Нұржан Наушабайұлы (1859-1919) – кітаби ақындардың көрнекті өкілі, жастық, жігіттік шағын ел арадап ән салып, ойын сауық құрып серілікпен өткізеді. Ыбырай Алтынсаринмен кездесу оның ақындық жолында елеулі бетбұрыс болады. енді замана жайын, ел өмірін жырлауға көшеді. Адам мінезіндегі артық-кем жайттарды тұспалдап теңейді. Бірақ ақынның көптеген күрделі әлеуметтік мәселелерді теріс түсінгендігі байқалады, «заман азды, заң тозды» деген күйректік ұғым деңгейінен аса алмайды. өз бетімен көп оқып, білімін жетілдіреді, әсіресе, шығыс әдебиетін, шағатай тіліндегі кітаптарды шұқшия оқиды. Шығыс ертегі аңыздарын сюжетін пайдаланып, мысалдар жазады. Н. Наушабайұлы сонымен қатар халық ауыз әдебиетін жоғары қадірлеп, өзі де мақалдар, мәтелдер, тақпақтап сөйлеуге машық болған. Назымдары түгелдей дерлік ауыз әдебиеті үлгісінде, нақыл сөздер түрінде жазылған.
Ақынның үш кітабы жарық көрген: «Манзұмат казакия» (1903), «Сапарғали мен Нұржанның айтысқан жұмбақтары» (1903), «Алаш» (1910). Бертінде Н. Наушабайұлы өлеңдерінің бір тобы «XX ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалары» (1963) жинағында басылды.
«Алтыншы назым», «Түлкі мен әтештің хикаясы», «Өгіз бен есектің хикаясы» - алғаш «Манзұмат қазақия» кітабында, кейіннен осы хрестоматияның басылымында жарияланған.
«Тақпақ назым» - алғаш ақынның «Алаш» деген кітабында, бертінде осы хрестоматияның бірінші басылымында жарияланды.
Бірсырыпа өлеңдерінде Нұржан заман жайын, қазақтың бұрынғы өз тұсындағы тұрмысын, ел билеген адамдардың іс-әрекеттерін, оқу-өнер, білім, дәулет, бақыт, мінез-құлық мәселелерін сөз етеді. Солар жөнінде бірталай орынды, маңызды, келісті өсиеттер, мақал-мәтел, нақыл сөздер айтады. Бірақ соның бәрін Нұржан заман бұзылды, қазақтың бұрынғы дәурені құрыды, ауыр заман таянды деген пессимистік ой тұрғысынан баяндайды.
Нұржан өлеңдерінің көпшілігі ислам дінінің мән-жайы, парыз-қарызы, заң шариғаты, о дүние, бұ дүние діндар адамдардың мінезі, жақсылық, жамандық жайында болып келеді.
Лекция №7
(1 сағат)
Тақырып: Шәді Жәңгірұлы(1855-1933)
Жоспар:
-
Шығармашылық өмірбаяны.
-
Шығармаларындағы халыққа білім беру мәселесі.
-
Имандылық, ағартушылық идеяда жазған шығармалары.
Пайдаланатын әдебиеттер:
НЕГІЗГІ
1. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. А. 1994.
-
Бисенғали З. XX ғасыр басындағы қазақ романы. А. 1997.
-
Кенжебаев Б. XX ғасыр басындағы әдебиет. А. 1993.
-
Қазақ әдебиетінің тарихы. 6 томдық, 2-том, 2-кітап. А. 1965.
-
Қазақ әдебиетінің қысқашы тарихы. 2-кітап. А. 2002.
-
Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни ағартушылық ағым. А. 1998.
ҚОСЫМША
1. Абай тағылымы. Алматы.1986.
2. Әдіманұлы Ө. XX ғасыр бас кезіндегі әдебиеті. А. 2002.
3.Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде.А. 1969.
-
Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы.А. 1988.
-
Әбдіғазиев Б. Асыл арна. А. 1992.
-
Әдіманұлы Ө. “Қазақ” газеті А. 1993.
-
Бес арыс. А. 1992.
Лекция мәтіні
Шәді Жәңгірұлы (1865-1931) Түркістан жерінде туған.
Шоқан сияқты Шәді төре Жәңгірұлы да (шын аты Сұлтанбек) Абылайханның нәсілінен тараған ұрпақ. «Арқар ұранды» Абылайдың бір баласы- Уәли, одан Шыңғыс, Шыңғыстан Шоқан туады. Бір баласы- Қасым.осы қасқа жолды Қасымнан Есенгелді, Ержан, Құдайменде, Кенесары, Наурызбай туады. Шәді-Есенгелдінің немересі. Өз әкесі-Жәңгір. Кенесары мен Наурызбай қол бастаған батыр болса, Есенгелді елге сөзі өтімді би, шешен екен. Жәңгір Кенесарының оң қолы, қажырлы қайраткерлерінің бірі болған. 1847 жылы Кенесары мерт болған соң, оның кіші әйелі Мәуіт ханымды әмеңгерлік ретімен осы Жәңгір алған.
Шәді ертедегі араб, парсы, шағатай әдебиеттерінде, Орта Азия, Азербайжан, түркмен халықтарының бұрынғы әдебиеттерінде жырланған тақырыптарды өзінше қайта жырлаған шығармалары: «Қисса қырық уәзір» (1911), «Назым Шәріп» (1917), «Хатымтайдың хикаясы» (1914), «Хикаят Халифа Харун Рашид» (1917), «Искендер Зұлхарнайын», т.б. Ал Шәдінің сол әдебиеттерге еліктей отырып, өзі жазған шығармалары: «Хайбар» (1910), «Романов нәсілінен хукмыранлык қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыншылық заманынан бері қазақ халқының ахуалы» (1912), «Келіннің бетін ашатын терме» (1914), «Хикаят Өрка-Күлше» (1917), «Кәмәрүз заман» «Қарынның жер жұтқан оқиғасы» (1917), «Қисса Бәлгәм Бағұр» (1917) т.б.
Шәді – діни көзқарастағы, ағартушылық бағыттағы ақын. Ол шығармаларында жалпы адамгершілікті, насихаттайды. Кейде оның шығармаларында ертедегі шығыс әдебиетінде болған сопылық сарын да байқалады.
Лекция №8
(1 сағат)
Тақырып: Тұрмағанбет Ізтілеуұлы (1882-1939)
Жоспар:
-
Шығармашылық өмірбаяны.
-
Шығыстық үлгіде өлең жазуы.
-
Абай өлеңдері үлгісінде өлең жазуы.
-
Өлеңдеріндегі философиялық түйіндер.
Пайдаланатын әдебиеттер:
НЕГІЗГІ
1. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. А. 1994.
-
Бисенғали З. XX ғасыр басындағы қазақ романы. А. 1997.
-
Кенжебаев Б. XX ғасыр басындағы әдебиет. А. 1993.
-
Қазақ әдебиетінің тарихы. 6 томдық, 2-том, 2-кітап. А. 1965.
-
Қазақ әдебиетінің қысқашы тарихы. 2-кітап. А. 2002.
-
Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни ағартушылық ағым. А. 1998.
ҚОСЫМША
1. Абай тағылымы. Алматы.1986.
2. Әдіманұлы Ө. XX ғасыр бас кезіндегі әдебиеті. А. 2002.
3. Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде.А. 1969.
4. Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы.А. 1988.
-
Әбдіғазиев Б. Асыл арна. А. 1992.
-
Әдіманұлы Ө. “Қазақ” газеті А. 1993.
-
Бес арыс. А. 1992.
Лекция мәтіні
Тұрмағамбет Ізтілеуұлы төңкерістен бұрын да, кейін де көптеген эпикалық шығармалар жазған. Сыр бойының саңлақ ақындарының бірі. Өзімен иықтас кітаби ақындар сияқты Т. Ізтілеуұлы да діни медреселерде оқыған. Ауыз әдебиетімен қатар, шығыс әдебиетінен мол нәр алған, араб, парсы, шағатай тілдерін жетік білген адам. Ол шығыс әдебиетінің классикалық үлгілері – «шахнама» мен «Тотынамадан» «Мың бір түн» мен «Іскендірнамадан» үзінділер аударған, жеке сюжеттерін негізге алып, мысалдар, хикаялар, дастандар жазған. Ақынның артында қалған әдеби мұрасында ғмибраттық, үгіттік өлеңдері,лирикасы, сондай-ақ Кеңес үкіметі жылдарында Октябрді, Ленинді, партияны жырлаған шығармалары өз алдына бір сала. Т. Ізтілеуұлының творчестволық табысы - өмірдің соңғы кезеңінде жазған. «Рүстем - дастан» кітабы. «Мынау еңбекті Фирдаусидің», «Шахнамасынан» тікелей жасаған аударма демейміз. Сол Фирдауси үлгісімен халық ақыны Тұрмағамбеттің өзі өлең етіп жазған Рүстем жөніндегі дастаны дейміз» (М. Әуезов).
Ақынның көзі тірісінде шығармалары жинақтар мен мектеп хрестоматияларында, газеттер мен журналдарда жарияланғаны болмаса, жеке кітап болып шыққан жоқ. Тек кейінгі кезде екі кітабы жарық көрді. «Рүстем - дастан» (1961) және «Назым» (Таңдамалы шығармалар) (1972). Ақынның хрестоматияға кіріп отырған өлеңдерінің бәрі «Назым» кітабынан алынған.
XX ғасыр бас кезінде Сыр бойында қисса, айтыс поэзиясы өріс алған еді. Т. Ізтілеуұлы осы жаңалықтың басында тұрған адам. Тұрмағамбеттің өлеңге енгізген жаңалығы қос ұйқас, Тұрмағамбет мектебіндегі қара өлең бунақтары 3-4-4 болып келетін болса, мұның өзі Сыр бойында әннің жаңа түрін туғызған. Соның бірі 4-3, 4-4-3 болып келетін «Түркмен күйі» өлшеуі дейміз.
Ақынның тағы бір ерекшелігі - өлеңдерінің дыбыстық құрылысында аллетерация мен ассонастың інжудей төгіліп тұруы. Т. Ізтілеуұылының ақындық стилі Орта Азияның орта ғасырлық реализмнен туған еді. Сол стилді ақын «Назымға» енген 7 қиссада қолданған. Ондағы сатира элементі Науаи дәстүрінің көрінісі. Тұрмағамбет Науаидің романтизмін емес, реалимтік сатирасын алған. Бұл да шағатай әулетіне тән реализм. Т. Ізтілеуұлының қисса стилі де елеулі 7 қиссасын айтпағанда, оның «Шахнамасы» қиссалардың алыбы еді. Ақын үшін қисса реализмнің басы.
Лекция №9
(1 сағат)
Тақырып: Мұсабек Байзақұлы (1849-1932)
Жоспар:
1.Шығармашылық өмірбаяны.
-
Өлеңдерінде заман суретінің бейнеленуі.
-
Өлеңдерінде ағартушылық ойдың көтерілуі.
Пайдаланатын әдебиеттер:
НЕГІЗГІ
1. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. А. 1994.
-
Бисенғали З. XX ғасыр басындағы қазақ романы. А. 1997.
-
Кенжебаев Б. XX ғасыр басындағы әдебиет. А. 1993.
-
Қазақ әдебиетінің тарихы. 6 томдық, 2-том, 2-кітап. А. 1965.
-
Қазақ әдебиетінің қысқашы тарихы. 2-кітап. А. 2002.
-
Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни ағартушылық ағым. А. 1998.
ҚОСЫМША
1. Абай тағылымы. Алматы.1986.
2. Әдіманұлы Ө. XX ғасыр бас кезіндегі әдебиеті. А. 2002.
3.Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде.А. 1969.
-
Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы.А. 1988.
-
Әбдіғазиев Б. Асыл арна. А. 1992.
-
Әдіманұлы Ө. “Қазақ” газеті А. 1993.
-
Бес арыс. А. 1992.
Достарыңызбен бөлісу: |