Зерттеудің көкейкестілігі



бет19/28
Дата19.05.2022
өлшемі333.29 Kb.
#457497
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
Дип парасат

Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, студенттерді қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өздігінен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.
Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:
- ассоциация; суггестив;
- бірлестік қызмет; синергетика.
- көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл ойлау өнері бойынша:
- оқу үдерісінде қызығушылық артады;
- студенттің өздігінен білім алуына мүмкіндік беруі туады;
- студенттің ақпараттық тіл байлығы жетіледі.
Тірек желілерін пайдаланып, келешекте оза оқыту. Бұл ойлау өнері бойынша материалды меңгеру үш кезеңнен тұрады: алдын-ала даярлық; жаңа ұғымдарды дәлелдеу, оларды жинақтау, қолдану; оқу іс-әрекеті және ойлау әдістерін дамыту. Оқу материалдарын осылайша деңгейлеу білімді ұзақ уақыт есте сақтауға мүмкіндік береді.
Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту үдерісінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір студент өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр студентке өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту – оқу үдерісін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады:
- ұстаз бір ғана оқушымен жұмыс істейді;
- студент тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі студенттің қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.
Оқытудың ұжымдық әдісі (ОҰӘ). ОҰӘ – оқу үдерісінде өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы.
ОҰӘ принциптері: жоғары жетістікке талпыну; алынған мәліметті бір-біріне лезде кідіріссіз жеткізу; студенттер арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық; әр түрлі деңгейлік; тақырып пен тапсырмалардың әр түрлілігі;
Топтық технология. Бұл – сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.
Оқытудың компьютерлік технологиясы. Бұл технология – оқытудың бағдарламалық көзқарастарын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады.
Оқытудың компьютерлік технологиясы – мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру әрекеттері. Бұл технология материал мазмұнын кейбір үлгілерді пайдалануға негізделеді.
Қазіргі кезде компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтан оқыту үдерісі де дамып отыр. Ол үшін интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін студент өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытында оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді. Жоғарыда талданып өткен технологиялар жайлы талданып өткен тұжырымдар білім беру кеңістігіне таныс болған, тұрақталған жұмыс түрлері. Өкінішке орай, «ойлау өнері», «парасатты ойлау өнері» деген ұғымдар бұл еңбектерде жоқтың қасы.
Егер біз барлық мүмкіндіктерімізді толық пайдалана алатын болсақ, онда біздің келешек ұрпағымыз компьютерлік технологиямен білім ала алады. Оқу материалдарын ғылыми негіздегі білімдену технологиялары тұрғысында іріктейміз:
1. Мәдени кезек сөз – оқу үдерісінің екі негізгі бөлігі арасында кезексөз түрінде құрылады.
Оқу-негізгі «таңдану нүктесі» айналасына орналасқан ішкі кезексөзге негізделіп құрылады.
2. Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) Әдістемелік құрылымның түзгіші негізіне мұғалім мен оқушы қызметін байланыстырушы ретінде математикалық жаттығу ұғымы алынған, әрі ілгері, кері ұғымдары мен қағидалары бір кезде оқытылады.
ДБІ технологиясының ашушы түзгіші – жаттығу – үштен сабақтардың бірінде қаралады:
- қазіргі тапсырма;- кімге арналғандығы;
- жинақтау. Технология мазмұнының басты ерекшелігі пән оқу материалдарының дәстүрлі білім мазмұнының құрылымын қайта құру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет