«xx ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» пәні бойынша



бет8/11
Дата25.02.2016
өлшемі0.94 Mb.
#19986
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Лекция мәтіні

М. Сералин (1872-1929) ең алдымен қазақ журналистикасының тұңғыш пионері ретінде көпке белгілі, ол 1911/15 жылдарда Тройцк қаласында «Айқап» журналын шығарып тұрған, оның озық ағартушылық, дарынды журналистік қызметі «Айқап» арқылы жұртқа танылады.

Октьябр алдындағы қазақ әдебиетінің бір жетістігі – реалистік поэмалардың тууы болса, бұл бағытта алғаш қалам тартқан ақын – М. Сералин. Екі ғасырдың өліарасында жарық көрген «Топжарған», «Гүлхашима» поэмалары өздерінің жанрлық және тақырыптық сонылығымен қазақ поэзиясында бой көрсеткен жаңа құбылыс болған еді. Алғашқысында ақын өткен ғасырдың қырқыншы жылдарында болған феодалдық-монархиялық қозғалысқа қатысушылардың реалды кескін келбетін паш етуді мақсат етсе, екіншісінде қазақ әйелдерінің бас бостандығы мәселесін шешу жолындағы ізденістен туған өз ой толғанысын ортаға салады, қазақ қызының бойындағы асыл қасиет – адалдықты дәріптейді. Жоғарыда аталған поэмаларынан басқа, М.Сералин Фирдоусидің ұлы туындысы «Шахнаманың» бас кейіпкері Рүстем мен оның баласы Зорапқа (Сухраб) байланысты тарауын аударып, «Айқап» журналында жариялаған.

М. Сералин Совет өкіметі тұсында партия, газет қызметінде болып, жемісті жұмыс атқарады. Ақын өміріндегі елеулі бір оқиға – ол Советтердің Бүкіл россиялық екінші съезінде делегат болып барады, Қазақстан делегациясының құрамында В. И. Ленинді жерлеуге қатысады. Ұлы көсемге арнап өлеңдер жазады.

«Топжарған» - 1898 жылы жазылып, 1900 жылы Тройцкіде жеке кітап болып шыққан. Бертінде, совет жылдарында поэма екі рет жарияланды: орта мектепке арналған «Қазақ әдебиеті» хрестоматиясында (1942) және «Дастандар» жинағында (1960). Алғашқысы мен соңғы басылымдарының арасында көптеген алшақтық бары байқалады. Төмендегі жолдарда Кенесары мен оның төңірегіндегілердің бейбіт елдің тынышын кетіріп, аулын шауып, адамын тұтқындап, малын айдап кеткен қылмысты істері айқын көрінеді:

Жатпайды жігіттері ханның текке,

Жорыққа жортуылшы шығар шетке.

Жерлерден кезі келген жылқы алып,

Олжаны қуғыншылар салар көпке.

Семізін келген малдың сойып жеген,

Ат, киім жаудан түссе, мініп, киген.

Жетім мен жесір алса жортуылдап

Өзіне алушының түгел тиген.

Міне бұл жолдар поэманың соңғы басылымдарында жоқ.

Хрестоматияда поэманың 1900 жылы жарық көрген нұсқасы беріліп отыр.

«Гүлһашима» - 1901 жылы жазылған, 1903 жылы Орынборда жеке кітап болып шыққан. «Дастандар» жинағында, XX ғасыр басындағы ақындарының шығармаларында (1963) жарияланған. Сондай-ақ осы хрестоматияның бірінші басылымына кірген болатын. Бұл жолы 1903 жылғы жарық көрген нұсқасы шамалы қысқартулармен беріліп отыр.


Лекция №16

(1 сағат)


Тақырып: Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937)

Жоспар:

1.Шығармашылық өмірбаяны.

2.Поэзиясы.

3.Аудармалары.

4.Көсемсөз саласындағы еңбегі.
Пайдаланатын әдебиеттер:

НЕГІЗГІ


  1. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. А. 1994.

  2. Бисенғали З. XX ғасыр басындағы қазақ романы. А. 1997.

  3. Кенжебаев Б. XX ғасыр басындағы әдебиет. А. 1993.

  4. Қазақ әдебиетінің тарихы. 6 томдық, 2-том, 2-кітап. А. 1965.

  5. Қазақ әдебиетінің қысқашы тарихы. 2-кітап. А. 2002.

  6. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни ағартушылық ағым. А. 1998.

ҚОСЫМША

  1. Абай тағылымы. Алматы.1986.

  2. Әдіманұлы Ө. XX ғасыр бас кезіндегі әдебиеті. А. 2002.

  3. Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде.А. 1969.

  4. Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы.А. 1988.

  1. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. А. 1992.

  2. Әдіманұлы Ө. “Қазақ” газеті А. 1993.

  3. Бес арыс. А. 1992.

Лекция мәтіні

Әдебиет зерттеушісі, ғалым-тілші, ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынов қазіргі Қостанай облысы, Торғай алабындағы Сарытүбек жерінде туған. 1882-1884 жылдары өз ауылында хат танып, сауат ашады.1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі кластық орысша-қазақша училищеде дқиды. 1891-1895 жылы Орынбордағы мұғалімдік мектепті бітіреді. Ауыл мектептеріне мұғалым болады.

Ахмет Байтұрсыновтың дүниеге келгеніне жарты ғасыр толған мерекесінің құрметіне арнап, 1923 жылы жариялаған «Ахаңның елу жылдық тойы» атты мақаласында Мұхтар Әуезов: «... оқыған азаматтың тұңғышы, алғашқы шыққан көсемі болған Ахаңа арналған тұңғыш той – ой ойлаған қазақ баласының жүрегіне жылы тиетін қуанышты ісінің бірі. Әркімнің қалғыған сезімін оятып, өткен күндерін есіне түсіретін көп істің ішіндегі ірісі», - дейді.

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Мағжан Жұмабаевтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылық мұрасын зерттеу жөніндегі комиссиясының қорытындысында: «Қазақстан өнерінің енді бір көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсынов Ұлы Октябрь социалист революциясынан бұрын-ақ ағартушы, ғалым-лингвист, түрколог, орыс поэзиясының дарынды аудармашысы, бірқатар оқу құралдарының авторы ретінде кеңінен мәшһүр болған. Саяси «сенімсіздігі» үшін патша охранкасы оны бірнеше мәрте тұтқындап, жеті жыл бойы, 1910 жылдан 1917 жылға дейін, полицияның бақылауына алды», - деген. Комиссия қорытындысында А.Байтұрсыновтың жеке басындағы бүкіл қиындықтар мен қайшылықтарды көрсеткен. Отызыншы жылдары жазықсыз жазаға ұшырап, Сталиннің басшылығы кезінде республикада орын алған зорлық-зомбылықтың, социалистік заңдылықты бұзудың құрбаны болғаны атап айтылған.

Комиссияның қорытындысында және былай делінген: «Елімізде революцияға дейінгі интеллигенцияның көптеген көрнекті қайраткерлері жазықсыз қуғындалып, жазаланған 20-шы жылдардың аяғы мен 30-шы жылдардың басында Алашорданың бұрынғы жетекшілерінің контрреволюциялық қызметінің шын деректері табылыпты-мыс деген өсек-аяң А. Байтұрсыновтың үстінен де қаптап кетті.

Ол баспасөздің сан мәрте шабуылының обьектісіне айналды».

А. Байтұрсынов туралы сыңаржақ, өрескел үстірт пікірлер жалғыз Сәбит Мұқанов кітаптарында ғана емес, басқа кітаптарда да кең орын алған. Бір ғана Байтұрсынов емес, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытовтар туралы жазылған тұрпайы социологиялық, сыңар езу сындар, жоғары оқу орындарына арналған, қазір оқылып жүрген «Қазақ совет әдебиетінің тарихы» кітабында да сыңсып тұр.

Ахмет Байтұрсыновтың қуғын-сүргінде өткен өмірінің ең ақырғы қасіретті, қайғылы кезеңі туралы комиссия қорытындысында былай делінген: «ол баспасөздің сан мәрте шабуылының обьектісіне айналды және 1929 жылдың июнінде қамауға алынды. ОГПУ коллегиясында сотталып, Архангельск облысына айдауға жіберілді. Ал әйелі мен қызы Томскіге жер аударылды.

1934 жылы М.Горькийдің сол кезде Қызыл Крест комиссиясында жұмыс істеген әйелі Е. Пешкованың өтінуі бойынша А. Байтұрсынов айдаудан босатылып, Алматыға қайтып оралды. Бірақ 1937 жылдың 8 октябрінде жалған айыптаулар бойынша қайтадан тұтқындалып, атылды».

Сөйтіп, өрескел өр зорлық, зымиян зұлымдық, өктем болған сталинизм дәуірінің қара жүрек, қатыгез, қаскөй, дүлей жендеттерінің қанды қолынан Ахмет Байтұрсынов 64 жасында қаза тапты.


Лекция №17

(1 сағат)


Тақырып: Ахмет Байтұрсынұлының ғалымдық еңбектері
Жоспар:

    1. «Әдебиет танытқыштың» қазақ әдебиетіндегі орны.

    2. Ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жинап, кітап етіп бастыруы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

НЕГІЗГІ


  1. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. А. 1994.

  2. Бисенғали З. XX ғасыр басындағы қазақ романы. А. 1997.

  3. Кенжебаев Б. XX ғасыр басындағы әдебиет. А. 1993.

  4. Қазақ әдебиетінің тарихы. 6 томдық, 2-том, 2-кітап. А. 1965.

  5. Қазақ әдебиетінің қысқашы тарихы. 2-кітап. А. 2002.

  6. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни ағартушылық ағым. А. 1998.

ҚОСЫМША

    1. Абай тағылымы. Алматы.1986.

    2. Әдіманұлы Ө. XX ғасыр бас кезіндегі әдебиеті. А. 2002.

    3. Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде.А. 1969.

    4. Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы.А. 1988.

    5. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. А. 1992.

    6. Әдіманұлы Ө. “Қазақ” газеті А. 1993.

    7. Бес арыс. А. 1992.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет