Зерттеудің көкейкестілігі


ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ПАРАСАТТЫ ОЙЛАУ ӨНЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖҮЙЕСІ



бет18/28
Дата19.05.2022
өлшемі333.29 Kb.
#457497
түріДиссертация
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Дип парасат

2 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ПАРАСАТТЫ ОЙЛАУ ӨНЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖҮЙЕСІ


2.1 Студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру үдерісіндегі қолданылатын білім беру технологиялары
Бүгінгі таңда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алудамыз. Бұл оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, бүкіләлемдік кеңістіктегі орны мен дәрежелі иерархиясы сол елдің технологиялық өрлеу динамикасымен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа ойлау өнерін енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне қатысты. Ал білім беру саласындағы ойлау өнерінің идеялары бұдан бәлен ғасыр бұрын пайда болған.
Білім беру бағдарында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ырықты бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда ЖОО-ның дәріс беретін оқытушылардың әлеуметтік-педагогикалық қызметінің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін оқытушылардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан оқытушының біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі білім беру технологияларын меңгерудің маңызы зор.
Ойлау өнері оқыту үдерісін жобалау, ұйымдастыру және оны өткізудің формасымен анықталады. Білім беру технологиясының өзіндік ерекшелігі: қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үдерісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны оқытушы мен болашақ мұғалімнің өзара байланыс іс-әрекеті, оның ішкі даму үдерісі негізінде анықталған нақты мақсат қана ойлау өнері құрылымын түсіну кілті бола алады.
Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік тақтаны қолдану сабақ барысында сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея» [101,с. 65-66].
Ендеше инновация ұғымы – педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу», деп көрсетілсе, кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды.
«Инновация» деген сөз – латынның «novus» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.
«Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана жаңалық енгізу, қалыптастыру, яғни, инновация үдерісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен ойлау өнерін қамтитын құбылысты түсінеміз» – деп, ой түйеміз. Энциклопедиялық сөздіктерде «инновация»әр түрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым «жаңаша білім беру» деп түсіндіріледі.
Ал А. И. Кочетов [132] «инновация» ұғымына төмендегідей анықтама береді: «Көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы». Алайда Р. Масырова [133] мен Т. Линчевская [134] мұндай анықтамамен келіспейтіндігін білдіреді. Олардың тұжырымдамасында, «Егер баратын деңгей» алдын-ала көрсетілген болса, ол қандай инновация» делінген. В. Кваша [135] пікірі бойынша «инновация» – бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі болып табылады.
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдары кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея ма? – деген заңды сауалға жауап беруі керек.
Инновациялық үдеріске түскен ұжым даму барысының бірнеше кезеңін бастан кешірді: 1) жалтақтап күдіктену; 2) даңғазашылдық; 3) тұрақтану; 4) ынтымақтастық. Соңғы екі кезең – инновациялық үдерісті ұжымның шығармашылықпен сезінген, түсінген кезеңдері. Олар әрбір адамның аталған кезеңдерді басынан өткізуімен сәйкеседі.
Инновация ұғымы қазіргі білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген.
Инновация аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді дедік. Яғни, С. Ожегов [136] сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады. Инновация ұғымын әр елде әртүрлі түсінген. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси әдебиеттер мен баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шет елдерде, ТМД елдерінде, Қазақстанда «Инновация» ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз.
Ресейде «Инновация» ұғымына өте күдікпен қарағаны мәлім. Мәселен, XIX-XX ғасырдың басындағы бірде-бір білім реформаларында бұл термин кездеспейді.Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни, инновациялық үдеріс өткен, бірақ инновация термині еш жерде аталмайды.
Қазақстан мемлекетінде «Инновация» ұғымын пайдалану соңғы жылдардың еншісінде. Ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады.
Н. Н. Нұрахметов [137] «Инновация» білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) .
«Инновация» сөзі – қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданып жүрген термин. Қазір бұл сөз «Жаңа, өзгеру, жаңаша» деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі жаңа заманға да «Жаңа, жаңаша өзгерудің» мазмұны терең және анық екендігі белгілі. Бұл әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады.
Инновациялық әдіс – тәсілдерді қолдануда оқытушы сабақты дайын күйінде бағалайды, әрбір білім алушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өздігінен игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушының негізгі міндетіне білім алушының іс-әрекетін бақылау жатады.
Әдіскер С. А. Көшімбетова [138] өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:

  • ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала-субъект», «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;

  • ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыруды көздейді;

  • қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруді іске асырады;

  • иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат» үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;

  • саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады;

  • оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілетті орнықтырады;

  • дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үдерісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілігін арттырады.

Қазір республика оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға негізделген жаңа идеялар, жаңа жүйе бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, ғылыми негіздің тәжірибедегісін сынап қараудың маңызы зор.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үдерісінің нәтижесін көретін амалдары, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғары білімді дамытудың негізгі үдерісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады», - деп атап көрсетілген [139].
Қазіргі күні инновация деп көбінесе студенттердің ойлау өнерін өркендетудің құралдары қолдануы, сонымен бірге жаңа идеяларды, үдерістерді бірлікте өркендетудің де жүйесі.Сондықтан оқыту мен тәрбиедегі жаңа технология инновациялық идеяларды енгізу, жаңарту нысаны болып табылады.
Инновация өзінің даму барысында белгілі бір өмірлік даму сатыларынан тұрады:
- жаңа идеяның пайда болуы;
- мақсат қоюшылық;
- мазмұнын саралау.
Инновациялық үдерістерді ендіру үдерісінде үш өзара байланысты сапалық мазмұны анықталады:
- енгізілген технологияның ерекшеліктерімен;
- жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен;
- жаңалықты енгізу жолдарымен.
Сондықтан бұл уақыт ағымына байланысты өркендейді, бірқалыпты өзгеріске ұшырайды, жағдайына байланысты оқитындар мен оқытатындардың өзара байланысы болып саналады. Ағылшын ғалымдарының пайымдауынша, жаңалық көзі арнайы қолданған деректерде, дамушы идеяларда, кітаптарда, педагогтардың, білімді көтеру ұйымдастырушыларда т.с.с.
Инновациялық технологияларды енгізудің жөні осы деп түрлі технологиялар мен халықаралық бағдарламаларды сабақта қолдану көпшілігімізге тән құбылыс болып кетті. Кейбір әріптестеріміз жаңа технологиялардың философиялық мазмұнын, тұтастығы мен жүйелілігін меңгеріп алмай, таза еліктеушілікпен сыртқы формасын ғана қолдануда. Кез-келген педагогикалық технология философиялық негізде қаралады. Міне сондықтан, бірінші кезекте, білім әлеміне еніп жатқан сан алуан инновациялық технологияларды реттеу, жүйелеу, сұрыптау, нәтижелерін талдау үшін арнайы ақпараттық қызмет қажет.
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Бұл – өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір студент жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі ырықтандырады және өзін-өзі қалыптастырады.
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» – деген Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың сөзі білім беру қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытуға жаңа бетбұрыс өмірге келді. Яғни ойлау өнері ұғымы іс-әрекетімізге еніп, қолданылуда [139, 13-14 б.].
Ойлау өнерінің мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары студенттердің өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет