. Т. Парсонс [85], Р.Б. Перри [86] және
басқалар. Ғалымдар құндылықты адамның қызығушылығы мен бағдарлау
объектісі ретінде қарастырады және бұл бірнеше ұсынылған объектілердің
бірін таңдауға негіз болатындығын баса айтады.
ХХ ғасырда Р.Б. Перри өзінің «Патриоттыққа тәрбиелеудің жалпы
теориясында» «құндылық» ұғымына жан-жақты түсінік беріп, рухани
құндылықтардың маңыздылығын және тек әлеуметтендірілген және
эмоционалды тұрақты идеялар негіз болады деген. Идеяны атап өтетін болсақ,
мәдениет және өркениет. Перри өз еңбектерінде патриоттық тәрбиені
қарапайым, күрделі, жағымды және жағымсыз деп жіктейді [86]. Сол сияқты
философ ғалымдар А.Г. Здравомыслов [87], В.П. Тугаринов құндылықты
белгілі бір құбылыс немесе заттың белгілі бір адам немесе қоғам үшін
маңыздылығы, мәні түріндегі категория ретінде қарастырыңыз. Мысалы,
В.П. Тугаринов құндылық ұғымына келесі анықтама береді: «Құн - бұл
адамдардың қажеттіліктері мен мақсаттары, мүдделері тұрғысынан пайдалы,
қажет және оң деп саналатын құбылыстар» [88].
Ғалым патриоттық тәрбиенің келесі топтарын анықтайды:
- өмірлік құндылықтар: өмір, денсаулық, отбасы, өмір қуанышы,
адамдармен қарым-қатынас және т.б.
- материалдық құндылықтар: тұрғын үй, тамақ, киім, жабдықтар және т.б.
- қоғамдық-саяси құндылықтар: қоғамдық тәртіп, бейбітшілік, бостандық,
қауіпсіздік және т.б.
- рухани құндылықтар: білім, ғылым, өнер.
Сонымен қатар Б. Додоновты [89] зерттеу барысында құндылықтар екі
топқа бөлінді: нақты мәндер және танылған және қабылданған құндылықтар.
Оның тұжырымдауы бойынша, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени
міндеттерді шешуі әрбір тұлғаның қоғамдағы патриоттық тәрбиені түсінуіне
және әлеуметтік нормаларды сақтауына байланысты болады. Ол тек танылған
позитивті құндылықтар адамды жақсы мінез-құлықты қалыптастыруға
итермелейтінін баса айтады. Құндылықтар идеалды қабылдау немесе
қабылдамау сезімімен анықталады және ақыл, сана арқылы белгілі болады. Ал
отандық философ Т.К. Ғабитов [13, с. 91] «Отансүйгіштік құндылықтар - бұл
қасиеттер» дейді, әдеби дайындығы арқылы, олардың тарихын, мәдениетін,
әдет-ғұрпын сіңіру нәтижесінде, моральдық дей отырып, бұл қасиеттердің бала
кезден, ана сүтімен бірге өзінің әдебиеттік оқу арқылы, мораль негіздері
ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру
нәтижесінде орнығатындығын ерекше бағалайды. Бұл құндылықтық
қатынастарда әрдайым тақырыпта белгілі бір эмоциялар бар - қуаныш, таңдану,
ғибадат және т.с.с. келесі патриоттық тәрбиені анықтайды: адам өмірі,
28
бостандық, адамгершілік, отбасы, қарым-қатынас, жеке бақыт, ұрпақ өрбіту,
көбейту, еңбек әрекет етудің мәні мен мағынасына, әл –ауқатына,күнкөріс көзі
және әрекет мәні ретіндегі жұмыс, игілік, беделділік, заңдылық, мейірімділік,
тәуелсіздік. Отансүйгіштік құндылықтар өмір сүріп қана қоймайды, сонымен
қатар бір-бірімен салыстырыла отырып, өзіндік құндылықтық қатарды,
құндылықтық сатыны құрайтындығын айтады.
Әлеуметтанушылар патриоттық тәрбиені адамгершілік құндылық
негізінде қалыптасады дейді. Ол әлеуметтік объект, қажеттілік пен мәнге ие
норма. Сондықтан олар негізгі құндылықтармен байланысты болмақ:
- жалпыадамзаттық құндылықтар: адамның өмірі, бостандығы, отбасы,
адамның бақыты, ұрпақ өрбіту, еңбек, табыс, ынтымақтастық, қызмет,
мәдениет, денсаулық, заңдылық.
- рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие: мәдениет, әдебиет, тарих, тіл,
дін, рух, ар, ұят, ар-намыс, қадір-қасиет, дәстүр, әдет-ғұрып, әдет-ғұрып,
ұлттық көзқарас, туыстық, Отан, Ана, Жер және т.б. Ішкі құрылымы арқылы
адамның алдына қойған мақсатына жету үшін өмірдің негізін құрайтын
«мағыналы», «мәнділік», «еркіндік», «жақсылық», сияқты құндылықтарға
ұмтылу керектігін атап көрсетеді.
Әлеуметтанушы Б. Ерасов «құндылықтардың пайда болуы, адамның
қажеттіліктерін қанағаттандыратын іс-әрекеттер нақты мақсатты көздейді»
дейді. Сонымен, әлеуметтануда құндылықтар негізінде патриоттық тәрбиенің
келесі түрлері ажыратылады: саяси идеалдар, мемлекет тарихы, мемлекеттік
мәдениет, дәстүрлер, тіл және т.б. [14, б. 28].
Жоғарыда талқыланған зерттеу барысында біз «патриоттық құндылық»
ұғымы екі түрлі ұғымды біріктіретінін анықтадық:
- құндылық қатынастарының объектісі (материал) болып табылатын
заттардың сыртқы қасиеттерін сипаттау;
-
осы қатынастардың субъектісі болып табылатын адамның
психологиялық қасиеттері (сана-сезімі);
Материалдық құндылықтарға заттарға деген табиғи қажеттілік, еңбек
шығыны, әлеуметтік қамсыздандыру, ғасырлар бойғы мұралар, табиғи және
әлеуметтік объектілердің эстетикалық қасиеттері жатады.
Ал сана құндылықтарына қоғамдық пікір, мақсаттар, бағалау және
әртүрлі нормалар жатады. Қарастырылған тұжырымдардың негізінде біз келесі
анықтаманы береміз:
Достарыңызбен бөлісу: |