Vі. Қазақ хандығының құрылуы және дамуы


Моңғол империясының мемлекет және құқығы



бет20/46
Дата20.09.2022
өлшемі154.27 Kb.
#461046
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46
МЕМЛЕКЕТ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ

Моңғол империясының мемлекет және құқығы. Ұлы империяның мемлекеттік басқару жүйесінде алдымен оны билеуші болып қаған есептелді. Оның құқықтары әскери, заң шығару және әкімшілік билігін қамтиды. Әрі ол Шыңғыс хан династиясынан сайланатын. Мысалы, Үгедей қаған Венгер королі ІУ Белға жазған хатында «Мен көк патшасы жолдаған ханмын, маған ол жер бетiндегi билiктi берген, сондықтан да мен маған бағынбағандарды және қарсыласқандарды күйретiп, ал қызмет еткендердi асқақтату билiгi берiлгенң деп атап көрсеттi. Моңғолдар билiгi абсолюттi және жан-жақты болды. Шыңғыс хан жасаған жан-жақты әрi нақты құқық жүйесi феодалдана бастаған монғол қоғамының талап-тiлектерiне, мақсат-мүдделерiне сай келдi. Монғол мемлекет басшылары үшiн “Яса” көп жылдар бойы бедел болып, қоғамдық өмiр айналымында жүрдi. Қаған оны мейлiнше пайдаланды. Қаған тек моңғол империясына ғана билiк жүргiзiп қоймай, басқа да елге билiк жүргiздi. Билiк аманат бойынша атадан балаға берiлiп немесе тiкелей тұқым жағынан мұраға қалдырылды. Таққа отырғызу салтанаты құрылтайда сайлау арқылы шартты түрде жүргiзiлдi. Қағанның өкiлеттiгi өте кең едi. Ол бүкiл территория мен мемлекет жұртшылығын билеп, заң нормаларын бекiттi. Олар заң — жасақ — йасак, жарлық — йарлык түрiнде белгiленiп, қаған жоғарғы қолбасшы және моңғолдардың құқықты дiни басшысы да болды. Қағаннан кейiн Шыңғыс ханның балалары ұлыс хандары дәрежесi атағын алды. Қағанды жоғарғы билiк иесi ретiнде мойындаған хандар, өздерiнiң иелiктерiн оған тәуелсiз билеушi ретiнде қадағалау жасап, билiк жүргiздi. Жаулап алған жерлерiнде қағандар мен хандар өздерiнiң “даруга” немесе “басқақ” атына ие лауазымдарын белгiледi. Олардың мiндеттерiне халық санағын жүргiзу, жергiлiктi жұрттан әскер жинау, пошта байланыстарын қамтамасыз ету, салықтар жинау және оларды ордаға жеткiзу ендi. Сонымен бiрге, олардың мiндетiне iрi қалалардағы әкiмшiлiк және полициялық қызметтер де кiрдi. Кейбiр жекелеген алыс аймақтарда жергiлiктi жер адамдары билiк еткенiне қарамай оларды қаған бекiтiп, даругашылар қадағалады.
Шыңғыс хан билеуi кезiнде және одан кейiн де империяның бiр орталыққа бағындырылған әкiмшiлiк басқару жүйесi болды. Атқарушы билiктiң жоғары органы болып Мемлекеттiк кеңес есептелдi. Оған империяның жоғары шенеунiктерi кiрдi. Мемлекеттiк кеңестiң оң министрi оған басшылық жасап, әкiмшiлiк, қаржылық және әскери органдарды қадағалады. Мемлекеттiң басқару жүйесiнде хан кеңсесi ерекше орын алды. Ол хатшылар мен көшiрушiлерден тұратын. Оны ұлы ұлық-бiтiкшi басқарды. Жаулап алған жерлерде әкiмшiлiк және әскери билiктi көшпелi басқарма жүргiздi. Ол жоғарғы орган болып есептелiндi. Жергiлiктi билiк басшылары чингизиттер ментүменбасылардың қолында болатын. Оларды қаған тағайындады. Олар удельдерде әкiмшiлiк және әскери иелiктi өз қолдарында шоғырландырды. Кейбiр аймақтарда қаған тағайындаған жарғышы (джаргучилер) сот билiгiн iске асырды. Мемлекеттiк басқару жүйесiндегi басты қызметтердiң бiрi пошта (áàéëàíûñ æ¾éåñi) жүйесi болып саналды. Империяның барлық басты-басты орталықтары Ям (пошта бекеттерi) деп аталатын байланыс жүйелерiмен, бiр бiрiмен қарым-қатынас жасап отыратын. Әрбiр бекеттерде 20-ға жуық ұлақшы — жаушылар болды. Олар байланысқа қажеттi жүйрiк жылқылармен, азық-түлiкке пайдаланатын малдармен қамтамасыз етiлдi. Бекеттер арқылы билiк иелерiнiң тапсырмалары, арнаулы құжаттар және империя территориясын билеп жүрген хан өкiлдерi мен шенеунiктерге жол ашатын қозғалыс жүйелерi қалыптасты.
Моңғол мемлекетiнiң әкiмшiлiк-территориялық жүйесi болса хандар билеген негiзгi төрт ұлысқа немесе жұртқа бөлiндi. Моңғолдардың негiзгi өз жерлерi жұрт саналып, ол Шыңғыс ханның кенже ұлы Төленiң үлесiне тидi. Қазақстан территориясы (Æетiсудан басқа), Төменгi Поволжья, Солтүстiк Кавказ, Қара теңiз даласы мен Оңтүстiк Арал Жошы ұлысына қарады. Ал, Жетiсу Қашқария және Орта Азия Шағатай ұлысын құрады. Бұрынғы керей, найман және ұйғыр мемлекеттерi Үгедей ұлысы құрамына кiрдi. Кейiн Иран территориясы мен Таяу Шығыста Хулагу ұлысы немесе Елхан мемлекетi қалыптасты. Iрi Ұлыстардың территориялары өз кезегiнде ұсақ-ұсақ ұлыстар болып бiрiктi. Олардың үш түрi болды. Бiрiншi, Шыңғыс хан тұқымдарының иелiгiндегi ұлыстар. Олардың құрамында 10 мыңға жуық отбасы бар едi. Екiншi, хан тағайындаған Темник (түменбасыбасқаратын Түмен ұлысы. Олардың тұрғыны екiден он мың отбасына дейiн есептелдi. Үшiншi, жергiлiктi тұрғындардан тұратын және даругашылар билiгiндегi отырықшы ұлыс болды. Оларды жергiлiктi билеушiлер билегенiмен, олар моңғол билеушiлерiнiң қатаң қадағалауында тұратын.
Әрбiр түмен әкiмшiлiк қана емес сонымен бiрге әскери округ болып саналды, егер соғыс бола қалған жағдайда Түменбасы бастаған 10 мыңдық әскери корпус дайындалатын. Түмендер мыңдыққа, мыңдық жүздiкке, жүздiктер ондыққа бөлiндi. Олардың алдыңғы екеулерiн хан тағайындады. Ал жүздiктi-түменбасы, ондықты-мыңбасы тағайындаған.
Моңғол империясында салық жасау жүйесiндегi ерекше маңызға ие болды. Жеке-жеке үш салық мекемесi құрылды. Оның бiрiншiсi Қытайдағы Яньцзинде, екiншiсi Орта Азия — Амудария аймағында болып, одан кейiнгiсi Жетiсу, Қашқар және Бесбалық территориясының аймағын қамтыды. Салықтың негiзгi бөлшегi шаруашылық — үй болып есептелiндi.
Империяның көшпелi халқы жылына мал басына бiр процент көлемiнде — копчур, сондай-ақ, әскери салық — тағар, төтенше салық — аваиз салығын төледi. Отырықшы халық жер салығы — харадж салығын берiп отырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет