Мемлекет жəне құқық теориясының атқаратын қызметі. Заң ғылымдарының қоғам өміріндегі мақсаты оның атқаратын қызметінен көрінеді. Мемлекет жəне құқык теориясы барлық заң ғылымдарына негіз болады, зерттеу жолын көрсетеді.
МҚТ қызметтері əртүрлі.
1. Онтологиялық қызметі. Мемлекет жəне құқық теориясы бұл қызметін атқаруда осы ғылым пəнінің теориялық негіздерін зерттейді. Мемлекет жəне құқықтың не екендігін, оның қалай пайда болғанын түсіндіріп береді. Сонымен бірге қазіргі замандағы мемлекеттің қырлары мен сырларын ашып, ол туралы түснііктеме жасайды.
2. Гносеологиялық қызметі, басқаша айтқанда түп-түқияндық қызметі. Бұл қызметті жүзеге асыру барысында, мемлекет жəне құқық теориясы аталып отырған пəнді танып білу үшін зерттеп, байыптауды жүзеге асырудың теориялық тəсілдерін даярлайды, ал мұның өзі түбінде құқықтық танымның дамуына жол ашады.
Заң ғылымының түп-тұқиянын білу нəтижесінде құқық, оның жүзеге асырылуы жəне барлық құқықтық құбылыстар танылады. Құқықгық болмысты талдау барысында құқықтық ұғымдар, түсініктер, құрылымдар қалыптасады да, олар құқықтық құбылыстарды одан ары танып-білудің құралдарына айналады. Құқықты тану үшін ерекше теориялық амал-тəсіл (концепция) қолданылады. Құқықтық бір мəселені зерттеп тану үшін бірнеше, өзара пікір таластыратын теориялық тəсілдер қолданылуы мүмкін. Осындай шығармашылық пікір таластыру нəтижесінде шындықты ашуға, ақиқатты айқындауға мүмкіндік туады. Мысалы, құқықтың қандай əлеуметтік құбылыс екеніне анықтама беру үшін оған нормативтік, философиялық жəне қоғамтану тұрғысынан қарау қажет.
3. Методологиялық қызметі. Мемлекет жəне құқық теориясы іргелі ғылым болғандықтан, оның зерттейтін заты, яғни пəні де бар. Олай болса бұл ғылымның сол пəнді зерттеуге, соның барысында зерделеуге қажетті тəсілдері мен амалдарының жолдары да бар. Осылар арқылы заң ғылымдарындағы ұғымдар, санаттар, құбылыстар зерттелініп, талданып, ғылымда өздеріне тиісті орындарын алып жатады. Заң ғылымының дүние тануы құқықтық құбылыстарды зерттеуге, пайда болу жолдарын анықгауға байланысты. Шынайы дүние танушылық – ғылыми ізденістің нəтижеге жетуінің шарты. Осы уақытқа дейін заң ғылымдары марксизм-ленинизмнің дүние тану тəсілін қолданып, басқа тəсілдерден бас тартқандықтан, құқықтың шын мəнін зерттеп білуге мүмкіндік болмады. Марксизм-ленинизм құқыққа тек қана таптық түрғыдан қарағандықтан, оның əлеуметтік мəн-мағынасын толығынан, жан-жақты түсіңдіре алмады.
4. Идеалогиялық қызметі. Идеология ұғымына халықтың, қоғамның'83, оның белгілі бір əлеуметтік топтарының көзқарастары мен ұстанатын принциптерінің жүйесі жатады. Қайсы бір реттерде халықтың немесе ұлттың көпшілік бөлігіне арналған бірыңғай (жұмылдырушы) идеология орын алып жатады. Мысал ретінде бұрынғы КСР Одағын алуға болады. Мұнда тек қана бір марксистік-лениндік идеология орын алып келген болатын. Қазіргі күннің мысалдарын келтірер болсақ, онда АҚШ-ты айтар едік. АҚШ-та американдықтардың арманы дейтін ұғым бар. Əрбір американдық өзінің табыс табуға деген өз елінде бар мүмкіншіліктер жасалғандығына сенетіндік идеологиясы қоғамда орын алған. Қоғамда идеологиялық бағыт-бағдардың болмауы немесе оның жойылып кетуі елде аласапыранмен, толқулардың басталуына, сөйтіп мемлекет аумағында заң бұзушылықтардың өсуіне, қылмыстардың өршуіне апаратыны өз еліміздің басынан кешіп отырғандығын мысал ретінде айтуға болады. Сондықтан да мемлекет жөне құқық теориясы қоғамда белгілі бір құқықтық жөне саяси мөдениетті қалыптастыруға бағытталған ақыл-кеңестер топтамасын ұсынып отырады. Əрине мұндай ақыл-кеңестер мемлекеттің өзі жүргізіп отырған саясатына үйлес болуы, оған қайшы келмеуі тиіс. Мұндай құқықтық мақсаттар мен саясатты жүзеге асыруда мемлекет əрқилы құралдар мен əдістерді қолдануы мүмкін. Мысал үшін Идеологиялык бағдарлама ретінде қабылданған ҚР Президентінің "Қазақстан-2030" деген үндеуін атауға болады. Мұнан басқа құжаттан ҚР Президентінің жыл сайынғы жолдауын да жатқызуға болады.
5. Болжамдык, (прогностикалық) қызметі. Жоғарыда айтылғандай, мемлекет жəне құқық теориясының пəні – мемлекет пен құқықтың пайда болуы, қызмет бағыттарын атқаруы мен дамудың жалпы заңдылықтары жəне осылардың қоғамдық болмыс пен саяси жүйеде алатын орыны екендігі мəлім.
Мемлекет пен құқық теориясының пəніне жататыңдардың заңдылықтарын зерделей отырып бұл теория өзінің үғым-түсініктерінің əрі қарайғы даму барысын, мемлекеттік-құқықтық аяның өзгерістерге ұшырауын болжалдайды. Ал мұның езі өз кезегінде түзетуге келмейтін қателіктердің алдын алып, оларды болдырмауға мүмкіндіктер береді. Ерекше атап айтатын жəйт, мемлекет жəне құқық теориясының барлық қызметтері бір-бірімен тығыз шиырлана өрілген болып келеді де олар бірін- бірі өзара толықтырып жатады. Сондықтан да бұлар мемлекет жəне құқық теориясы тағайынының толыққанды түсінігін тек жиынтық түрінде ғана бере алады.
Заң ғылымының қызметі құқықтың, құқықтық құбылыстардың дамуы, өзгеруі туралы болжау жасауға мүмкіндік береді. Ғылыми құқықтық болжалдың маңызы – қоғамдық қатынастарды дағдарыссыз, жұлқыныссыз, ырғақты реттеудің жол-жобаларын айқындауға мүмкіндік береді. Əрине, өтпелі кезенде қоғамдық қатынастарды ырғакты реттеу оңай емес, себебі кенеттен пайда болатын өзгерістерді алдын ала болжау өте қиын. Сондықтан қабылданатын зандарда олқылықтар, кемшіліктер көп кездеседі. Осы жағдайды Қазакстанның құқықтық жүйесінің қалыптасу барысынан да байқаймыз. Неғұрлым қоғамдық қатынастарда тұрақтылық басым болса, соғүрлым олардың даму жолын алдын ала болжау да оңайырақ болып, құқық арқылы реттеудің жолы жеңілденеді.
6. Дағдылы ұйымдастырушылық қызметі. Қандай бір дамыған мемлекет болса да, ол ертелі-кеш шешімі қиын, əрі онысы тез арада табыла қоймайтын келелі мəселелерге тап болатыны тарихтан мəлім. Міне осындай жағдайларда дағдылы істер мен төжірибелерге жене теориялық жадығаттарға (материалдарға) сүйене отырып мемлекет жəне құқық теориясы ғылымы кездесіп отырған келелі мəселенің шешімін іздестіреді. Осындай ізденістер барысында аталған қиын мəселелерді шешудің жолдары анықталады. Осы анықталған жолдар - ақыл-кеңестер ретінде ұсынылып тығырықтан шығудың жолын айқындайды. Мысалы, Қазакстан Республикасы сот реформасын 1995 жылдары бастаған кезде соттар тəуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен халық заседательдері институтынан бас тартқан болатын. Ал казір сот жүйесінде туындаған қиындықтарға байланысты ҚР Конституциясының 75-і бабына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар арқылы соттардың өздерінің іс қарауларында сот əділдігін жүзеге асыруына мүмкіндік жасау үшін ант берген сот мүшелері (присяжные заседатели) институтын енгізді. Əлем елдерінің соттар жүйесінде жинақталған іс-тəжірибелер мен өз мемлекетіміздің де сот жүйесінің іс-тəжірибелерін елеп-екшеудің нəтижесінде, елімізде соттар үйесіне қойылып отырған талаптарға сай келетін, біздердегі жағдайларға ыңғайластырылған шешім қабылдауға мүмкіндік пайда болды. Заң ғылымының нəтижесін іс жүзінде қолдану – құқық жасау жəне оны жүзеге асыру қызметін жетілдіру мəселесін шешу болып табылады. Бұл тəжірибелік ұсыныстар жасауға байланысты болып келеді. Заң ғылымы теориялық мəселелерді зерттей отырып, құқықтық болмыстық заңдылықтарын анықтайды, соның нəтижесінде сапалы заңдар жасау ісі, мемлекет органдарының кызметін жетілдіру шаралары белгіленеді, ол жөнінде ұсыныстар жасалады. Əрине, мұндай ұсыныстар пайдалы, ұтымды əсер ету үшін ғылыми тұрғыдан шүбəсіз болуы керек. Сонымен қатар мемлекет органдары, лауазым иелері ондай ұсыныстарды пайдалануға əрекет жасаулары қажет.
7. МҚТ тəрбиелеу қызметі- өзіне тəн əдістермен заңды құрмет тұтатын, заңға бағынатын азаматтарды қалыптастыру. Заң ғылымдары – құқықгың игілікті құбылыс екенін, əр азаматтың заңды мүддесін қорғайтын құрал екенін, оның өміріне қажетті жағдайлар жасайтын амал екенін дəлелдейді. Заңсыз іс-əрекеттердің қандай дағдарысқа апаратынын, адамды тығырыққа тірейтінін айқындайды. Сөйтіп, заңды сақтау, оны бұзбау əрбір азаматқа қажет екенін дəлелдеп, адамдардың құқықтық, санасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |