«xx ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» пәні бойынша



бет3/11
Дата25.02.2016
өлшемі0.94 Mb.
#19986
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Лекция мәтіні

Ұлы Қазан социалистік төңкерісіне дейінгі дәуірде азды-көпті өлең жазып, кітап бастырып, халық арасында атағы шыққан ақын-жазушылардан Ақмолда, Әбубәкір, Нұржан, МәшһүрЖүсіп, Шәһді, Мақыш сияқтылар мұсылманша, ескіше оқыған, діни тәлім-тәрбие алғандар еді. Бұлардың кейбірі Бұхара, Ташкент, кейбірі Уфа, Қазанда, кейбірі Орынбор, Троицкіде мектеп, медресе бітірген, Кейбірі Мекеге барып қайтқан молда, қажылар болатын да, ал көьі ел арасында молда, қажы болып жүрген діни көзқарастаға адамдар еді.

Олардың әдеби мектебі, оқып үлгі нәр алған әдебиеті, ертедегі арап, парсы, қазақ, татар, азербайжан, Орта Азия халықтарының ескі әдебиеті, шығыстық әдеби дәстүр болатын.

Бұлардың бірсыпырасы күнделікті өмірден алып, өз тұстарында болып жатқан қоғамдық оқиғаларға байланысты өлең, жыр жазды; оларын қазақтың бұрынғы ауыз әдебиеті, жеке ақындар дәстүрінде жазды. Ол шығармаларында қайсібір кездерде дүниеқоңыз байларды, надан молдаларды, парақор би-болыстарды, ел арасындағы жолсыздықты сынады; оларды Шариғат, низамы жөнімен түзетуді ойлады. Сөйте тұрса да бұлардың бұлардың бірқатары кейде қазақ халқының бұрынғы ру-ақсақалдық, хандық заманын дәріптеп жазды; өз тұстарындағы буржуазияшыл-ұльшылдыққа, реакцяшыл панисламизм, пантюркизмге іш тартты, қат-қабат қайшылықтар мен қателіктерге ұрынды.

Лекция №4

(1 сағат)


Тақырып: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931)
Жоспар:

  1. Шығармашылық өмірбаяны.

  2. Сатиралық үлгідегі өлеңі.

  3. Мәшһүр Жүсіптің дастандары туралы мәлімет.

  4. Мәшһүр Жүсіптің халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы еңбегі.


Пайдаланатын әдебиеттер:

НЕГІЗГІ
1. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. А. 1994.

  1. Бисенғали З. XX ғасыр басындағы қазақ романы. А. 1997.

  2. Кенжебаев Б. XX ғасыр басындағы әдебиет. А. 1993.

  3. Қазақ әдебиетінің тарихы. 6 томдық, 2-том, 2-кітап. А. 1965.

  4. Қазақ әдебиетінің қысқашы тарихы. 2-кітап. А. 2002.

  5. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни ағартушылық ағым. А. 1998.

ҚОСЫМША

1. Абай тағылымы. Алматы.1986.

2. Әдіманұлы Ө. XX ғасыр бас кезіндегі әдебиеті. А. 2002.

3.Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде.А. 1969.

4.Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы.А. 1988.


  1. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. А. 1992.

  2. Әдіманұлы Ө. “Қазақ” газеті А. 1993.

  3. Бес арыс. А. 1992.


Лекция мәтіні

М. Көпеев Баянауыл жерінде туып, Бұхарада дін оқуын үйренген. Бірақ ол молдалықтан қол үзіп, «Дала уалаятының газеті», «Айқап» бетінде елдің әл-ауқаты мен хал-жағдайын қатысты өлең-мақалдарын жариялап, қазақ ауыз әдебиетін көп жинаған адам. Көзі тірісінде бірнеше өлеңдер жинағы жарық көреді.

М. Көбеевтің Н. Наушабаевтан айырмашылығы, ол өз кезеңінің саяси жағдайынан хабардар болады. Реакция жылдарында патша өкіметі 1905 жылғы 17 қазан мерекесін шығарып, жұртқа сөз, ұждан, право бостандығын беремін деп бірақ келер жылы сол манифесті ауызға алғандардың бәрін де қамауға алған. Осы қиянатты көрген ақын:

Қазаққа бұл күнгеше есіттірмей,

Аты бар, өзі жоқ қып қойды басып.

Түңілді естіген жұрт мұнан таза,

Дым да жоқ білмегенге, білгенге аза,

Манифест бар деушілер тұтқын болып,

Кесілді еш себепсіз оған жаза,-

деп толғнады. Қазақ халқы сенім артқан, көзін тіккен 1905 жыл оқиғасы жеміс бермеді дейді. «Бар құдай бізге жарық таңды атыр» деп, бостандықты көксейді. Бірақ оны күрес жолымен емес, «халыққа мархабатшы патшаның» өз қолынан алмақ. Ақын ендігі үмітін думаға артады. «Дума туралы» деген өлеңінде Жүсіп думаға жақсы адамдар сайлансын, қойылатын талап –дін бостандығы, мұжыққа кеткен жерді қайтару, құрмет ұраны болсын дейді.

Манифест сияқты думадан да ешқандай «бостандық» күтуге болмайтын еді. Ақынның көз қарасындағы қайшылықтар жер мәселесіне келгенде де байқалады. Қазақ кедейлерінің жерсіз қалып, тұрмысының ауырлауына орыс мұжықтарының көптеп ағылыуы басты себеп екенін, көп жазды.

Лекция №5

(1 сағат)
Тақырып: Мақыш Қалтайұлы (1868-1916)
Жоспар:


  1. Шығармашылық өмірбаяны.

  2. Өлеңдерінде адамгершілік пен имандылықты насихаттау.

  3. Мысал жанры саласындағы еңбегі.


Пайдаланатын әдебиеттер:

НЕГІЗГІ
1. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. А. 1994.

  1. Бисенғали З. XX ғасыр басындағы қазақ романы. А. 1997.

  2. Кенжебаев Б. XX ғасыр басындағы әдебиет. А. 1993.

  3. Қазақ әдебиетінің тарихы. 6 томдық, 2-том, 2-кітап. А. 1965.

  4. Қазақ әдебиетінің қысқашы тарихы. 2-кітап. А. 2002.

  5. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни ағартушылық ағым. А. 1998.



ҚОСЫМША

1. Абай тағылымы. Алматы.1986.

2. Әдіманұлы Ө. XX ғасыр бас кезіндегі әдебиеті. А. 2002.

3. Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде.А. 1969.

4. Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы.А. 1988.


  1. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. А. 1992.

  2. Әдіманұлы Ө. “Қазақ” газеті А. 1993.

  3. Бес арыс. А. 1992.

Лекция мәтіні

Мақыш Қалтайұлы Ақмола маңында туған. Жасынан мұсылманшы көп оқыған. Қажыға барып қайтқан. Бұрынғы Целинаград, қазіргі Көкшетау. Солтүстік Қазақстан обылыстарында, Троицкіде молда болып, бала оқытып, қажылық құрып өмір сүрген. Бұрынғы Семей, Жетісу губернияларындағы қазақтар арасында да болған.

Өзінің айтуы бойынша, Мақыш 1907 жылдан бастап әдебиетпен айналысады: кітаптар жазып, бастырады. Ол өз жанынан алты кітьап жазған, татар тілінен екі кітап аударған. Ол – үлкенді- кішілі сегіз кітап бастырып шығартқан.

Мақыш “Насихат қазақия” (1907) кітабында көптеген күрделі мәселелерді қозғайды: дүние, тіршілік, заман туралы, семья, ұлт, отан жайлы, дін. Ұждан, әдет-ғұрып, мінез, әдеп мәселесіне ой-пікір айтады. Ол бхұларды діни уағызбенжалпы ізгілік, адамгершілік сипаттапрогрестік жолиен түсіндіреді.

“Қалтайұлының қазақ ахуалын баян еткен манзумасы”(1909) кітабында негізгі тақырып: қазақ әкімдері, ишандар хақында, Қазақтың қатын алуы хақында, ғылым үйрену парызы, ата, ананы, ұстазды ренжітпеу хақында жалған ант, пақырлар хақында, қажы хақында, үміт қылу хақында.

“Мәшһүр Қалтаев”(1910)Мақыштың бұл кітабы лншақты мысалдан құралған. Бәрі де мінез-құлық, адамгершілік туралы насихат, ғибрат сөздер.

“Қазақтың айнасы” (1910) Мұндағы мақсаты – заман жайын, қазақ халін айнада көргендей етіп көрсету, оларды “бетің қисық болса, айнаға өкпелеме” деген оймен сынайды.

“Тура жол”(1912) Мазмұны : 1) Заман хақында, 2) Қожалар хақында, 3) Жастар хақында, 4) Рух (жан) хақында, 5) Мақсатым, 6) Кітап бастырушылар хақында, 7) Газеттің керектігі хақында бір-екі сөз.(бұл мақала).

«Айна»(1913)(Авторы З. Карими. Татаршадан аударған М. Қалтаев.)мазмұны: 1. Айна. 2. Шиғыр жыр. 3. Міллет. 4. ...Ға. 5. Қатындардың бала уатуы. 6. Алтынға. 7. Досыма бір кеңес. 8. Қалам. 9. Қаламның айтқаны. 10. Ауру халімдегі уақиғалар. 11. Ығылан. 12. Сыбия бір қызға. 13. Қара теңіз елі. 14. Сопылық. 15. Арулықта.16. Бір қартқа жауап. 17. Жұмбақ. 18. Өлімнен ұят күшті. 19. Бр-екі сөз.

«Сақ. сұқ». 1913 жыл. (Авторы Ғ. Ғ. Рашиди). Татаршадан аударған М. Қалтаев. Кітап өлеңмен жазылған. Ертегі және бірнеше өлеңнен құрастарған.

«Бар оқиға». 1913 жыл. Кітаптың атының өзі дүниеде, тұрмыста, қазақ арасында болған, болып жатқан оқиға, соның бәрі оның көзімен көргені, оқып, іздестіріп білгені, ақырғы түйгені дегенді аңғартады.

«Әйел бостандығы туралы» (Мақала). «Қызды күйеуге берерде малының санына қарағанша, беретін адамына қарау керек емес пе?.. шариғатымыз бойынша күйеу болар адамды билеушілердің сүюі шарт па еді? Баратын қыздың өзі сүюі шарт емес пе еді?.. Мың біткен байдың айбаты-қайбаты, кәрі-құртаңы-бәрі-бәрі бола бере ме? Адамы тең болмаса, малға қыздың басын сатып алғанмен, көңілі сатылып алынар ма екен?.. қыздың баратын адамын сол бала өзі ықтияр қылсын деп низами ерік беріп қойған жоқ па?..қысқасы, шариғатымызға низамиға, бұрынғының теңі келсе тегін бер, деген сөзіне хилап болған ғұрып-әдетімізді қою парыз, қоймау харам болса керек», - дейді.


Лекция №6

(1 сағат)


Тақырып: Нұржан Наушабайұлы (1859-1919 )
Жоспар:

  1. Шығармашылық өмірбаяны.

  2. Өзі өмір сүрген заман жайында шығармалар жазуы.

  3. «Назымдары» және олардың көркемдік деңгейі.


Пайдаланатын әдебиеттер:

НЕГІЗГІ
1. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. А. 1994.

  1. Бисенғали З. XX ғасыр басындағы қазақ романы. А. 1997.

  2. Кенжебаев Б. XX ғасыр басындағы әдебиет. А. 1993.

  3. Қазақ әдебиетінің тарихы. 6 томдық, 2-том, 2-кітап. А. 1965.

  4. Қазақ әдебиетінің қысқашы тарихы. 2-кітап. А. 2002.

  5. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни ағартушылық ағым. А. 1998.

ҚОСЫМША

1. Абай тағылымы. Алматы.1986.

2. Әдіманұлы Ө. XX ғасыр бас кезіндегі әдебиеті. А. 2002.

3.Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде.А. 1969.



  1. Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы.А. 1988.

  2. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. А. 1992.

  3. Әдіманұлы Ө. “Қазақ” газеті А. 1993.

  4. Бес арыс. А. 1992.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет