4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
1. Бағдарламаның мақсаты
Онкологиялық аурулардан халықтың өлімін азайту жолымен қазақстандықтардың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттыру.
2. Нысаналы индикаторлар
Нысаналы индикатор
|
Өлшем бірлігі
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
Онкологиялық патологиядан өлімді азайту
|
100 мың халыққа шаққанда
|
101,0
|
99,5
|
97,2
|
95,8
|
95,5
|
I-II сатыда анықталған қатерлі ісіктердің үлес салмағының ұғаюы
|
%
|
50,1
|
50,6
|
51,5
|
53,0
|
53,5
|
қатерлі ісіктермен ауыратын науқастардың 5 жыл өмір сүруінің үлес салмағын ұлғайту
|
%
|
51,6
|
51,8
|
52,0
|
52,2
|
52,5
|
3. Бағдарламаның міндеттері мен нәтижелері көрсеткіштері:
1. Ерте диагностикалау бағдарламаларын (скринингтерді) дамыту жолымен онкологиялық аурулардың профилактикасын жетілдіру:
2012 жылға – 4 скринингілік бағдарламаны іске асыру: сүт безі обырының, жатыр мойны обырының, колоректалдық обырдың скринингін іске асыруды жалғастыру, Шығыс Қазақстан облысында қуықасты безі обырының скринингі бойынша пилоттық жобаны енгізу;
2013 жылға – 6 скринингілік бағдарламаны іске асыру: сүт безі обыры, жатыр мойны обыры, колоректалдық обыр бойынша, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстарында, Астана және Алматы қалаларында қуықасты безі обырының скринингі бойынша пилоттық жобаны кезең-кезеңмен кеңейту, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бауыр обыры, өңеш және асқазан обыры скринингін кезең-кезеңмен енгізу;
2014 жылға – 6 скринингілік бағдарламаны іске асыру: сүт безі обыры, жатыр мойны обыры, колоректалдық обыр бойынша, қуықасты безі обырының, бауыр обырының, өңеш және асқазан обырының скринингін Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында кезең-кезеңмен кеңейту;
2015 жылға – 6 скринингілік бағдарламаны іске асыру: сүт безі обыры, жатыр мойны обыры, колоректалдық обыр бойынша, қуықасты безі обырының, бауыр обырының, өңеш және асқазан обырының скринингін Ақмола, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кезең-кезеңмен кеңейту;
2016 жылға – ұлттық деңгейде 6 скринингілік бағдарламаны іске асыру: сүт безі обыры, жатыр мойны обыры, колоректалдық обыр бойынша, қуықасты безі обырының, бауыр обырының, өңеш және асқазан обырының скринингі.
2. Ғылыми-негізделген тиімділікпен диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық әдістеріне қолжетімділікті арттыру:
2013 жыл – өңірлік онкологиялық диспансердің базасында Семей қаласында сәулелік терапия жүргізу бойынша жоғары технологиялық радиологиялық орталықты құру. Алдыңғы қатарлы шетелдік клиникаларда онкологиялық қызмет үшін 62 маман даярланатын болады;
2014 жыл – Алматы қаласында ҚазОРҒЗИ базасында және Қарағанды облысының облыстық онкодиспансерінде, сондай-ақ ҚазОРҒЗИ базасындағы ядролық медицина орталықтарында және Семей қаласының өңірлік онкологиялық диспансерінде сәулелік терапия жүргізу бойынша жоғары технологиялық радиологиялық орталықтар құру. Алдыңғы қатарлы шетелдік клиникаларда онкологиялық қызмет үшін 105 маман біліктілігін арттыратын болады;
2015 жыл – Астана қаласында қалалық онкологиялық диспансердің және Ақтөбе қаласындағы М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің медициналық орталығының базасында жоғары технологиялық радиологиялық орталықтар құру. Алдыңғы қатарлы шетелдік клкникаларда онкологиялық қызмет үшін 113 маман даярланды;
2016 жыл – Астана қаласында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықты құру.
Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Семей қалаларының онкологиялық диспансерлеріне және ҚазОРҒЗИ-ға магниттік-резонанстық томографтар қондыру.
Онкологиялық практикаға жер-жерлерде аз инвазивтік эндобейнескопиялық операцияларды енгізу.
Медициналық ақпараттарды сақтау мен өңдеудің электрондық орталықтарын құру.
Онкологиялық диспансерлерде радионуклидтік диагностика бөлімшелерін құру.
3. Онкологиялық науқастарға оңалту және паллиативтік көмектің қазіргі заманғы жүйесін құру:
2012 жыл – Алматы қаласындағы хоспитың базасында паллиативтік көмек орталығын ашу, Павлодар қаласында, Қарағанды қаласында, Өскемен қаласында, Қостанай қаласында, Семей қаласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде онкологиялық науқастарға паллиативтік көмекті ұйымдастыру;
2013 жыл – Астана қаласының, Петропавл қаласының онкологиялық диспансерлерінің базасында, Ақтөбе қаласындағы Батыс Қазақстан медициналық академиясының медициналық орталығының базасында, Қызылорда қаласының көп бейінді ауруханасының базасында паллиативтік көмек орталықтарын ашу;
2014 жыл – Талдықорған қаласының көп бейінді ауруханасының базасында, Алматы қаласының өңірлік онкологиялық диспансерінің базасында, Ақтау қаласының онкологиялық диспансерлерінің базасында паллиативтік көмек орталықтарын ашу;
2015 жыл – Орал қаласының, Атырау қаласының онкологиялық диспансерлерінің базасында паллиативтік көмек орталықтарын ашу;
2016 жыл – Шымкент қаласының, Тараз қаласының онкологиялық диспансерлерінің базасында паллиативтік көмек орталықтарын ашу.
4. Жауапты мемлекеттік және өзге де органдар
Бағдарламаны іске асыру үшін мынадай ұйымдардың жәрдемі қажет: Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, сондай-ақ «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы, облыстардың, Астана және Алматы қаларының әкімдіктері.
5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
1. Проблемаларды шешу жөніндегі жұмыстардың негізгі бағыттары
Қойылған міндеттерді шешуге байланысты Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамыту жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары:
1) БМСК жүйесінің профилактикалық бағыттылығын жетілдіру;
2) онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің жоғары технологиялық әдістерін дамыту;
3) кадрлық әлеуетті нығайту мен дамыту;
4) онкологиялық қызметтің инфрақұрылымын жетілдіру және оның материалдық-техникалық базасын нығайту болып табылады.
2. Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу құралдары мен тетіктерінің тізбесі
1-бағыт. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек жүйесінің профилактикалық бағыттылығын жетілдіру
Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарындағы профилактикалық бағыттылықты күшейту мыналарды қамтиды:
жетілдіру;
оқыту модулдерін әзірлеу және оқытудың әртүрлі түрлерін (көшпелі өңірлік семинарлар, каскадтық әдіс, on-line, оның ішінде телемедицинаны пайдалана отырып) пайдалана отырып скринингілік тексерулерді енгізудің әртүрлі бағыттарына БМСК және мамандандырылған қызмет мамандарын оқыту);
2012 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысына қуықасты безі обырын ерте анықтау бойынша пилоттық медицина қызметкерлерінің онкологиялық сақтығын арттыру жөніндегі бағдарламаларды жобаны енгізу арқылы ерте диагностикалау (скринингтерді) бағдарламасын кеңейту, 2013 жылдан бастап Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында өңеш обырының, асқазан обырының және бауыр обырының скринингін кезең-кезеңімен енгізу;
сүт безінің, жатыр мойнының, тоқішектің, қуықасты безінің, өңештің, асқазанның, бауырдың қатерлі ісіктерін ерте анықтау бойынша скринингілік бағдарламаларды енгізу монитрингін жүргізу;
жасөспірім қыздарды жатыр мойны обырының алдын алу мақсатында адам папиломасы вирусына қарсы вакцинациялау жүргізу;
скринингілік бағдарламаларды жетілдіру және сапасын арттыру;
қатерлі ісктерді профилактикалау туралы халықты ақпараттандыруды арттыру арқылы жеке денсаулығы үшін азаматтардың ортақ жауапкершілігін қалыптастыру;
бұқаралық ақпарат құралдарын саламатты өмір салтын насихаттау, қалыптастыру және қатерлі ісіктердің профилактикасында белсенді пайдалану;
қатерлі ісіктердің бастапқы профилактикасы, ерте белгілері бойынша халықтың арасында брошюраларды, буклеттерді, парақшаларды әзірлеу, көбейту және тарату;
көрсетілген диагностикалық қызметтердің сапасын арттыру және спектрін кеңейту үшін қазіргі заманғы эндоскопиялық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық және зертханалық жабдықтармен қамтамасыз ету.
2-бағыт. Онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің жоғары технологиялық әдістерін дамыту
Онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа жоғары технологиялық әдістерін дамыту мен енгізу, оның ішінде балаларды мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
онкологиялық қызметтің тиімді жұмысы үшін нормативтік құқықтық базаны әзірлеу және жетілдіру;
емдеу-диагностикалық іс-шаралардың міндетті көлемімен онкологиялық науқастарға (ересектер мен балаларға) медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейінде онкологиялық науқастарды тексеріп-қарау алгоритмдерін әзірлеу;
диагностика мен емдеудің, оның ішінде кешенді емдеудің қазіргі заманғы әдістерін (ядролық, протондық, радионуклидтік терапия) енгізуді ескере отырып, қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеу хаттамаларын әзірлеу және бекіту;
Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықты құру, осы орталықта қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудің бірегей әлемдік технологияларын осы орталықта шоғырландыру, сондай-ақ ғылыми-зерртеу жұмысын жүргізу, бірегей технология бойынша түбегейлі емдеу, оларды өңірлік деңгейге трансферттей отырып, дигностикалау мен емдеудің жаңа технологиялары мен стандарттарын әзірлеу және енгізу мақсатында әзірленді;
шетелден қатерлі ісіктерді профилактикалау, диагностикалау мен емдеу саласында жаңа технологиялардың трансферті, кейіннен онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсететін өңірлік ұйымдарға олардың тарнсфертімен;
ағзалар мен тіндерді транспланттауды, оның ішінде балалардың сүйек кемігін транспланттауды дамыту;
негізгі орындағы қатерлі ісіктерді емдеудің мультимодалдық технологиясын әзірлеу;
аурудың ерте сатысында қатерлі ісіктермен ауыратын науқастарды диагностикалау мен емдеудің аз инвазивтік әдістерін енгізу;
ҚазОРҒЗИ базасында және Семей қаласындағы өңірлік онкологиялық диспансердің базасында ядролық медицинаның қазіргі заманғы орталықтарын (оның ішінде ПЭТ) құру;
онкологиялық диспансерлердің жанынан радионуклидтік диагностика бөлімшелерін құру;
халықтың және ядролық медицина орталықтары (бөлімшелері) қызметкерлерінің радиациялық қауіпсіздігі бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
қатерлі ісіктермен ауыратын науқастарды емдеуді жекешелендіру мақсатында ісіктерді иммуногистохимиялық және иммунофенотиптік диагностикалау бойынша референс орталықтардың жұмысын жетілдіру;
онкологиялық науқастарды мамандандырылған еммен толық қамту үшін оларды амбулаториялық және стационарлық деңгейлерде химиялық препарттармен барабар қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Ұлттық ядролық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ядролық физика институтының базасындағы отандық радиофармацевтикалық өндірісті одан әрі дамыту;
ядролық медицина орталықтарының үздіксіз жұмыс істеуі мақсатында медициналық ұйымдарды РФП және олардың өндірісі үшін шығыс материалдарымен қамтамасыз ету жүйесін дамыту (әзірлеме, клиника алды, клиникалық сынаулар, сертификаттау, тіркеу, өндіру, сатып алу, тасымалдау, қалдықтарды кәдеге асыру);
циклотрондарға және арнайы жабдықтарға қызмет көрсету бойынша сервистік қызметті құру;
сәулелік аппараттарға қызмет көрсету, иондаушы сәулелеу көздерін ауыстыру бойынша сервистік қызметті құру;
онкологиялық қызметте қолданылатын ақпараттық технологияларды, оның ішінде обырмен ауратын науқастардың тізілімін (канцер-тізілім) жетілдіру. Онкологиялық ұйымдардың арасында ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін медициналық ақпаратты сақтаудың және өңдеудің жоғарғы технологиялық электрондық орталықтарын құру, диагностикалық жабдықтардың өткізгіштік қабілетін ұлғайту, тексеру мерзімін айтарлықтай қысқарту, бұл өз кезеңінде дтагнозды уақтылы белгілеуге және емді бастауға мүмкіндік береді.
3-бағыт. Кадрлық әлеуетті нығайту және дамыту
Онкологиялық қызметтің кадрлық әлеуетін нығайту мен дамыту мынадай жолмен жүргізілетін болады:
онкологиялық қызметтің медициналық кадрларының штат санын бекітілген нормативтерге сәйкес келтіру;
онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа технологияларын енгізуді ескере отырып, онкологиялық қызмет ұйымдарының штат нормативтерін жетілдіру;
онкологиялық науқастарға профилактикалық, диагностикалық, емдік, оңалту және паллиативтік көмек көрсететін мамандардың кәсіптік деңгейін үздіксіз арттыруды ұйымдастыру;
ұлттық және алдыңғы қатарлы шетелдік клиникаларда және ғылыми орталықтарда, оның ішінде халықаралық ұйымдардың ықпалы кезінде қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудің жоғары технологиялық әдістерін көрсету дағдыларына ие онкологиялық қызмет мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру;
отандық және шетелдік оқу орындарының базасында медициналық емес білімі бар мамандарды (медициналық физиктер, инженер-физиктер, инженер-химиктер, химиктер, жабдықтар сервисі бойынша биомедициналық инженерлер) даярлау;
онкологиялық көмек көрсететін ұйымдарда әлеуметтік қызметкер мен психологтың интитутын енгізу;
ҚазОРҒЗИ базасында онкологиялық қызмет мамандарын қазіргі заманғы аз инвазивтік хирургиялық емдеу әдісіне үйрету үшін симуляциялық орталықты құру.
4-бағыт. Онкологиялық қызметтің инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру және оның материалдық-техникалық базасын нығайту.
1. Онкологиялық қызметтің инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру және оның материалдық-техникалық базасын нығайту үшін:
Астана қаласында халықаралық стандарттардың деңгейінде онкологиялық патологиясы бар науқастарға диагностикалық және емдік іс-шаралар жүргізу үшін соңғы қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы;
Павлодар облысында бір ауысымда 100 адам қабылдайтын емханасымен 200 төсектік онкологиялық диспансердің құрылысы;
Жамбыл облысында 100 адам қабылдайтын емханасымен 250 төсектік онкологиялық диспансердің құрылысы;
Алматы қаласында қалалық онкологиялық диспансердің радиологиялық корпусының құрылысы;
Қызылорда облысында 175 төсектік онкологиялық диспансердің қосымша корпусының құрылысы;
Оңтүстік Қазақстан облысында 245 төсектік онкологиялық диспансердің қосымша корпусының құрылысы;
Қостанай облысында 300 адам қабылдайтын облыстық онкологиялық диспансердің емханасының құрылысы;
Семей қаласында өңірлік онкологиялық диспансердің базасында ядролық технологияны пайдалануға негізделген радиологиялық кластерді құра отырып, радиологиялық орталықтың құрылысын аяқтау;
аумағында құрылысы бітпеген корпусты аяқтай отырып, жоғары мамандандырылған онкологиялық көмек көрсету үшін жабдықтармен толықтыра, күрделі жөндеу жүргізе отырып, ҚазОРҒЗИ-ды жаңартуды жүргізу жүзеге асырылады.
Семей қаласында өңірлік онкологиялық диспансердің базасында ядролық технологияны пайдалануға негізделген радиологиялық кластерді құра отырып, радиологиялық орталықтың құрылысын аяқтау;
аумағында құрылысы бітпеген корпусты аяқтай отырып, жоғары мамандандырылған онкологиялық көмек көрсету үшін жабдықтармен толықтыра, күрделі жөндеу жүргізе отырып, ҚазОРҒЗИ-ды жаңартуды жүргізу жүзеге асырылады.
2. Радиациялық онкологияның жоғары технологиялық орталықтарын құру арқылы мыналардың базасында жоғары технологиялық радиологиялық қызметті өңірлендіруді жүргізу:
ҚазОРҒЗИ;
Астана қаласының қалалық онкологиялық диспансері;
Семей қаласындағы өңірлік онкологиялық диспансер;
Ақтөбе қаласындағы М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің медициналық орталығы;
Қарағанды облыстық онкологиялық диспансері.
3. Онкологиялық ұйымдастыру құрылымын мынадай жолмен жетілдіру:
онкологиялық ұйымдардың ұйымдастыру-құқықтық нысанын оларды шаруашылық жүргізу құқығына ауыстыру арқылы өзгерту;
республиканың онкологиялық ұйымдарының төсек қорын 2012 жылы төсек қорын 2996 төсектен 2013 жылы 3610 төсекке дейін, 2015 жылы- 3750 төсекке дейін жеткізе отырып бекітілген нормативке сәйкес (10 мың халыққа шаққанда 2,5 төсек) келтіру;
онкологиялық ұйымдарда күндіз болу төсек қорын 2012 жылғы 222-ден 2013 жылы 360-қа дейін және 2015 жылы 1125 дейін кеңейту;
онкологиялық диспансерлердің және көп бейінді ауруханалардың базасында стационарлық және амбулаториялық деңгейлерде диагностикалау мен емдеудің жоғары технологиялық әдістерін енгізудің салдарынан оларды босату бойынша онкологиялық диспансерлердің базасында онкологиялық науқастарды емдеу мен оңалту бөлімшелерін құру, стационарды алмастыратын технологияларды дамыту және амбулаториялық деңгейде толық дәрі-дәрмектік қамтамасыз ету;
онкологиялық диспансерлердің, көп бейінді ауруханалардың базасында паллиативтік емдеу бөлімшелерін (орталықтарын), сондай-ақ дербес заңды тұлғаларды, оның ішінде мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде құру;
амбулаториялық химиотерапия алатын онкологиялық науқастарды серпінді бақылау үшін онкологиялық диспансерлерде амбулаториялық химиотерапия кабинеттерін (бұдан әрі – АХТ) ашу. 2012 жылдың аяғына дейін әрбір онкологиялық диспансерде АХТ құрылатын болады;
4. Мыналардың санын бекітілген нормативке дейін жеткізу:
онкологиялық кабинеттер (50000 халыққа шаққанда 1 кабинет, бірақ кемінде аудандық емханаларда 1 лауазым). 2013 жылы 54 онкологиялық кабинет, 2014 жылы – 27, 2015 жылы – 20 кабинет ашу жоспарлануда;
маммологиялық кабинеттер (50000 халыққа шаққанда 1 кабинет, бірақ кемінде аудандық емханаларда 1 лауазым). 2013 жылы 138 маммологиялық кабинет, 2014 жылы – 52, 2015 жылы – 83 кабинет ашу жоспарлануда;
консультациялық-диагностикалық емханалардың (орталықтардың), көп бейінді ауруханалардың консультациялық-диагностикалық бөлімшелерінің құрамындағы проктологиялық кабинеттер. 2013 жылы 18 проктологиялық кабинет ашу жоспарлануда.
5. Онкологиялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту мен жаңарту:
онкологиялық диспансерлерді компьютерлік томографтармен, бейнеэндоскопиялық жабдықтармен жарақтандыру, бұл диагностиканың аз инвазивтік әдістерін енгізуге және кеңейтуге мүмкіндік береді;
онкологиялық диспансерлердің сәулелік бөлімшелерін онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеу саласындағы қазіргі заманғы инновациялық жабдықтармен (ОФЭКТ, ПЭТ, ПЭТ/КТ РФП өндірумен, магниттік-резонанстық томограф, брахитерапия, көп күлтелі каллиматорды пайдалана отырып, 20 МэВ жоғары қуатты сызықтық жылдамдатқышқа арналған қашықтықтағы сәулелік терапияны жүргізу және басқалар) жарақтандыру;
қатерлі ісіктері бар науқастарды жекелеп емдеу мақсатында ісіктердің иммуногистохимиялық және иммунофенотиптік дигностикасының референс орталықтарын телепатологиялық жүйелермен жарақтандыру.
3.
Достарыңызбен бөлісу: |