Ұзақ мерзімді активтерге түсінік және олардың амортизациясын есептеудің мәні


“№10 Балалар мен жасөспірімдердің шайбалы хоккейден мамандандырылған спорт мектебі» КММ–нің материалдық емес активтер амортизациясының жиынтық есебі



бет11/16
Дата03.01.2022
өлшемі0.98 Mb.
#450085
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Ұзақ мерзімді активтер 04.03.2020

2.2 “№10 Балалар мен жасөспірімдердің шайбалы хоккейден мамандандырылған спорт мектебі» КММ–нің материалдық емес активтер амортизациясының жиынтық есебі.
Мекеменің негізгі құралдарының есебі «Негізгі құралдар» 16 халықаралық қаржылық есептілік стандартына сай ұйымдастырылады. Мекеменің негізгі құралдарын есептен шығару мекеменің басшылығыменен бектілінген «Негізгі құралдарын есептен шығару» тәртібі жөніндегі нұсқауына сай жүзеге асырылады. Мекеменің негізгі құралдарын түгендеу “№10 БЖШХМСМ» КММ мекемесінің басшылығының өкіміменен жылына бір рет орындалынылады. Мекеменің негізгі құралдарының амортизациясы бірқалыпты (түзу сызықты) әдісіменен жүзеге асырылады. Мекеменің құралдарын күрделі жөндеуіне арналынған жөндеу қоры құрылмаған. Күрделі жөндеуіне байланысты нақтылы шығыстар олар туындаған сәтте шығындарының сәйкесінше шоттарына апарылады. Күрделі салымдар, қайта құру мен модернизациялау мекемеде негізгі құралдарының есепке алынылған амортизациясына, таза табыс немесе ұзақ мерзіміндегі несиенің есебінен жүзеге асырылады.

«№10 БЖШХМСМ» КММ негізгі құралдарын есепке алуға бухгалтерлік есеп шотының үлгілік жоспарының 2400 кіші бөлімшесінің шоттары пайдаланылынады, әр автобус маркасы және мемлекеттік ұйымдарда тіркеу нөмерлеріне сайкес субшоттар ашылған.Негізгі құралдар мекемеден қандай себептермен есептен шығарылса да, есептен шығарылған күнге дейін оларға байланысты амортизация, тозу есепке алынылады. Содан кейін бастапқы құндары мен тозу сомалары есептеншығарылады. Мекесменің негізгі құралдарының есебі жұмыс шоттар тізбегінің екінші бөліміндегі 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің активті 2410 «Негізгі құралдар» шоттарында ұйымдастырылады. Аталынған шоттың дебетінде негізгі құралдарының айдың басындағы және аяғындағы жай-күйлері, кіріс етілген негізгі құралдар көрсетілсе, кредитінде кәсіпорыннан шығыс етілген негізгі құралдарының құндары көрініс табады.

Мекеменің есеп саясаты бухгалтерлік есебін жүргізуге, бухгалтерияның құрылымдарын ұйымдастыруға және оның қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін бөлуге, бухгалтерлік есебін жүргізуде пайдаланылатын нысанын, шоттарының жұмысшы жоспарын және басқаларын сипаттауға жауапты тұлғаларын анықтайтын елеулі мәселелерін қамтиды[16]. Мұның барлығы бухгалтерияның жұмыстарын ретке келтіруге, ақпарат келіп түскен уақытта оны дәл бірегейлендіруге, бағалауға, жіктеуге және жүйелендіруге мүмкіндік беріп, есептілігін жасаған кезде жұмыстарын едәуір оңайландырады. “№10 БЖШХМСМ» мекемесінде қалыптасқан және есеп саясатына байланысты, соныменен бірге №16 «Негізгі құралдар есебі» қаржылық есептілігінің халықаралық стандарын (ХҚЕС) негізге ала отырып, негізгі құралдармен жүргізілетін операцияларын құжаттау әрекеттеріне тоқталамыз.”№10 БЖШХМСМ» КММ мекемесі негізгі құралдар қозғалысын есепке алуға 2400 «Негізгі құралдар» шоттарын пайдаланылады. Мекемеде қалыптасқан негізгі құралдарының құжаттама сызбасын төмендегідей көрсетуге болады (сурет 1).

Негізгі құралдарын қабылдау- тапсыру актісі

Негізгі құралдарын есепке алу инвентарлық карточкалары






Жаңартылған, жөнделген, реконструкцияланған обектілерін қабылдау- тапсыру актісі





Негізгі құралдарын есептен шығару актісі





Негізгі құралдарының инвентарлық карточкаларының тізімдемесі



Орналасу (қолданыста болу) орнына байланысты негізгі құралдарының инвентарлық карточкаларының тізімдемесі



Негізгі құралдарының қозғалысын есепке алу карточкасы






Бас кітап



Бухгалтерлік есептілік



Cурет 3. Негізгі құралдардың құжаттама сызбасы
Мекеменің есептік саясатына байланысты қалыптасқан негізгі құралдарына амортизациялық аударым әдісі - қалдық құнының кему әдісі қарастырылған. Қалдық құнының кему әдісіне сай негізгі құралдарының амортизациялық аударымдарының сомалаларын есептеуімізге алдыменен амортизациялық аударым мөлшерлемесі қолданылынады. Осы тағайындалынған амортизациялық аударым мөлшерлемесінің пайызы негізгі құралдарының әрбір есептілік жылының аяғындағы қалған қалдық құндарына көбейтіледі. Ол үшін негізгі құралдарының бастапқы құндарын оның жұмыс атқаратын мерзімдерінің, яғни қолданылатын уақыт жылының сандарына бөлініп, әр есептілік жылына тиісті амортизацияның пайыздары анықталынылады. Бұл жерде бастапқы құны 100 пайыз деп алынып, одан кейін анықталынған пайыздық мөлшерлемесі екі еселеніп, негізгі құралдарының бастапқы құндарына емес, әрбір есептілік жылының басындағы әлі амортизацияланбаған қалдық құндарына, яғни баланстық құндарына көбейтіледі[17]. Кестеде көрсетілгендей, ағымдағы жылы амортизациялық аударымдарының сомаларының мөлшерлемелері өткен жылдың соңындағы негізгі құралдарының қалдық құндарының сомаларына көбейтіліп анықталынылады. Жеңіл автокөлігінің амортизациялық аударымдарының сомаларының есебі 5 кестеде мысалға алынған.

Кесте 5 - Жеңіл автокөлігінің амортизациялық аударым сомасының есебі







Негізгі құралының бастапқы құны (тг.)

Жылдық амортизацияланатын аударым сомасы (тг.)

Жинақталынған тозу (тг.)

Негізгі құралдарының қалдық құны (тг.)

Сатып алынғандағы құны

480000







480000

31.12.2017ж.

480000

15%*480000=72000

72000

408000

31.12.2018ж.

480000

15%*(480000-72000) =61200

133200

346800

Ескерту - кесте “№10 Балалар мен жасөспірімдердің шайбалы хоккейден мамандандырылған спорт мектебі» КММ-нің материалдары негізінде құрастырылған.

Мекеме негізгі құралдарын сатып алғанда мынандай қосарланған жазбасы көрініс табады:

Дебет 2410 - «Негізгі құралдар»

Кредит 3310 - «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзіміндегі кредиторлық берешек»

Тасымалдау қызметіне қатысатын негізгі құралдарына тозу есептелінді:

Дебет 8414 «Автокөліктерінің амортизациясы»

Кредит 2420 – «Негізгі құралдарының амортизациясы

Мекеменің обектілерін есептен шығарған кезінде, оның қысқаша сипаттамасы беріледі, және оның есептен шығарылу себептері, негізгі қор бөлшектерінің жағдайы көрсетілініп, оларды жөндеуіне байланысты жарамдылығы да айтылады. Обектісіне табиғат апаттарының, аварияның және тағы өзге де күтпеген жағдайлары да бірге тіркелініледі. Актіні мекеменің басшылығы бекітеді. Тек бекігеннен кейін обектіні жоюға кіріседі. Жоюдан аланылған қорының бөлшектері қолданылуы мүмкін болатын бағасына сайкес құндылықтар тиісті шоттарына сайкес кіріске алынылады. Мекеменің негізгі құралдарының қозғалыстарына сайкес бухгалтерлік жазбалар:

Мекеменің негізгі құралдарын кіріс ету:


  • есеп берілуге тиісті сомаларының есептерінен - дебет 2410 «Негізгі құралдар» Кредит 1250 «Қызметкерлердің қысқы мерзіміндегі дебиторлық қарызы»

  • жабдықтаушылардан - Дт 2410 «Негізгі құралдар» Кредит 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзіміндегі қарыз»

  • өзге ұйымдар мен жеке тұлғалардан - дебет 2410 «Негізгі құралдар» Кредит 3390 «Өзге де міндеттемелер»

  • еншілес, қауымдастырылған және бірлескен ұйымадар, филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерінен - дебет 2410 «Негізгі құралдар» Кредит 3330, «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарына қысқа мерзіміндегі кредиторлық берешек» 3340 «Өзге де ерікті төлемдеріне сайкес өзге міндеттемелер»

  • жарғылық қорына үлес ретіндегі берілген - дебет 2410 «Негізгі құралдар» кредит 5110 «Төленбеген капитал»

  • өтеусіз берілген - дебет 2410 «Негізгі құралдар» Кт 6220 «Өтеусіз алынылған активтерінен алынылатын кірістер»

  • түгендеудің барысында артық шыққан - дебет 2410 «Негізгі құралдар» Кредит 6280 «Өзге кірістер»

  • қаржылық жалына байланысты - дебет 2410 «Негізгі құралдар» Кредит 4150 «Жалдауына байланысты ұзақ мерзіміндегі берешек»

Негізгі құралдарын жылжымайтын мүлікке салынылған инвестициялар санатына ауыстыру - дебет 2310 «Жылжымайтын мүлікке инвестициялар» Кредит 2410«Негізгі құралдар»

Негізгі құралдарын есептен шығару:



  • баланстық құндарына - дебет 7410 «Активтерінің істен шығуына байланысты шығыстар» Кредит 2410«Негізгі құралдар»

  • жинақталынылған амортизациялық сомасына - дебет 2420 «Негізгі құралдарының амортизациясы» Кредит 2410 «Негізгі құралдар»

Негізгі құралдарын қызметтің тоқтатылуына байланысты есебінен шығару:

  • баланстық құнына - дебет 7510 «Тоқтатылатын қызметімен байланысты шығыстар» Кредит 2410 «Негізгі құралдар»

  • жинақталынған амортизациялық сомасына - дебет 2420 «Негізгі құралдарының амортизациясы» Кредит 2410 «Негізгі құралдар»

Амортизация есептелінді:

  • өнімдерін сатып-өткізу мақсаттарында қолданылатын негізгі құралдарына - дебет 7110 «Қнімдерін өткізу мен қызметтерін көрсетуге байланысты шығыстар» Кредит 2420 «Негізгі құралдарының амортизациясы»

  • жалпы әкімшілік мақсатында қолданылатын негізгі құралдарына - дебет 7210 «Әкімшілік шығыстар» Кредит 2420 «Негізгі құралдарының амортизациясы»

  • жалпы өндірістік мақсаттарында қолданылатын негізгі құралдарына - дебет 8410 «Үстеме шығыстары» Кредит 2420 «Негізгі құралдарының амортизациясы»

Есептен шығарылған негізгі құралдарына байланысты амортизацияны есептен шығару - дебет 2420 «Негізгі құралдарының амортизациясы» Кредит 2410 «Негізгі құралдар».

«№10 БЖШХМСМ» КММ нің негізгі құралдарының қолда барыменен амортизациялық есептеу көрсеткіштері 2017 жыл желтоқсан айына сайкес негізгі құралдарының аморизациясының құжаттамасында көрсетілінген.

А қосымшадан көріп отырғанымыздай мекемеде негізгі-құралдарының бастапқы құны 2017 жылының желтоқсан айының деректеріне сай 28 610 мың теңгеге тең болған одан амортизациясын есепке алу сомасы 30 008 мың теңге, кезең басындағы құны 26 009 мың теңге кезең басындағы амортизация 7 101 мың теңгеге тең, құныныңөсуі 6 915 мың теңге кезеңдегі амортизация 99 мың тг. кезең соңындағы амортизация 32 925 мың теңге қалдың құны 25 725 мың теңгеге тең болған, яғни бұл көрсеткіш 2017 жылдың қаңтар айына апарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет