«xx ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» пәні бойынша



бет2/11
Дата25.02.2016
өлшемі0.94 Mb.
#19986
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Жетісай - 2007



  1. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Лекция №1

(1 сағат)
Тақырып: Кіріспе. XX ғасыр басында қазақ даласындағы тарихи-әлеуметтік жағдай

Жоспар:


  1. Осы кезеңдегі қазақ әдебиетің өсу-өркендеу бағыттары.

  2. XX ғасыр басындағы қазақ елінің саяси, әлеуметтік жағдайы.

  3. Қазақстанда 1916 жылғы Ресей патшасының әйгілі июнь жарлығынан туындаған оқиғалардың мәні.

  4. Оқу-ағарту, баспасөз, кітап шығару ісі туралы.


Пайдаланатын әдебиеттер:

НЕГІЗГІ
1.XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. А. 1994.

  1. Бисенғали З. XX ғасыр басындағы қазақ романы. А. 1997.

  2. Кенжебаев Б. XX ғасыр басындағы әдебиет. А. 1993.

  3. Қазақ әдебиетінің тарихы. 6 томдық, 2-том, 2-кітап. А. 1965.

  4. Қазақ әдебиетінің қысқашы тарихы. 2-кітап. А. 2002.

  5. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни ағартушылық ағым. А. 1998.

ҚОСЫМША

1. . Абай тағылымы. Алматы.1986.

2.Әдіманұлы Ө. XX ғасыр бас кезіндегі әдебиеті. А. 2002.


  1. Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде.А. 1969.

  2. Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы.А. 1988.

  3. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. А. 1992.

  4. Әдіманұлы Ө. “Қазақ” газеті А. 1993.

  5. Бес арыс. А. 1992.



Лекция мәтіні

XX ғасыр басындағы саяси-экономикалық жағдай Абай өмір сүрген дәуірден бөлек еді. 1968 жылғы капитализмге жол ашқан низамның ескі құрылысты біраз ыдыратып, «күрт өзгеріс» туғызуына қарамастан, крепостнойлық тәртіп жойылмай, қазақ даласында феодализм, отаршылдық саясат толығымен өмір сүріп келді. Сонымен қатар бұл кезеңде капитализм нышаны едәуір айқындалып, оның да қайшылықтары көзге түседі. Қала, сауда, зауыт, фабрика, темір жолдың дамуы соның айғағы. Капитализм ағымы ауыл шаршуашылығына да еніп, шаруалардың жаппай кедейленуі, байларға арзан жұмыс қолы болып жұтауы күшейе түседі. Сөйтіп феодалдық және капиталистік қанау елді қос тақымға алады. Оның үстіне би, болыс, ұлықтардың жемі болған бұқара халық патшалық-отаршылдық езгіде болды. Ел басына түскен алым-салықтың ауыртпалығын шаруалар көтерді. Ұрлық, өтірік, барымта, айтыс-тартыс, зорлық-зомбылық және парақорлық дегеннің шегі болмады. Ұзамай-ақ, Ресей жерінде халық азаттығы күресінің теңізі шалқып, тап кщүресінің ұлы бір кезеңі басталып кетеді. Оның бастамасы 1905 жылғы буржуазиялық-демократиялық төңкеріс болған-ды.

Сөйтіп 1900-1917 жылдар арасы революциялық қимылдар дәуірі болғанды. Бұл кезеңдегі басты міндет – патшаны, одан соң қанаушыларды биліктен қуу еді.

Бұл тарихи қозғалыстан қазақ даласы да шет қалған жоқ. Ресейдегі 1905 жыл идеясы бізде 1916 жыл оқиғасын тудырды.

1905 жыл оқиғасы қазақ даласында түрліше бағыттағы газет журналдардың шығуына, сол негізде қоғамдық ойдың жетілуіне біршама жол ашты. Бұл кезге дейін қазақ тілінде шығып тұрған «Дала уалаятының газеті» (Семей 1888-1902) ғана болса. 1907 жылы «Қазақ» (Тройцк), 1911 жылы «Қазақстан» (Орда) газеттері шығып, ұзамай қайта жабылып қалады. Осылардың ішінен Тройцкідегі демократиялық бағытта болған «Айқап» журналының шығуы (1911-1915) Қазақстандағы қоғамдық саяси ой-сананың күрт өскендігінің жарқын белгісі болды. Оның редакторы – М. Сералин еді.

«Айқап» журналымен қатар қазақ оқымыстылары Орынбордан «Қазақ» газетін де шығарды (1913-1918).

1917 жылы «Сарыарқа» (Семей), «Үш жүз» (Петропавл), «Бірлік туы» (Ташкент) газеттері шығады.

«Айқап» журналы өз маңына прогресшіл-днмократиялық бағыттағы жазушыларды топтастырса, «Қазақ» газетінің төңірегінде де қазақ оқымыстылары аз болған жоқ. Сонымен қатар жазба әдебиетке бейімднлгне Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Мұхамеджан Сералин, Шәкәрім Құдайбердиев, т.б. қаламгерлердің жинақтары жарық көрді.

Сөйтіп, XX ғасыр басындағы сыншыл реалистік әдебиет қазақ халқының ой-санасын жетілдіріп қана қоймай, оны 1916 жылғы ұлт бостандығы қимылына әкелген еді.

Сөйтіп, XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінде екі түрлі бағыт болды дейміз: - бірі ескі сюжеттерге негізделген романтизм, екіншісі – ағартушылық демократиялық бағыттағы сыншыл реализм.


Лекция №2

(1 сағат)


Тақырып: Әдебиеттің даму бағыттары
Жоспар:

  1. Діни – ағартушылық бағыт.

  2. Ағартушы-демократтық бағыт.

  3. Аталған екі бағыттағы әдебиет өкілдеріне ортақ қасиеттер.


Пайдаланатын әдебиеттер:

НЕГІЗГІ
1.XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. А. 1994.

2. Бисенғали З. XX ғасыр басындағы қазақ романы. А. 1997.

3.Кенжебаев Б. XX ғасыр басындағы әдебиет. А. 1993.


  1. Қазақ әдебиетінің тарихы. 6 томдық, 2-том, 2-кітап. А. 1965.

  2. Қазақ әдебиетінің қысқашы тарихы. 2-кітап. А. 2002.

  3. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни ағартушылық ағым. А. 1998.

ҚОСЫМША

1. .Абай тағылымы. Алматы.1986.

2. Әдіманұлы Ө. XX ғасыр бас кезіндегі әдебиеті. А. 2002.

3. Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде.А. 1969.



  1. Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы.А. 1988.

  2. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. А. 1992.

  3. Әдіманұлы Ө. “Қазақ” газеті А. 1993.

  4. Бес арыс. А. 1992.

Лекция мәтіні

Бұл бағыттың да ағартушылық сипаттары мол. Оған Н. Наушабаев, М. Қалтаев, Әбубәкір Кердері, Мәшһүр Жүсіп, Т. Ізтілеуов, Ш. Жәңгіров сияқты басқа да ақындарды жатқызамыз. Өздерінің стилі жағынан бұлар қазақ арасына кеңінен тараған шығыс әдебиетінің соңғы бір көрінісі болған-ды.

Бұл ақын-жазушылар оқулықтарда кейде “кітапшыл ақындар” аталып жүрді; бұларды біздегі кейбір әдебиетшілер “кітаби ақындар” деп атауды орынды көреді.Өз еңбектерінде солай деп атайды.

Біздіңше ол дұрыс емес. Себебі кітаби ақын, жазушы деген ат ерте уақыттағы, қоғам

өмірімен қарым-қатынасы, байланысы жоқ, тек ескі діни кітаптарда бастырып қана отырған. Апқын-жазушыны көзге елестетеді. Бұл атауды феодалдық дәуірдегі әдебиетте: өлең, жыр сияқты көркем шығарманы бірқатар ақын-жазушыны ауызша айтып, бірқатар ақын-жазушылар жазып, ктап етіп шығарып отырғанда қолдануға болар еді.

Рас, XX басындағы аталған ақын-жазушылардың көрген мектебі, оқып нәр, азық алған әдебиеті – ертедегі араб, парсы әдеьиеті, қазақтың, татардың, азербайжанның, Орта Азия халықтарының бұрынғы әдебиеті, Шығыстық әдеьи дәстүрі еді.

Бұлардың кейбіреулері, біраз ретте, араб, парсы хикаяларын, “Мың бір түн”, “Шахнама”, “Тотының тоқсан тарауы”, әңгімелерін, қазақтың ертек, аңыздарын бұрынғы шығыс әдебиеті дәстүрінде қисса, дастан, мысал, назым етіп жазды; шығармаларынды кітап, араб, парсы сөздерін, діни сөздерді көбірек кірістірді.

Дегенмен, тұтас алғанда бұл ақын –жазушылар азды-көптіөмірмен байланысты болды; қоғам өмірімен араласты; шығармаларының тақырыбын көбіне қазақ халқының өз тұстарындағы қоғамдық өмірінен алып жазды; азды-көпті қазақ өмірінің күнделікті әлеуметтік мәселесін сөз етті.

Қазақтың XX ғасыр басындағы кітап шығарып, газет-журналдарға өлең-жыр, әңгіме, мақала жазып көбірек көрінген, жалпы алғанда демократиялық-ағартушылық бағытта болған ақын, жазушылары – Мұхаметжан Сералин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әріп Тәңірбергенов, Спандияр Көбеев, Сәбит Дөнентаев, Бекет Өтетілеудв, Әкірам Ғалиев тағы басқалар.

Бұл ақын-жазушылар қазақша-жаңаша, орысша оқыды; дүниелік ғылым, білім алды; қазақтың, Орта Азия халықтарының, татардың бұрынғы, өз тұстарындағы әдебиеті мен мәдениетінен, орыс халқының бұрынғы өз тұстарындағы үлгілі әдебиеті мен мәдениетінен нәр алды; осылардың жақсы дәстүрінде тәрбиеленді. Жазушы, әлеумет қайраткері ретінде, әдебиет майданына 1905-1907 жылдардағы буржуазиялық-демократиялық төңкерістің елімізде сонан кейінгі болған саяси-әлеуметтік жағдайдың нәтижесінде шықты.

Осыдан бұл ақын, жазушылар қазақ арасындағы барлық ескілік қалдығын, дінді теңсіздікті, патшы өкіметінің отаршылдық саясатын, бектік-феодалдық, капиталистік қанауды сынады; халықтың бостандығын, теңдігін, бақытты өмірн, әйелдің бас-бостандығын, теңдігін аңсады және сол жолда қызмет етті.

1916 жылғы көтеріліс туралы жырлар қазақ халқының ежедгі ауыз әдебиеті дәстүріндегі жаңа дәуірде, ел өмірінде болған жаңа озқиғаға байланысты шығарылған жаңа, патриоттық ерлік жырлар. Соған орай ол жырлардың бұрынғы ауыз әдебиетіне ұқсасьығы да, өзіндік тіл, стиль, жанр ерекшелігі де бар, ауыз әдебиетіне тән реализм негізінде жасалған реалистік халық поэзиясы.

1916 жылғы көтеріліс туралы жырлар қазақ халқының сол жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің тәжірибесінен туды; қазақ кеңес поэзиясы кеңестік социалистік қоғам өмірінің шындығынан туды.
Лекция №3

(1 сағат)


Тақырып: Діни-ағартушылық бағыттағы әдебиет
Жоспар:

    1. Бұл топтағы ақындар шығармашылығының күрделілік сипаты.

    2. Шығармаларының мазмұны.

    3. Олардың ортақ сипаттарының молдығы.


Пайдаланатын әдебиеттер:

НЕГІЗГІ

1. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. А. 1994.



  1. Бисенғали З. XX ғасыр басындағы қазақ романы. А. 1997.

  2. Кенжебаев Б. XX ғасыр басындағы әдебиет. А. 1993.

  3. Қазақ әдебиетінің тарихы. 6 томдық, 2-том, 2-кітап. А. 1965.

  4. Қазақ әдебиетінің қысқашы тарихы. 2-кітап. А. 2002.

  5. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни ағартушылық ағым. А. 1998.

ҚОСЫМША

1. Абай тағылымы. Алматы.1986.

2.Әдіманұлы Ө. XX ғасыр бас кезіндегі әдебиеті. А. 2002.

3.Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде.А. 1969.



    1. Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы.А. 1988.

    2. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. А. 1992.

    3. Әдіманұлы Ө. “Қазақ” газеті А. 1993.

    4. Бес арыс. А. 1992.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет