№ исх: 36-01-05/2477 от: 22. 12. 2015 Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының


кесте. 2010-2014 жылдарға арналған көліктің барлық түрлерімен тасымалданған жолаушылар тасымалының өзгеру динамикасы



бет17/24
Дата22.02.2016
өлшемі3.7 Mb.
#1591
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24

1 кесте. 2010-2014 жылдарға арналған көліктің барлық түрлерімен тасымалданған жолаушылар тасымалының өзгеру динамикасы


Жылдар

Көліктердің барлық түрлерімен тасымалданған жолаушылар (Т/Ж қоспағанда) млн.

Өткен жылдардағы кезеңдермен салыстырғанда, %

Автокөлікпен жолаушылар тасымалданған, млн.адам

Өткен жылдардағы кезеңдермен салыстырғанда, %

2010

1337627,5

120,0

1336963,2

119,9

2011

1800509,0

134,5

1799613,2

134,6

2012

2149895,5

119,4

2148799,7

119,4

2013

2 257 633,4

105,0

2 256 523,8

105,0

2014

2262500,0

101,1

2262000,0

101,1

2 кесте. 2010-2014 жылдарға арналған жолаушылар айналымының өзгеру динамикасы




Жылдар

Көліктің жолаушылар айналымы (т/ж ескермей), млн.жол/км

Өткен жылдардағы кезеңдермен салыстырғанда, %

Автокөлікпен жолаушылар айналымы, млн. жол/км

Өткен жылдардағы кезеңдермен салыстырғанда, %

2010

9100,7

118,8

7911,6

112,9

2011

12038,7

132,3

10507,4

132,8

2012

13685,5

113,6

11764,5

112,0

2013

15 712,8

114,9

13 729,2

116,7

2014

16517,9

105,1

15948,4

109,3

3 кесте. 2010-2014 жылдарға арналған көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау мөлшерінің өзгеру динамикасы




Жылдар

Автомобиль көлігі, млн.тн

Өткен жылдармен салыстырғандағы қарқыны, %

Жүк тасымалдау

Өткен жылдармен салыстырғандағы қарқыны, %

2010

77468,0

111,8

77468,0

111,8

2011

106503,3

137,5

106504,8

137,5

2012

123847,8

116,3

123848,6

116,3

2013

132 950,4

107,4

132 951,4

107,4

2014

145400,0

112,3

145400,0

112,3

4 кесте. 2010-2014 жылдарға арналған көліктің барлық түрлерімен жасалынған жүк айналымының өзгеру динамикасы




Жылдар

Автомобиль көлігі, млн.тн

Өткен жылдармен салыстырғандағы қарқыны, %

Жүк тасымалдау

Өткен жылдармен салыстырғандағы қарқыны, %

2010

4506,5

112,0

4507,4

112,0

2011

6370,6

141,4

6371,4

141,4

2012

7123,9

111,8

7125,0

111,8

2013

7 615,4

106,9

7 615,9

106,9

2014

8446,4

110,9

8446,4

110,9


Теміржол саласы

Оңтүстік Қазақстан облысында теміржолдың ұзындығы 915,6 шқ. құрайды.

Облыс аймағынан алыс бағытқа қарай жүретін поездер жолаушыларға Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы мен Украина мемлекеттерінің қалаларына дейін жетуге мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, облысішілік Шымкент – Түркістан және Шымкент – Сарыағаш теміржол бағыттары бойынша 2 пойыз қатынайды.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы тұрғындар үшін облысаралық, ауданаралық, қала маңайындағы теміржол маршруттарының әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, «Шымкент - Сарыағаш» және «Шымкент - Түркістан» қала маңайындағы теміржол маршруттарына жәрдем беру мақсатында облыстық бюджеттен әр жылы қаражат бөлініп отырады. Облыс тұрғындарының өтініші бойынша 2008 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент - Сарыағаш» қала маңайындағы теміржол маршруты Түлкібас станциясына дейін ұзартылды. Бекітілген кестесіне сәйкес, 4 вагоннан тұратын «Түлкібас-Шымкент-Сарыағаш» қатынасы аптасына 4 рет, ал «Шымкент-Түркістан» қатынасы аптасына 3 рет, 2014 жылы 4 вагонды құрайтын ЭР 9 М 510 маркалы электропойызы «Шымкент-Сарыағаш» бағытына аптасына 5 рет жүріп тұрады.

Шымкент қаласының теміржол вокзалының ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу мақсатында 2009 жылы 71,8 млн.теңге, ал 2010 жылы 50,0 млн.теңге бөлінді.

Қазіргі таңда, облыс әкімдігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 97 және 2012 жылғы 9 қазандағы № 287 қаулыларына сәйкес, темір жол вокзалы ғимараттары республикалық меншікке қайтарылды. Бүгінгі күні «Темір жолы - Қызмет» ЖШС таратылған.

2014 жылы тасымалдаушының залалын субсидиялау мақсатында облыстық бюджеттен 153 094 млн. теңге, 2015 жылы 173 114 млн. теңге қаржы бөлінді.

Теміржол көлік саласының негізгі проблемалары:

Теміржол вокзалдарының тек орындар мен перрондардағы алаңдарды жалға берумен ғана айналысатын іс-әрекеті рентабельді болмай қалады, себебі тасымалдаушылар мен жолаушыларға негізгі вокзалдық қызметтерді өзара бөлу функциялары (билеттерді сату, ұйымдасқан түрде отырғызу және түсіру, ақпараттық қамтамасыздандыру және т.б.) республикалық теміржол ұйымдармен құзыреттілігінде сақталып отыр. Осыған байланысты, 2010 жылы облыс аймағында орналасқан теміржол вокзалдарын «НК «КТЖ» АҚ тапсыру жоспарланған.


Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, зардаптарын жеделдетіп жою

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің алдына қойылған міндеттердің маңыздылығын ескеріп, департаменттердің жұмыс топтарымен есептеулер жүргізілді. Тек зардап шеккендерді эвакуациялауға, тамақпен қамтамасыз етуге және 1000 адамдық бір лагерді жасақтауға алдын ала жасалған есеп бойынша қажетті қаражат көлемінде 44 203 812 теңге. Зардап шеккендерді тіршілікпен қамтамасыз ету заттарын сатып алуға қажет шығыстар 37 160 632 теңге (тұрғын шатырлар, жиылмалы кереуеттер, төсеніш заттар т.б.) 1000 адамға арналған 7 тәулікке азық-түлікпен қамтамасыз етуге 5 854 040 теңге. Бекітілген облыстың азаматтық қорғаныс жоспарларына сәйкес, жер сілкініс кезінде облыс бойынша 385 мың адам баспанасыз қалуы ықтимал, оның ішінен 133 мың адам Шымкент қаласында. Алайда, облыс бюджетінің мүмкіндіктерін және уақыт тығыздығын ескерсек, материалды-техникалық дайындыққа тіршілікпен қамтамасыз ету құралдары ықтимал апаттың тек бастапқы кезде 9000 адамға бұл шығын 929 млн.теңгені құрайды. Бұндай жағдайда ықтимал болжамды шығыс мөлшерін тамақтандыру шығындарымен қоса алғанда экономикалық тұрғыдан негізді болып табылады, нақты мерзімдері анықталған, оларды жүзеге асыру үшін, ол төтенше шаралар атқаруға мүмкіндіктер береді.

Біздің облыс үшін өрт сөндіруші аэромобильді жасақ авиациялық бақылауды ұйымдастыру, орманды алқаптарда өрт қауіпті кезеңдерде қиын және алшақ жерлерде өрттерді тез арада байқап, сөндіруді ұйымдастыруға жұмылдырылады.

Жабдықталған ерікті өрт сөндіруші құрылымдарды құру және іс-қимылға қосу 52 ауыл округтерінде болатын дала, тау сілемдеріндегі өрттердің санын азайтуға мүмкіндік беріп, өрт сөндіру қызметі жоқ және табиғи өрттердің шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Облыстың қауіпсіздігін, қорғанысын, тәртібін және тіршілігін қамтамасыз ету, сонымен қатар, басқа да жұмылдыру кезеңінде және қарулы қақтығыстар кезінде шұғыл тапсырмаларды шешу үшін арнайы әскери және әскери емес құрылымдар құрылады. Олардың дайындығы және жұмылдыруды қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдардың және орталықтандырылған мемлекеттік органдардың және ұйымдардың аумақтық бөлімшелерінің ұйымдастыруымен жүзеге асырады.

Азаматтық қорғаныс құрылымдарының аумақтық және нысандық арнайы әскери емес құрылымдары облыстың экономикалық маңызды тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар, жою салдарынан қазіргі заманғы құралдармен және басқа да экстремальды факторлардың зардаптарын жою мақсатында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар жүргізеді. Облыстың пайдасына құрылатын арнайы әскери құрылымдар санын облыстың жұмылдыру жоспары анықтайды.

Әскери емес арнайы құрылымдардың техникамен, құралдармен, мүліктермен сол құрылым жасақталған ұйым базасы есебінен сондай-ақ меншік түріне қарамай басқа да ұйымдар есебінен және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекеменшік иелері есебінен қайтарымды негізде жүзеге асырылады.

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында 2013 жылдың төтенше жағдайлар бойынша оқиғалар саны 1373, 2012 жылмен салыстырғанда 6 % өскен ( 2012 жылы 1295 оқиға тіркелген). Жапа шеккендер саны 562 адам (2012 жылмен салыстырғанда 21 % төмендеген, яғни 711 адам), олардың 92 адамы қайтыс болды (2012 жылмен салыстырғанда 36,6 % төмендеген, яғни 145 адам).



Жергілікті маңызы бар тасқындар мен су басуларға, көшкіндерге, жер сілкінулерге, селдерге, өрттерге қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі 2014 жылдың жоспары 29,2 %, 2014 жылдың орындалуы 29%. Ауытқуы (-0,2) п.п. құрады.

Тасқындармен су басуларға, селдерге, көшкіндерге, жер сілкінулерге, өрттерге қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі аудандарға бөлінген қаржылардың толық игерілмеуі салдарынан көрсеткіштер деңгейі төмендеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында есепті 2014 жылы орын алған төтенше жағдайлардың талдауы көрсеткендей, жалпы саны 1370 оқиға орын алған, өткен жылмен салыстырғанда 0,2% төмендеген (1373 оқиға -2013 ж.). ТЖ салдарының ауырлығын есепке алынатыны – шығындар мен зияндылығы. Шығындар: 653 адам зардап шеккен (2013 ж. – 562 адам, осы мерзіммен салыстырғанда көрсеткіш 16,2% өскен), оның ішінде қайтыс болған – 116 адам, (2013 ж. – 92 адам, осы мерзіммен салыстырғанда көрсеткіш 26,1% өсіп отыр). Алдын ала алаған мәліметтер бойынша материалдық шығын 1194,7 млн.теңгені құрап отыр, 2013 жылы - 793,8 млн. теңгеге келтірілген.

Материалдық шығын көлемі 793,8 млн. тенгені құраса, 2012 жылмен салыстырғанда 22,9 % төмендеп, 1029,2 млн. тенгені құрады.

Анализдік қорытындыға сәйкес, төтенше жағдайлардың орын алу техногендік сипаттағы жағдайларға байланысты болады, бұл көрсеткіш 65,7 %, 917 оқиға санын құрайды. 2012 жылымен салыстырғанда техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саны 67 өсіп, 7,88 % құрады. Жапа шеккендер саны 115 адам (34,3 % аз, 2012 жылмен салыстырғанда - 175), олардың 63 адамы қайтыс болды (аналогиялық кезеңмен салыстырғанда 41,1% төмендеп, 2012 жылы – 107 құрады). Барлық техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың 55,1 % (885) орын алуы көбінесе тұрмыстық және өндірістік тілсіз жаулардан, яғни өрттің шығуынан болады. Бұл көрсеткіштің өсуі тұрғын үй секторларының көбеюі (562), барлық өрттің шығуынан 63,2%, жол көлік оқиғаларынан (178) болады.

2014ж техногендік сипаттағы ТЖ жалпы саны – 854 оқиға, облыс аумағында тіркелген ТЖ жалпы санынан 62,3% құрап отыр. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда осы санаттағы ТЖ саны 6,9% төмендеп отыр (2013 ж. – 917), зардап шеккендердің саны 29,6% өсіп, биылғы жылы 149 адамға жетті (2013 ж – 115), оның ішінде қайтыс болғандар – 73 адам, көрсеткіш 15,9% өсіп отыр (2013 ж. – 63 адам). Техногендік сипаттағы ТЖ алдын ала алған мәліметтер бойынша келтірілген материалдық шығын 663,4 млн. теңге, барлық келтірілген зиянның 55,5% құрап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда келтірілген зиян 47,6% өсіп отыр (2013 ж. – 449,5 млн. тенге).

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан 2014 ж. есепті мерзім ішінде қайтыс болған адамдар:

- көмір-қышқыл газбен улануы – 34 адам.;

- өрт кезінде – 18 адам.;

- көліктік авариялар – 7 адам;

- өндірістік авариялар және ТЖ – 7 адам;

- басқа өндірістік және тұрмыстық өрттер мен жарылыстар, техногендік сипаттағы қайғылы оқиғалар – 2 адам;

- тұрғын секторындағы газдың жарылуы – 2 адам;

- жарылыстар және оқ-дәрілерді табу – 2 адам;

- өнеркәсіп секторында газдың жарылуы – 1адам.

Табиғи сипаттағы ТЖ саны 516 оқиғаны құрап отыр немесе барлық төтенше жағдайлардың санынан 37,7%. Зардап шеккендер- 504 адам, оның ішінде 43 адам қайтыс болған. Келтірілген материалдық шығын 531,3 млн. теңгені құрап отыр. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда барлық көрсеткіштердің өсуі байқалады: оқиғалардың саны 13,2%, зардап шеккендер бойынша 12,8%, қайтыс болғандар 48,3%, материалдық шығын 54,3%өсіп отыр





Облыс аумағының, сондай-ақ оның әрбір тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралардың арасында төтенше жағдайлардың алдын-алу жөніндегі, ал орын алған жағдайда – оларды жою, төтенше жағдайлардан тұрғындарды, материалдық және мәдени құндылықтарды қорғауды қамтамасыз ету маңызды орын алады.

2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында ТЖ зардаптарының ауыртпалығын ескеретін оның зияны мен шығыны бойынша басты құрамдас бөлігінің арту беталысы байқалып отыр. Зардап шегушілер саны 16,2%, соның ішінде қаза тапқандар 26,1% артып отыр.ТЖ барысында келтірілген материалдық және қаржы шығындары 50,5% артқан.

Алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда техногендік сипаттағы қайғылы оқиғалардың саны 3,7 есеге артты (көмір-қышқыл газбен улану), нәтижесінде 49 адам зардап шекті, соның ішінде 34 адам қаза болды. Сондай-ақ, суда зардап шегушілердің жағдайларының 76,2% күрт өскендігі байқалады, оның ауыртпалығы 46,4% (ағымдағы жылы 41 адам қаза тапты, былтырғы жылы 28). Метеорологиялық қауіпті құбылыстар (қатты жел) былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы жылы 54,2% көп материалдық шығын келтірді, салдарынан 1 адам қаза тапты.

2014 жылдың басынан бері тұрмыстық газ жарылысының жағдайлары жиілеп кетті. Бұл үй ішіндегі газ жабдықтарының жағдайына бақылау жүйесінің жоқтығынан орын алып отыр, себебі олар жеке меншік иеліктерінде тұр. Сондықтан тозығы жеткен үй ішіндегі газ коммуникацияларын алмастыру туралы мәселелер қарастырылмайды. Ал оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу тұрғындардың өтінімі бойынша, бөлек төлеммен жүргізіледі, алайда тұрғындардың көпшілігі осы шаралармен өздерін де, көршілерін де осындай жағдайлардан өздерінің қауіпсіздігін түсінбейді.

Көлік аварияларымен жағдай айтарлықтай жақсарды, ол жөнінде статистика дәлелдеп отыр. Егер ағымдағы жылы авариялар саны 2,3 есеге артса, осы авариялар зардаптарының ауыртпалығы зардап шегушілер бойынша 80%, соның ішінде қаза тапқандар саны бойынша 69,9% азайды.

Әр күн сайын әлемде сейсможағдай нашарлап отыр, біздің облыс та солардың қатарында, былтырғы жылы және ағымдағы жылы 2 жер сілкінісі тіркелді, егер 2012 жылдың осы кезеңінде 2 баллдан жоғары қарқынды жер сілкіністері тіркелмесе, соңғы екі жылда қарқындылығы 3 баллдан 4 баллға дейінгі жер сілкіністері тіркеліп отыр.
Төтенше жағдайлардың пайда болу себептері:


  • жол ережесін сақтамауды;

  • эксплуатациялық жылу қондырғыларын орнатқанда өрт қауіпсіздігінің ержесін сақтамау; өндіріс орындарында техника қауісіздігін сақтамауы;

  • дербес тәртіпсіздік.


Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою проблемалары:

  • Қазіргі таңда облыста 30-дан 60%-ға дейін өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттары мен құрылыстардың сейсмотұрақтылығы талапқа сәйкес емес;

  • Облыс аумағындағы толыққанды сейсмикалық аудандастыру картасы жоқтығы жаңа ғимараттардың құрылысы және ескілерін сейсмокүшейту үшін тиімді барабар техникалық шешімдер қолдануға мүмкіндік бермейді;

  • Дауылды ескертулердің жеткілікті түрде нақтыланбауы осының салдарынан қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстардың болуы, сонымен қатар, су тасқыны кезеңіне арналған ұзақ мерзімді болжамдардың болмауы;

  • төтенше жағдайлар және нәтижелі алдын ала автоматтандырылған өңдеу үшін, мониторинг жасауға қажетті қазіргі заманғы геоақпараттық жүйе енгізудің әлсіз жүргізілуі.



Құқық тәртібі және қылмыспен күресу
Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында қылмыстың жағдайы бірқалыпты болып отыр. Бұл жағдайға бұрын жыл сайынғы (2006-2008 жылдар) қабылданған құқықбұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күресу туралы аумақтық бағдарламаның әсері болып табылады. Қоғамдық жағдайға және қоғамдық қауіпсіздікке әсері бар қоғамдық орындарда орын алған қылмыстардың саны соңғы жылдары төмендегені байқалады. Яғни, 2007 жылы бұл көрсеткіш 1420 құраған болса, 2008 жылы-1409, 2009 жылы-1389, 2010 жылы бұл көрсеткіш 1353 құраған болса, 2011 жылы-5799, 2012 жылы-7165 құраған, 2013 жылы - 9193, 2014 жылы–9145 құраған.

Тұрмыстық жағдайда орын алған қылмыстар, сонымен қатар, алкогольді тұтыну жағдайында және есірткі затын қабылдап, жасаған қылмыстар саны әлі де болса көп таралуда. Заңсыз еңбекке тарту жайттары кеңінен өріс алуда.

Тұрмыстық жағдайда орын алған кісі өлтіру және денеге ауыр жарақат салу қылмыстарының көпшілігі ішімдікке салынудың нәтижесінде болуда. Арнайы емдеу-алдын алу мекемелерінің ішімдікке салынған тұлғаларды еріксіз түрде емдеуге толығымен жолдап, қоғамнан уақытша аластатуға мүмкіндіктері болмай отыр.

Жасөспірімдермен жасалған қылмыстар саны өсіп келеді (2007ж.-335, 2008ж.-362, 2009ж.-374, 2010ж.-331, 2011ж.-425, 2012ж.-597,2013ж-533, 2014ж.-354). Мүлікке қарсы қылмыстар саны, оның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау және тонау қылмыстары 14 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдермен көп жасалуда.

Осыған байланысты «мектеп» полиция инспекторларының санын көбейту қажет, облыстағы олардың саны өте жеткіліксіз (барлығы 140 қызметкер). Қалалық әр-бір және ауылды жерлердегі үлкен мектептерде бір полиция инспекторлардан болуы тиіс. Бұл оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың ерте бастан алдын алуда мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары жол апатының негізгі көрсеткіштері төмендегені байқалады. Жол-көлік оқиғаларының жалпы тіркелген саны және олардың нәтижесінде жарақат алған азаматтар саны төмендеген. Алайда, жол-көлік оқиғалары салдарынан қайтыс болған азаматтардың саны өсуде (2007 ж. – 262 азамат, 2008 ж. – 202 азамат, 2009 ж. – 265 азамат, 2010 ж. – 478 азамат, 2011 ж. – 472 азамат, 2012 ж. – 534 азамат, 2013ж. - 529, 2014ж. – 432 азамат).

Жол-көлік оқиғаларының негізгі көрсеткіштері төмендегенімен, олардың ауыр жағдайда аяқталуы жоғары деңгейде қалып отыр.

Автокөліктердің санының өсуі, облыстағы олардың саны 2012 жылы - 381493, 2013жылы – 458958, 2014 жылы - 555368 және соңғы үлгідегі автокөліктердің жылдамдық мүмкіндігі көше мен жол жүйесінің даму мүмкіндігінен әлде қайда жоғары. Республикалық маңызы бар жолдар қайта құрастыруды жүру жолының енін кеңейтуді қажетті жерлеріне шарбақтар орнатуды жол белгілерін қоюды қажет етеді.

Көлік тәртібінің сақталуы оған қатысушылардың арасында төмен деңгейде, бәрінен бұрын көлік жүргізушілер тарапынан. Жүргізушілер дайындау жүйесін барынша жақсартуды талап етеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму Бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ішкі істер департаменті темекі шегу, есірткі қолдану және ішімдіктің алдын алуда бірқатар іс-шаралар атқарды.

Алыс және жақын шет елдерден облысымызға келетін азаматтардың легі көбеюіне байланысты реттелмеген көші-қон мәселелері мен заңсыз еңбекке тартуға қолайлы жағдайлар туындауда. Көші-қон бағыты бойынша немесе қуғындар есебінен келетін шет ел азаматтары тарапынан қылмыс жасауға қолайлы жағдайлар қалыптасуы қауіп төндіруде. Бұл жағдай көші-қон бағыты бойынша жұмысты жандандыруды талап етеді.

Облыстағы құқықтәртібінің жағдайына, азаматтарды қорғау жүйесіне, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктерді қылмыстан қорғауға өзінше орны бар сыртқы және ішкі факторлар бірқатар маңызды жағдай жасауды жалғастыруда.

Әлемдік қаржы дағдарысының салдарынан экономикалық қиыншылықтар, тұрғындардың жұмыспен толық қамтылмауы, оның ішінде жастар болуы тонау, ұрлық және басқа да зұлымдық пен зорлау қылмыстарының өсуіне негізгі себептердің бірі болуда.

Жедел жағдайдың қиындыққа соғуының негізгі факторларының бірі ұрлық қылмысы болуда. Жалпықылмыстық қылмыстардың ішінде олардың саны соңғы бірнеше жылдар бойы жартысын құрап келеді.

Облысымызда қылмыстардың ашылу көрсеткіші жоғарылағаны байқалады. Егер, 2007 жылы қылмыстың ашылу көрсеткіші 65,2 % құраған болса, 2008 жылы – 67,3 %, 2009 жылы– 67,8 %, аса ауыр қылмыстарды ашу көрсеткіші 2007 жылы - 85,1 %, 2008 жылы–88,6 %, 2009 жылы– 84 %, 2010 жылы-76,9 %, 2011 жылы–66,1 %, 2012 жылы – 78,5 %, 2013 жылы - 82,4 %, 2014 жылы – 85,5 % құраған.

Ішкі тұрақтылыққа облысымыздың аумағын есірткі тасымалдауға пайдаланып жүрген халықаралық қылмыс бірлестіктерінің әрекеттері барған сайын кері әсерін тігізіп келуде. Сыртқы есірткі тасымалы бірінші кезекте Ауған елінен келетін есірткі затын қабылдау болса, облысымыздағы ішкі есірткі жағдайы европа елдерінен келген әр түрлі синтетикалық есірткі заттарын тарату болып табылады.

2009 жылы есірткіге қатысты 168 қылмыс тіркелген болса, (2007 ж. - 186, 2008 ж. - 156) 389 кг есірткі заттары тәркіленген, оның ішінде 31 кг героин. 2012 жылы есірткіге қатысты 164 қылмыс тіркелген болса, (2010 ж. - 197, 2011 ж. - 145) 536 кг. 145 гр. есірткі заттары тәркіленген, оның ішінде 18 кг. 90 гр. героин 2013 ж.- 222 (576 кг. 185 гр. есірткі заты, оның ішінде 19 кг. 19 гр. героин), 2014 жылдың 7 айында 204 қылмыс (527 кг. 934 гр. есірткі заты, оның ішінде 12 кг.789 гр. героин), 2014 жылы 269 қылмыс (581 кг.495,2 гр. есірткі заты, оның ішінде 12 кг.900 гр. героин) .

Ішкі істер органдарының жоғарыда аталған іс-шараларды жүзеге асыруы жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізіп, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғап, олардың ішкі істер органдарына сенім арттыруын жоғарылатуға негіз бола алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет