Бақылау сұрақтары:
Психологиядағы релаксация дегеніміз не?
Қандай жағдайларда қолдаланылады?
Қандай техникаларды бар?
Әдебиеттер:
1. Абрамова Г.С. Практикум по психологическому консультированию. Екатеринбург: Деловая книга, 2004
2. Алешина Ю.Е. Индивидуальное и семейное психологическое консультирование М.: Изд. центр консорциума Социальное здоровье России, 1994
3. Бьюдженталь Дж. Искусство психотерапевта СПб.: Питер, 2005
4. Кончунас Р. Психологическое консультирование. Групповая психотерапия М.: Академический проект; ОППЛ, 2004
№10 Зертханалық жұмыс
Зертханалық жұмыстың аты: Отбасылық терапия.
Зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: Орындық, жұмсақ қағаздар.
Жұмыстың мақсаты: Білімгерлерді практикалық психолог жұмысымен , оның мақсаты, мінедеттерін түсіндіру, ерекшеліктері мен өзгешеліктерін көрсету.
Пререквизиттер: Психологиядағы кеңес беруде отбасымен жүргізілетін терапия жайлы мәлімет.
Постреквезиттер: Кеңес беруге машықтандыру.
Студенттің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті дағдылары:
Психологиядағы отбасылық терапия жайлы мәліметті білу.
Студенттің алдын-ала біліп келуге тиісті мәліметтері:
Отбасылық терапияға жалпы шолу жасау.
Жұмысты орындау реті:
1.Білімгерлер клиент, психолог, отбасы мүшелерінің рөлдерін орындайды.
2. Соңында білімгерлер кеңес беруде қолданылатын әдіс-тәсілдерді талқылайды.
Қысқаша теориялық мағлұмат:
Отбасы жүйесін- біріңғай білім беру деңгейі ретінде қарастыруға болады, белгілі құрылымдық ерекшелікті меңгерген, қызметі және дамуы болады. Отбасындағы құрылымдық қатынас кез-келген нуклеарлы (жеке адамдар: күйеуі, әйелі және олардың балалары) топта негізгі төрт жүйе бөліктерінен тұрады. Алғашқы топ жеке адамдар-отбасы мүшелерінен тұрады; екінші топ диада- ері- әйелінен құралады; үшінші топ – сиблингті, төртінші топ - ата-ана диадасы – баладан құралады.Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі шекара, қажеттілік және үміт етулері болады.Отбасы жүйесі дұрыс теңдестірілсе, онда жүйе бөліктерінің қажеттіліктері бірдей өтелетін болады.Сонымен қатар отбасы түрлі маңызды топтармен: достарымен, көршілерімен, әлеуметтік орта өкілімен, өзара әрекетте болуы шарт. Отбасының түрлі жүйеді және сыртқы ортада өзара әрекет көрсеткіштері Отбасы қызметі- құрылымдық ұйымдастыру және дамумен тығыз байланысты. Отбасы тәртіп ережесі сыртқы орта және отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынас сипатына да әсер етеді.Отбасы психотерапиясында қолданылатын жүйелі ықпал ету –отбасының әрбір мүшесі дамудың қандай сатысында болса, онда отбасы толықтай сол деңгейде деген болжам жасайды. Мүдделі жағдайда отбасы мүшелерінің дамуы және жүйесі екеуі өзара байланысты болуы мүмкін. Алайда, көптеген жағдайда ол патологиялық сипатқа ие. Мысалы, 15 жасар жеткіншек қыз перзентті болды деп елестетіп көрейікші. Бұл жеткіншек жас кезеңі, балада әлеуметтік тәжірибе белсенді меңгеріліп, өзіндік сана қалыптасатыны бізге белгілі. Егер жеткіншекке басқа бір адамға деген жауапкершілікті алу ауыртпалығы жүктелсе, онда ол өзінің жеке мәселесін екінші орында ысырып қоятын болады. Сондай – ақ жеткіншектің ойлары мен көзқарастары амбиваленттілікпен сипатталады. Жеткіншектер үлкендер тарапынан көрсетілетін нақты қолдау мен қамқорлыққа мұқтаж, бастысы тәуелсіздікке ұмтылады. Осылайша, жеткіншектің басқа бір адамның жағдайын жасау қажеттілігі, оның дамуын айтарлықтай қиындататын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |