Зертханалық ЖҰмысты орындауға арналған әдістемелік нұСҚау №1 Зертханалық жұмыстың аты



бет12/15
Дата17.11.2022
өлшемі50.56 Kb.
#465065
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Практ лаб (копия)

Бақылау сұрақтары:

  1. Психологиялық кеңес беру дегеніміз не?

  2. Қандай әдіс-тәсілдер бар?

  3. Клиент дегеніміз кім?

  4. Психолог дегеніміз кім?

  5. Міндеттері қандай?

Әдебиеттер:

  1. Абрамова Г.С. Практикум по психологическому консультированию. Екатеринбург: Деловая книга, 2004

  2. Алешина Ю.Е. Индивидуальное и семейное психологическое консультирование М.: Изд. центр консорциума Социальное здоровье России, 1994

  3. Бьюдженталь Дж. Искусство психотерапевта СПб.: Питер, 2005

  4. Кончунас Р. Психологическое консультирование. Групповая психотерапия М.: Академический проект; ОППЛ, 2004

  5. Мей Р. Искусство психологического консультирования М.: Класс, 1994

8 Зертханалық жұмыс


Зертханалық жұмыстың аты: Өзін -өзі тану.
Зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: бояу, қағаздар.
Жұмыстың мақсаты: Білімгерлерді өздерін тануға, өзгелерге өздерін тануға көмектесуге машықтандыру.
Пререквизиттер: Өзін-өзі тану жайлы мәлімет.
Постреквезиттер: Өзін-өзі тануға, өзгелердің өздерін тануларына көмектесуге машықтану.
Студенттің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті дағдылары:
Психологиядағы өзін-өзі тану әдіс-тәсілдері мен техникалары жайлы мәліметті білу.
Студенттің алдын-ала біліп келуге тиісті мәліметтері:

  1. Өзін-өзі тануға жалпы шолу жасау.

Жұмысты орындау реті:

  1. Білімгерлер шеңбер бойынша орналасады.

  2. Амандасып, жақсы тілік айтады.

  3. Тренингтерді орындайды.

  4. Өз ойлары мен сезімдерін білдіреді.

Қысқаша теориялық мағлұмат:
Біздің елімізде өскелең ұрпақтың бойында рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін дамыту - өзектілігін жоймайтын, келелі мәселелердің бірі. Оған жастардың сана-сезіміне рух беріп, жеке тұлғалық қасиеттерді үйлесімділікпен орнықтырған жағдайда, өзін және өзгелерді тануға, түсінуге және бағалауға мүмкіндік алу арқылы қол жеткізуге болады.
Қазіргі жас буын жан-жақты терең білімді, саяси – экономикалық сауатты, яғни рухани –адамгершілік, интеллектуалдық деңгейі жоғары, өзіндік қадамы нық болса, тәуелсіз мемлекетіміздің мықты тірегі болатынына сенім мол.Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының бірінші ханымы «Бөбек» балалар қорының президенті Сара Алпысқызының, оқу процесіне енгізген «өзін-өзі тану» курсы білімгерлердің жүрегіне жол тауып, өз-өзіне және өзгелерге үңіле білуге, жеке тұлғалық ерекшеліктері көрінетін ішкі және сыртқы қағидасын белсендіруге, рухани дүниесі бай, өз Отанына шексіз берілген адамды тәрбиелеуге және кәсіптік бағыт-бағдарға тез бейімделуге үлкен үлес қосып отыр.Жағымды қарым-қатынасты іске асыру үшін қажетті өмірлік шарттар және қатысушылардың ішкі дайындығы үлкен роль атқарады. Интерактивті оқытуды ұйымдастыруда, біздің байқағанымыз, жағымды қарым-қатынас орната білетін білімгерлердің психикалық денсаулығы, мінездерінің біртұтастығы, салмақтылығы көзге түсердей. Осы тұста негізгі міндеттердің бірі – қарым-қатынасты реттеп отыру, қатынас мәдениетіне баулу.
Білімгерлерге психогимнастика, соның ішінде вербальді емес қарым-қатынасқа негізделген ойын жаттығуларын орындамас бұрын, бір-бірімізбен сөйлемей-ақ ұғыну арқылы тіл табысуға болатындығы, егер бізге мұндай ұғыну табылса онда тілдік қатынасқа түсу де жеңіл, әрі еркін сипат алатындығы түсіндірілді. Осы орайда ұйымдастырылған «арқамен – арқаға», «отырып және тұрып», «көзбен ұғыну» жаттығулары жағымды эмоциялық күй тудырып, ойыншыларды серігітті. Бұл жаттығулар «өзін-өзі тану»пәнінің үш «алыбы»: «қайырымды сөздер», «көзбен-көзге», «жанасу» бойынша құрылды.
Алғашқыда ойын мазмұнын құруда қиындықтар туындап отырды. Бұл жаңа ортаға енді ғана бейімделіп келе жатқан бірінші курс білімгерлерінің бірін-бірі жете танымауынан, сенімсіздік көзқарастардың басым болуынан деп түсінеміз. Алайда мақсатқа жетудегі топтық ережелерді дұрыс меңгеріп, түсіне бастағаннан-ақ олар өздерін еркін сезініп, ойынға деген қызығушылықтарын таныта бастады.
Өзін-өзі тану нәтижесі – білімгер өзін тәрбиелеуге мүмкіндік алады, басқалардың құпия мінездерін таниды. Өз-өзіне баға беріп, кемшілік тұстарын түзетуге тырысады. Өзін-өзі танудың мәні тек қана өзінің іс-әрекетінің дұрыс қалыптасуы мен қоршаған адамдармен қарым-қатынаста және мінез-құлықтың дұрыс дамуында ғана емес, сондай-ақ оның ұжым алдындағы, қоғам алдындағы міндетін анықтап алуында да маңызы зор. Өзін-өзі тану – адами қасиеттерді жетілдірудің баға жетпес амал - әрекеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет