«xx ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» пәні бойынша



бет7/11
Дата25.02.2016
өлшемі0.94 Mb.
#19986
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Лекция мәтіні

Сұлтанмахмұт Торайғырұлы 1893 жылдың 28 қазанында қазіргі Көкшетау облысының Қызылту ауданында дүниеге келген. Анасы өліп бір жасында жетім қалады. Сонан кейін оны қарт анасы тәрбиелейді. Сұлтанмахмұттың туған әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) момын, қулық – сұмдықты білмейтін, ақ көңіл, қолындағысын адамнан аямайтын жомарт, айтөқанынан қайтпайтын қайратты, қазақша хат білетін кедей адам болады.

Сұлтанмахмұт алты жасар кезінде әкесінен оқып хат таниды. Осыдан соң Шоқпыт кейде өзі, кейде ауыл арасындпағы молдаларға оқытып, баласын оқудан үзбейді.

1911 жылы Шоқпыттың көрші ауылы Нұрғали деген молданы ұстайды. Сұлтанмахмұт осы Нұрғалидан сабақ алады.

Сұлтанмахмұттың ақындығын, талантын, білімге құштарлығын таныған Нұрғали болашақ ақынға үлкен қалалардан білім алуға кеңес береді. 1912 жылы Сұлтанмахмұт оқу іздеп, Омбыға жетеді. Одан әрі қиыншылықпен Троицк қаласына келеді.

Троицк қаласында сол кезде қазақ, башқұрт, татар сияқты түркі халықтары оқығандарының бір тобы жиылған, түрлі мәдени, әдеби қоғамдар жұмыс істейтін. Ақынның осындай қоғам ісіне түрлі кештерге қатысуы, ең бастысы сол кездегі әдеби – қоғамдық “Айқап” журналымен байланысты Сұлтанмахмұттың шығармашылықпен айналысуына, талантының ашылып, шабытының шарықтануына игі ықпал еткені сөзсіз. Сұлтанмахмұт бұл журналда 1913-1914 жылдары ғана істейді.

Сұлтанмахмұттың бізге мәлім, кең тараған поэмалары – “Адасқан өмір”, “Кедей”, Ал Сұлтанмахмұттың “Айтыс” деп аталатын поэмасы аяқталмай қалған. “Қайғы” поэмасының небәрі 28 жолы ғана жеткен.

“Адасқан өмір” поэмасы 1918 жылдың орта шенінде жазылған. Лирикалық “мен” көркем бейненің өмірін бес кезеңге: “Мен - бала”, “Мен - жігіт”, “Мен - тоқтадым”, “Мен – кәрі”, “Мен - өлік” деген бөліктерге бөледі.

Сұльанмахмұттың “Кедей”, “Адасқан өмір” поэмалары – философиялық мәселелерді, заманның түйінді проблемеларын қозғайтын революциялық идеяны суреттейтін терең пікірлі, жаңа мазмұнды лирикалық-филочодиялық шығармалар.
Лекция №14

(1 сағат)


Тақырып: Сұлтанмахмұт романдары

Жоспар:

1.Ұлттық көркем прозаның даму тарихынан алатын орны.

2.«Қамар сұлу» романы.

3.«Кім жазықты?» романы.

4.Сұлтанмахмұттың көсемсөз саласындағы еңбегі.
Пайдаланатын әдебиеттер:

НЕГІЗГІ


  1. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. А. 1994.

  2. Бисенғали З. XX ғасыр басындағы қазақ романы. А. 1997.

  3. Кенжебаев Б. XX ғасыр басындағы әдебиет. А. 1993.

  4. Қазақ әдебиетінің тарихы. 6 томдық, 2-том, 2-кітап. А. 1965.

  5. Қазақ әдебиетінің қысқашы тарихы. 2-кітап. А. 2002.

  6. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни ағартушылық ағым. А. 1998.

ҚОСЫМША

  1. Абай тағылымы. Алматы.1986.

  2. Әдіманұлы Ө. XX ғасыр бас кезіндегі әдебиеті. А. 2002.

  1. 3.Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде.А. 1969.

  2. Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы.А. 1988.

  3. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. А. 1992.

  4. Әдіманұлы Ө. “Қазақ” газеті А. 1993.

  5. Бес арыс. А. 1992.

Лекция мәтіні

Сұланмахмұттың талантты көсемсөздері мен прозалық шығармаларынан да танылады. С. Торайғырұлы қоғамның,заманның өзекті мәселелерін көтерген “Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?”, “Өлең һәм айтушылар”, “Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан”, “Жаңа кітап” мақалалары бар.

С. Торайғырұлының “Зарландым” әңгімесі 1912 жылы жазылған. Тақырыбы – XX ғасырдың басындағы көкейкесті мәселе болған – оқу-білімге ұмтылу. Шығарманың тілі, құрылымы әңгімелен гөрі көсемсөзге көбірек келеді.

“Ауырмай есімнен жаңылғаным”, “Жазықсыз тамған қан”, “Сақып пен Жантұрсын” - өз кезеңі үшін де, жалпы, әдебиеттегі прогзалық шығармалар деңгейімен өлшесек те көркем туындылар.

“Ауырмай есімнен жаңылғаным” (1913) әңгімесінің тақырыбы - әйел тағдыры.

“Жазықсыз тамған қан” (1915) әңгімесі махаббат тақырыьына арналған. 1913-1914 жылдары жазған “Қамар сұлу” романының тақырыбы да шын сүйіскен жандар махаббаты дегенімізбен де Сұлтанмахмұт қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті негізге алады. Қалың малға, байлыққа адам сатып алу, еркінен тыс өзіне меншіктеу, зорлық-зомьылықты әдет еткен қараңылықты сынайды. Бұрынғы салтқа көнгісі келмеген, азаттық іздеп, ьақытын тапқысы келген ғашықтардың әдет салт құрбанына айналғанын жазады.

“Қамар сұлу” – XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамын неғұрлым кең суреттеген шығармалардың бірі. Жазьа әдебиеттің алғашқы туындыларының бірі ретінде де мәні зор.

“Кім жазықты?” романы (1915) қоғам өзгерісі кезіндегі әлеуметтік қайшылықтарды көрсетуді мақсат еткен. XX ғасырдың басы саяси оқиғаларға толы екені белгілі. Сұлтанмахмұт саяси оқиғалардың рухани өмірге әсерін бейнелеген. Романда үш ұрпақ өкілдерінің өмірі, өзгерісі алынады. Тасьолат Әжібай, Қабыштардың ортасын, тіршілік-тынысын суреттеу арқылы ьайлыққа, атаққа құмартқан пенделердің ұнамсыз бейнесін жасайды. Тәрбиесіздік пен қараңғылықты сынға алады. Зорлық-зомбылық пен жамандықтың түбі неде деген сұрақ қойып, Сұлтанмахмұт “Кім жазықтыға”жауап іздейді.

“Кім жазықты?” - өлеңмен жазылған алғашқы роман. Өмір құбылыстары, кейіпкерлердің көркем ьейнесін, ішкі сырларын ашуда өлеңмен түсіндіреді. Оқиғалардың бір желіге тұтасуы роман жанрының ерекшелігін көрсетеді.
Лекция №15

(1 сағат)


Тақырып: Мұхаметжан Сералыұлы (1871-1929)

Жоспар:

1.Шығармашылық өмірбаяны.

2.Аударма жанрындағы еңбегі.

3.Поэзиясы.


Пайдаланатын әдебиеттер:

НЕГІЗГІ


  1. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. А. 1994.

  2. Бисенғали З. XX ғасыр басындағы қазақ романы. А. 1997.

  3. Кенжебаев Б. XX ғасыр басындағы әдебиет. А. 1993.

  4. Қазақ әдебиетінің тарихы. 6 томдық, 2-том, 2-кітап. А. 1965.

  5. Қазақ әдебиетінің қысқашы тарихы. 2-кітап. А. 2002.

  6. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни ағартушылық ағым. А. 1998.

ҚОСЫМША

  1. Абай тағылымы. Алматы.1986.

  2. Әдіманұлы Ө. XX ғасыр бас кезіндегі әдебиеті. А. 2002.

  1. 3.Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде.А. 1969.

  2. Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы.А. 1988.

  3. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. А. 1992.

  4. Әдіманұлы Ө. “Қазақ” газеті А. 1993.

  5. Бес арыс. А. 1992.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет