«Єкімшілік ќ±ќыќ» пєні дєрісіне арналѓан



бет3/73
Дата03.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#451983
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
П н Мемлекет ж не ы теориясыны негіздері п нінен 1 та ырып

Жалпығылымдык əдістер:

а) диалектикалық əдіс (диалектика-даму);

б) абстрактілік ойлаудан нақты (конкретті) ойлауға өрлеу əдісі.

Мысалы: мемлекет нысаны (формасы) деген ұғымды алып мемлекеттің əр түрлерін талдай бастасақ, онда "мемлекет нысаны (формасы) ұғымы өзінің құрамдас бөліктерінің "басқару тұрпаты" деген ұғыммен толықтана бастайды. Сонда мұндағы алғашқы ұғым "мемлекет нысаны (формасы)" талдау барысында кейін жаңа нақты белгімен, яғни ерекшелікпен толықтырылғанын байқаймыз. Ал енді керісінше құқық бұзушылы ұғымының бірнеше, яғни қылмыстық, əкімшілік, азаматтық түрлерін зерттеу барысында нақтылықтан (конкреттіден) абстрактілікке қарай өрлесек, онда кұкық бұзушылық туралы жалпы ұғымды тұжырымдауға қол жеткіземіз;

в) тарихи əдіс. Бұл əдіс – мемлекет пен құқыкгың тарихилығына, оның өзгермелілігіне жəне əрқашан да дамуда болатын кұбылыс екендігіне негізделеді. Бұл əдісті қолдану барысында зерттлініп отырған мемлекет пе құұыктың өз қызмет бағыттарын атқарып отырғанда қандай тарихи ортада, қандай дəстүрлер мен қандай аумақтық ерекшеліктер мен халықтар болатындығының ескерілуі қажет екендігін байыптаймыз;

г) жүйелілік əдісі. Мемлекет жəне құқық - құрылымы күрделі болып келетін жүйелілікті білдіретін ұғым. Мысалы, мемлекет мемлекеттік органдар жүйесінен, ал құқық – құқық салаларынан тұратынын осы əдісті қолданып пайымдаймыз.

Мемлекет жөне құқықты біртұтас жүйе ретінде қарастырып зерттегенде ғана оны толығынан танып білуге болады. Мемлекет жəне құқық теориясын зерттеп барып пайымдаудың арнайы жəне ғылыми дербес əдістері де бар:

а) формальды – логикалық əдіс. Бұл əдісті қолдану арқылы құқтың ішкі құрылымы, қайнар кездері, оны (құқықты) жүйелеудің əдістер зерттелінеді, сөйтіп пайымдалады. Мемлекет табиғатын зерттеу барысында бұл əдіс мемлекет нысанын (формасын), сондай-ақ оның құрылымын талдағанда колданылады;

б) салыстырмалы мемлекеттану мен қщықтану əдісі. Бұл əртүрлі еддердің мемлекеттік жəне құқықтық жүйелерін зерттеуде негізге алынатын əдіс;

в) нақты – əлеуметтік əдіс – нақты əлеуметтік зерттеулерге негізделген əдіс. Бұл зерттеулерді жүргізгеңде коғамдағы заңдарға, мемлекеттің тікелей өзіне немесе оның құрамдас бөліктеріне коғам қандай пікірде, қандай қайшылықтарда екендігі анықталынады. Бұл əдіске тəн амал-тəсілдерге:

– байқау жүргізу;

– анкеталау;

– интервью алу (сұраққа жауап алу);

– эксперимент жасау жатады.

Жоғарыдағыларды тізбелегенде атап өтетін бір жəйт мемлекет жəне құқық теориясы əдістерінің сан қилы болып келетіндігі. Дегенмен осы əдістер өздерінің мемлекет жəне құқықы қоғамның күрделі құбылысы деп жан-жақты тануға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет