Ұзақ мерзімді активтерге түсінік және олардың амортизациясын есептеудің мәні


Мекеменің ұзақ мерзіміндегі активтер есебін жетілдіру жолдары



бет14/16
Дата03.01.2022
өлшемі0.98 Mb.
#450085
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Ұзақ мерзімді активтер 04.03.2020

3.2 Мекеменің ұзақ мерзіміндегі активтер есебін жетілдіру жолдары
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген күндерден бастап түрлі қилы кезеңдермен, әр түрлі өзгерістерін бастан кешіре отырып, қазіргі кезеңде әлемнің танымал біршама елдерімен бәсекеге түсетіндей деңгейге жетті. Соның ішінде экономика саласының алар орны айрықша. Мемлекетіміздің дами түсуі үшін экономикамызға басты бетбұрыс жасалынып, өзгерістер мен толықтыруылар енгізілді.

Сондай-ақ экономиканың нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтерінің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған сай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрлымына өзгерістер енгізілді. Мекемеде жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есептілігінің талаптарына сайкес орындалады.

Кез келген мемлекеттің қоғамдық өзгерістеріне қатысты есеп-қисабын жүргізуге міндетті түрде бухгалтерлік есептің жүйесі қолданылады. Мекемедегі бухгалтерлік есеп қоғамның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларының қолдануына ыңғайлы естіп жеткізіп беріп отыратын жүйе. Бухгалтерлік есеп басқарушылық жүйеде ең маңызды орындарының бірін иеленеді.

Жалпы, бухгалтерлік есеп мекемеге оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді қызметтерін орындауға керек. Соныменен бірге бухгалтерлік есеп мекеменің активтері мен міндеттемелері, кпиталы және көрсетілген қызметтері туралы ақпараттарын жинақтап көрсетеді. Мекемеде болып жатқан кірістерін және шығыстарын және де шаруашылық қызметтерінің соңғы қаржылық нәтижелерін анықтуға тек қана бухгалтерлік есеп арқылы білуімізге болады [28].

Нарықтық қатынастарының еліміздің экономикасына енуіне сайкес коммерциялық және комерциялық емес бағыттарындағы, меншікті кәсіпорындар, бірлескен кәсіпорындар табыс табуды, халыққа қызмет көрсетуді мақсат тұтады.

Солардың бірі “№10 БЖШХМСМ» КММ нің болып табылады. Қазақстаннның есеп жүйесін ары қарай жетілдірудің мәселелерін қарастырып, оны халықаралық ережелеріне бағыттауының қажеттілігі туындайды. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын ары қарай дамыту болып табылады.

Осы кәсіпорынға өте тиімді болады. Себебі: ХҚЕС-ға ары қарай жетілдіру мекемеге есеп берудің дайындық қағидаттары мен оның бақылау сапасы, аудит қағидаттарын де өзгертеді. ХҚЕС мәнін қалыптастыру реформасын максималды тығыз көру арқылы, оның негізгі қағидаттар қатарларын біліп көрсетуге болады [29].

ХҚЕС мекеменің ортақ қаржылық есеп беруін және кішігірім баптарын қалыптастырады, яғни тез арада ақпараттарын ашады.

ХҚЕС- ті жетілдіру барысында басқару аспектілері бағаланбайды. ХҚЕС мекеменің шаруашылық қызметінің барлық әртүрлі жағдайына есеп тәсілдерін нақты жазып көрсетуге бағытталынған стандартына сай, бухгалтерлер кәсіби ойларын жеткізіп, мынадай шарт қоя отырып, өз ойларын келесідей жеткізе алады: сапалы, сенімді және салыстырмалы есеп беруін қолдана отырып экономикалық шешімдерін қабылдайды.

ХҚЕС қаржылық есептілігін құратын бухгалтерлік есебін жүргізгенге ешқандай шарттар қоймайды, сондықтан мекеме есепті қалай жүргізуді өзі таңдауына құқығы бар.

ХҚЕС-ті жетілдіру қаржылық есептіліг туралы ақпараттар сыртқы пайдаланушыларын қамтамасыз етуге және Қазақстанның әлемдік экономикаға шығуына мүмкіндігін береді.

“№10 БЖШХМСМ» КММ нің бухгалтерлік есебін жетілдірудің тағы да бір амалы - қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін арттыру болып табылады. Қазіргі кезеңде нарықтық экономикаға байланысты көптеген жаңартулар, өзгерістер, жаңа бағдарламалар мен технологиялар туындады. Мекеме өзінің шаруашылық қызметтерін экономикалық талаптарына сайкес жүргізуіне мамандарының біліктіліктерін арттыру қажет.

Осыларды ескере отырып, бұрынғы есепті деп саналып келген бухгалтер маманы мекеменің қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен бірге мекеменің болашақтағы экономикалық жағдайын дамыту жолдарын жоспарлай білуі керек. Сондықтан да “№10 БЖШХМСМ» КММ нің бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау мекеменің экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.

Мекеменің ұзақ мерзіміндегі активтерінің қатарларына негізгі құралдарын және материалдық емес активтерін, ұзақ мерзіміндегі дебиторлық қарыздарын және ұзақ мерзіміндегі инвестицияларын жатқызуымызға болады.

Мекеменің ұзақ мерзіміндегі активтеріне келесідеі материалдық активтерін жатқызамыз:


  • тауарларын және қызметтерін көрсетулерді өндіруде немесе жеткізуде қолдануына, үшінші тұлғаларға жалға өткізуге, немесе әкімшілік мақсаттарына арналынған;

  • ұзақ мерзімнің ішінде пайдалану көзделетін.

Пайдалы қызмет мерзімі дегеніміз - бұл мекеменің активін пайдалануы күтілетін уақытының кезеңі немесе не активін қолданудан мекеме алады деп болжанып отырылған өндірістік бірліктерінің немесе сол сияқты бірліктердің мөлшерлемелері болып табылады.

Мекеменің дебеторлық борышы айналым қорларының маңызды бөлігі ьолып табылады. Бір мекеме екінші мекемеге тауарын өткізгенде, немесе қызметтерін қөрсеткенде олардың ақылары бірден төленеді. Сатылған өнімдеріне қойылған шоттың төленілмеген сомалары әдетте дебеторлық қарыздарының көп бөлігін құрайды[30].

“№10 БЖШХМСМ» КММ нің ұзақ мерзіміндегі активтерінің есебі есеп саясатына сайкес жүзеге асырылады, оларға амортизацияны есепеу есеп саясатына сайкес бірқалыпты есептен шығару әдісі қолданылынады.

Мекемеде ұзақ мерзіміндегі активтерін есепке алуға сауатты ұйымдастырылған есеп саясаты мекменің ұзақ уақыт бойы тұрақты қызмет жасауына кепілдігін береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет