56
нақтылауға, Ел рәміздері туралы білетіндерін пысықтауға көмектеседі.
Мәтінмен жұмыс
барысында қосымша тапсырмалар, пікірталас тудыратын
сұрақтар арқылы оқушылардың бұл ұғымдарды тереңірек меңгеруін және
өзіндік көзқарастарын білдіруін қамтамасыз етуге болады.
2. Отбасы құндылықтарын көрсетуге негізделген тақырыптар. (сағат 6)
«Анамның арқасы», Ы. Алтынсариннің «Бұл кім», Ф. Оңғарсыновтың
«Жылулық», Ф. Оңғарсыновтың «Әже», А. Байтұрсыновтың «Әке толқуы»,
Ә. Дүйсенбиевтің «Атай», С. Көбеевтің «Өсиет», «Әжеме айт».
Ж. Смаков, «Ананы сыйлау»[119, б. 59-67].
«Ана арқасы» тақырыбындағы мәтін Төле бидің ана туралы сөзімен
таныстырады. Осы мәтінмен байланысты тапсырмалар оқушыға анасының
қаншалықты жақсы екендігі туралы түсінік беруге арналған. Ана - баға
жетпес бейне екендігі даусыз. Біз бастауыш сынып оқушысының
құндылығын қарастырамыз: өмір сыйлайтын ерекше адам,
мейірімділік пен
қамқорлықтың, шексіз сүйіспеншіліктің символы, отбасының қамқоршысы
рөлі, игіліктің қайнар көзі, жақсылық арқылы балаларға үлгі мінез-құлық.
«Бұл кім?», «Жылулық», «Әже» өлеңдерімен танысып, ананың оларды
зерттеудегі рөлін анықтауға және сол арқылы идеалды образ жасауға ықпал
ететін тәсілдерді қарастыру керек (әсер ету бірлігі арқылы) сана, сезім, мінез-
құлық туралы).
Дәстүр, әдет-ғұрып тақырыбы. (3 сағат).
М. Дулатовтың «Наурыз», Қ. Жұмаділовтің «Ұзынсары»,
Ұ. Ақыпбековтің «Наурыз - жыл басы». Бұл еңбектерде оқушылар
қазақ халқының әдет-ғұрыптарымен танысады. Тақырыптар бойынша
сұрақтар мен тапсырмалар оқушыларды ойлауға және қорытынды жасауға
үйретеді. Сонымен қатар, негізгі ұғымдарды бөліп, жіктеп, оларды талдай
отырып, адамдардың рухани мәдениетін зерттеп,
оны заманауи
құндылықтармен байланыстыруға мүмкіндіктер бар. Бастауыш сынып
оқушысына бірнеше жағдайдың бірін таңдау қажет болған кезде, ол осы
құндылықтың өлшемі ретінде өзінің құндылықтарын пайдаланады.
Сондықтан халқымыздың дәстүрлеріне толыққанды көзқарас, жағымды
көзқарас болу үшін бала олардың мәні мен маңызын саналы түрде түсінуі,
күнделікті өмірде олардың қажеттіліктерін сезінуі керек.
4. Әдебиеттік оқу. (3 сағат).
«Сөз құдіреті» М. Әлімбаев, «Тіл туралы» Ә.Тәжібаев, Мақал-
мәтелдер, нақыл сөздер. Бұл жұмыстар оқушыларға әдебиеттік оқудың мәнін,
маңыздылығы мен құндылығын түсінуге көмектеседі. Тапсырмалар
тақырыпты түсінуге және сөздің құдіретін сезінуге де бағытталған. Үйге
тапсырма - «Ең қымбат қазына» тақырыбына эссе жазу.
5. Менің рәміздерім тақырыбына (1 сағат).
«Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбы бойынша еліміздің рәміздеріне
қысқаша түсініктеме. Тақырыпты оқығанда
Қазақстан Республикасының
қандай рәміздері мен Қазақстан Республикасының рәміздері қолданылады?
57
деген сұрақпен шектелді. Оқулықта елдің рәміздері туралы ақпарат беретін
басқа материалдар қарастырылмаған.
6. Қазақ халқының тарихи тұлғаларын таныстыратын материалдар.
(22 сағат).
Қазыбектің Төлебимен кездесуі, Әйтеке бидің, Әбілмансұрдың, хан
Абылайдың сөздері, Батырлар туралы, Райымбектің шығу тегі, Бала Абай,
Мүсінші-мысық, Күйші Біржан, Бала Тұрар,
Қоңыр қозы, Алып бала,
Суретші, Жас суретші, Ұшқан ұя, Әлия, Мәншүк, Қазақтың тұңғыш
ғарышкері, Күш атасы-Қажымұқан,Мен не үйрендім?, Нәтиже сабақ,
Қорытынды.
Оқулықта
берілген,
қазақ
халқының
көрнекті
тұлғаларын
таныстыратын ақпараттың арқасында оқушылар өз халқына деген қуаныш
сезімін сезініп, ішкі дүниетанымға, өзін-өзі бағалауға негізделген
тақырыптар мен ақпараттарды пайдалана отырып, оларды жетілдіре алады.
Әдебиеттік оқу пәні оқулығында қамтылған
тақырыптар бaлaғa жaңa
әлeмнiң eciгiн aшып бepiп, pyхaни дүниeciнiң қaлыптacyынa нeгiз caлaды.
Тәpбиeнiң caн caлaлы, күpдeлi мәceлeлepiнe тepeң бoйлayғa бacтaйтын,
күндeлiктi тұpмыcтa кeздeceтiн дaғдылap apқылы бaлaның жaн дүниeciнe
әcep eтeтiн бiлiм мeн тәpбиeнiң aлғaшқы бacпaлдaғы - бacтayыш мeктeп.
Ендеше бастауыш сынып мұғалімінің осы тұрғыдағы жұмыcтaры
шығapмaшылық cипaттa бoлyы кepeк. Әдебиеттік оқу пәнінде мәтіннің
мазмұны бойынша сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады,
себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына
айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және
кеңейте алады. Сондықтан оқушылардың ойлауын жоғарырақ деңгейде
дамыту
мақсатында, оқушы бойындағы еліне деген құрметпен қарау
сезімсдерін сұрақ қою арқылы атақты тұлғаларды үлгі етудегі көзкарасым
төмендегідей:
- сұрақ қоя отырып оқушының тақырып бойынша өз ойларын
білдірулеріне мүмкіндік беру;
- сұрақ қоя отырып, оқушының өз идеясын дәлелдеуге көмектесу;
- сұрақты қоя отырып, тек бағалау үшін емес кеңінен ойлануына,
ақпарат іздеуіне де әсер ету. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар дайындап
келіп, бір-біріне қоюда қызығушылық танытатындарын байқадым, осылайша
әр
сұрақтың
дұрыс
жауабын
талдау
кезінде
білімдерін
толықтыратындықтарына көзім жетті, осы
тұста қате жауапты қайта
бағыттаудың маңыздылығын ескеріп, оқушыларға қате жауаппен жұмыс
жүргізудің тәсілін үйреттім. Оқушылар тақырып бойынша және сындарлы
сөйлеуге ынталанды және өзіне деген сенімділіктері артты, өз ойларын
ортаға салып, мысалдар келтіру арқылы, жаңа сабақтың түйінді идеясын
қорытып шығарып, әдеби тілде сауаттылықтары қалыптаса бастады.
Оқушылардың «қалай оқығысы келетінін?, нені білгісі келетінін?, нені
түсінбей? қалғанын кері байланыс арқылы анықтап отырдым.
Достарыңызбен бөлісу: