Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Биотехнология кафедрасы
Азық-түлік өнімдері мен шикізаттардың сапасын бақылау және бағалау
пәнінен
050727 – азық-түлік өнімдерінің технологиясы
мамандық студенттеріне арналған
тәжірибелік және зертханалық жұмыстарға
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ
Павлодар
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/41
|
|
|
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор
_______Н.Э. Пфейфер
2010 ж. «___»________
|
|
Қ ұрастырушы: _________________ доцент, техн. ғыл. канд. Ахметова Н. К.
Биотехнология кафедрасы
Азық-түлік өнімдері мен шикізаттардың сапасын бақылау және бағалау
пәнінен
050727 – азық-түлік өнімдерінің технологиясы
мамандық студенттеріне арналған
тәжірибелік және зертханалық жұмыстарға
әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
2010 ж. «29» қазан кафедра отырысында ұсынылған № 3 хаттама.
Кафедра меңгерушісі ___________ М.С. Омаров 2010 ж. «29» қазан
Агротехнологиялық факультет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған
2010 ж. «_09_» қараша № 3 хаттама
ОӘК төрағасы _______________ М. Е. Жагипарова 2010 ж. «_09
МАҚҰЛДАНДЫ:
ЖжӘҚБ бастығы _____________ А. А. Варакута 2010 ж. «_____»_______
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған
2010 ж. «10»__қараша__ №_2 хаттама
КІРІСПЕ
Курс мақсаты: өнім сапасы және сапа көрсеткіштері, сапа денгейі туралы жалпы түсінік беру; өнімнің сапа көрсеткіштерінің мәндерін анықтау; өнімнің сапа денгейін бағалау; өнім сапасына әсер ететін факторларды табу және талдау әдістері және болжау теориясымен және болжау әдістемесінің негіздерімен таныстыру.
Курс міндеті:
- теориялық материалды тәжірибелік тапсырмамен бекітіп отыру;
- бағаланатын өнім қасиеттерінің тармағын құруға және сапа көрсеткіштері номенклатурасын таңдауға, өнімнің сапасын бағалай және болжай білуге дағдыландыру;
Курс құрылымы
Курсты оқу нәтижесінде студенттер:
-
өнім сапасы және сапа көрсеткіштері туралы жалпы түсінікті;
-
сапа көрсеткіштерінің түрлерін және сапа көрсеткіштері номенклатурасының негізгі топтарын;
-
өнімнің сапа көрсеткіштері мәндерін анықтау әдістерін;
-
өнімнің сапа денгейін бағалау әдістерін;
-
өнім сапасына әсер ететін факторларды табу және талдау әдістерін;
-
өнім сапасын сипаттайтын параметрлерді таңдау әдістерін;
-
өнім сапасын болжау теориясы және әдістемесінің негіздерін білуі керек
Курсты игеру нәтижесінде студенттерде төмендегідей дағдылар болуы керек:
- бағаланатын өнім қасиеттерінің тармағын құру;
-
сапа көрсеткіштері номенклатурасын таңдау;
-
өнімнің сапа деңгейін дифференциалды әдіспен бағалау;
-
өнімнің сапа деңгейін кешенді әдіспен бағалау;
-
өнімнің сапа деңгейін сараптық бағалау әдісімен бағалау;
-
өнім сапасына әсер ететін факторларды табу және талдау әдістерін қолдану;
-
өнім сапасын сипаттайтын параметрлерді таңдау әдістерін қолдану;
-
өнім сапасын бағалау үшін тиісті болжау әдістемесін қолдану.
1 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Өнеркәсіптік өнім сапасының бірлік көрсеткіштерінің қалыптасуы
Мақсаты: Өнім сапасының дара (жеке) және кешенді көрсеткіштерімен танысу.
Өнім сапасы - қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілетін көрсететін өнімнің немесе қызмет көрсетудің қасиеттері мен сипаттамалар жиынтығы (“ИСО 8402 – 86. Сапа. Сөздік.” Халықаралық сөздік). Сапаның әрбір көрсеткіші объектінің қасиеттерінің бірінің санды сипаттамасы болып, бұл объектінің нақты жағдайларда қоғамдық қажеттіліктерді қалыптастыру қабілетін көрсету керек. Сондықтан, саланың әрбір көрсеткішін енгізгенде сапаның келесі компоненттерін есепке алу қажет: қоғамдық қажеттілікті, нақты жағдайларды, объектіні және қажеттілікті қанағаттандыру дәрежесін. Сапа көрсеткіші келесі сауалға жауап беру керек: қандай дәрежеде қарастырылған объект қоғамдық қажеттілікті (қызығушылықты, құндылықты) қанағаттандыру қабілетке ие ?
Сапа көрсеткіштері даралық (жеке) және кешенді болып бөлінеді.
Даралық (жеке) көрсеткіштер сапаны анықтайтын өнімнің бір қасиетіне жатады, ал кешенді- бірнеше қасиеттеріне жатады.
Тәжірибелік тапсырма
-
Сараптау объектісін таңдап алыңыз. Сараптау объектісі ретінде тағам өнімдері болуы мүмкін.
-
Сапаның бірлік (даралық, жеке) көрсеткіштерін қалыптастырыңыз.
-
Сапа көрсеткіштердің өлшемін (физикалық шама бірліктерінде немесе өлшемсіз бірліктерде) анықтаңыз.
-
Нәтижесін бірінші кесте түрінде дайындаңыз.
№ 1 кесте
Бақылау сұрақтар
-
Бұл көрсеткіш келесі сұраққа жауап бере ме, тексеріңіз?
-
Қандай дәрежеде қарастырылған объект қоғамдық қажеттілікті (қызығушылықты, құндылықты) қанағаттандыру қасиетке (қабілетке) ие болады?
2 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы. Өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасының негізгі топтары.
Мақсаты:
Студенттерге сапа көрсеткіштерінің түрлері және сапа көрсеткіштері номенклатурасының негізгі топтары туралы жалпы түсінік беру, сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау бойынша дағдылар беру.
Өнімнің сапа көрсеткіштерінін номенклатурасын таңдау кезінде өнім сапасының құрамына кіретін және оның техникалық деңгейі мен сапасын бағалау мүмкінділігін қамтамасыз ететін қасиеттерінін сандық сипаттамаларынын тізімі белгіленеді.
Өнімнің сапа көрсеткіштерінін номенклатурасын тањдауының маңызы принипиалды, себебі жіберілген қателіктер өнім сапасынын шыңдық деңгейі туралы бұрмалаған нєтижесін береді. Өнімнің сапа көрсеткіштерінін номенклатурасын тањдауың дәлелдеу өнімнің белгілену және пайдалану шарттарын, тұтынушылардың талаптарын талдау, өнім сапасын басқару мақсаттарын, сипатталатын қасиеттерінін құрамы мен құрылымың, өнім сапасына қойылатын талаптарын есепке алуымен жүргізіледі.
Өнімнің сапа көрсеткіштерінін номенклатурасын (ӨСКН) таңдау тәртібі:
-
өнімнің түрін (тобын) анықтау;
-
ӨСКН пайдалану мақсатын анықтау;
-
өнімнін сапа топтарының бастапқы номенклатурасын анықтау;
-
әрбір топ бойынша бастапқы номенклатурасын анықтау;
-
ӨСКН таңдау әдісін анықтау.
Өнімнің түрі (тобы) өнімнің белгілену және пайдалану шарттары бойынша өнімнің жіктеуіштері (классифифкаторлары) бойынша анықталады.
ӨСКН пайдалану мақсаттары өнімнің сапасын басқару міндеттеріне сәйкес белгіленеді.
Өнімнің сапа көрсеткіштерінің тобының бастапқы номенклатурасы өнімнің классификациялық топталуына тәуелді көрсеткіштердін қолдануын есепке алуымен таңдап алынады.
Өнімнің әрбір тобы бойынша көрсеткіштерінің бастапқы номенклатурасы өнімнін сапа көрсеткіштерінін есіне нормативтік құжаттардың негізінде таңдап алынады.
ӨСКН-ың таңдап алу әдісі өнімнің техникалық деңгейін және сапасын бағалау әдістемелерімен белгіленеді.
Тағам өңімдер үшін сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау кезінде өңімді дайындау үшін қажетті шикізаттың сапасын да есепке алу керек. Сондықтан көрсеткіштер номенклатурасында өңімнің сапасына тікелей әсер ететін көрсеткіштерді енгізу керек. Осыған байланысты тағам өңімдер үшін келесі көрсеткіштердің топтамалары ұсынылады:
-
критикалық - өңімнің қолдану мүмкіндігін бір мағынада анықтайтын көрсеткіштер тобы (мысалы ет өңімдері үшін – еттің ветеринарлық-санитарлық көрсеткіштері);
-
маңызды - өңімнін тағамдық, биологиялық және энергетикалық құңдылығын (ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер мөлшері), шикізаттың технологиялық сипаттамаларын (ылғалдылығы, тығыздығы, тұтқырлығы және т.б.), органолептикалық қасиеттерін аңықтайтын көрсеткіштер тобы (сыртқы түрі, дәмі, иісі);
-
екінші дәрежелі – тағам өнімдердің сапасының кешенді (комплексті) бағасына әсері шамалы көрсеткіштер (шұжық өңімдер үшін – қабықшаның түрі, ет консервілері үшін – ет бөлшектерінің өлшемі (салмағы) және т.б.);
-
әсері шамалы – буып-түю сапасы және оның көркемделуі.
Тәжірибелік тапсырма
1 Сараптау объектісін таңдап алыңыз. Сараптау объектісі ретінде тамақ өнімдері болуы мүмкін.
2 Сараптау объектісіне сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдап алыныз.
Бақылау сұрақтар
-
Өңімнің сапа көрсеткіштерінін номенклатурасын таңдау алгоритмы қаңдай?
-
Сапа көрсеткіштерінің негізгі топтарын атап, қысқаша сипаттама берініз.
3 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Өнімнің сапа көрсеткіштерінің (қасиеттерінің) иерархиялық құрылымың (қасиеттер тармағын) құрастыру
Мақсаты:
Өнімнің сапа көрсеткіштерінің (қасиеттерінің) иерархиялық құрылымың (қасиеттер тармағын) құрастыру бойынша тәжірибелік дағдылар беру.
Өнім сапасының квалиметриялық бағалау әдісі – бұл сапаны кешенді бағалау әдісі болып табылады.
Квалиметрияның негізгі принциптерінің бірі: бағаланатың объектінің сапасын сипаттайтың қасиеттер көп деңгейлі құрылым түрінде реттелген жиынтық болып саналады. Бұл құрылымның графикалық көрсетімі (1 сүрет) – қасиеттер тармағы деп аталады.
Бірінші (жоғарғы) деңгейде сапаның талдап қорытылған (жалпыланған) корсеткіші болады. Ол екінші деңгейдегі көрсеткіштердің жиынтығы болып табылады. Екінші денгейдегі корсеткіштер үшінші денгейдегі корсеткіштердің жиынтығы болады. Ал ен төмендегі денгейде сапаны даралық көрсеткіштері көрсетіледі.
1 сүрет- өнім қасиеттеінің тармағы
Мысалы, шұжық өнімдердің қасиеттерінің үшденгейлі тармағың томендегідей көрсетуге болады:
1 денгей
|
|
2 денгей
|
|
3 денгей
|
|
Жалпы (интегралды) сапа
|
|
Жағымдылығы
|
|
Түсі
|
Дәмі
|
Иісі
|
Тіліктегі түрі
|
консистенциясы
|
|
|
|
Пайдалығы
|
|
Ақуыздың баланстылығы
|
Ақуыз мөлшері
|
Химиялық құрамының баланстылығы
|
|
|
|
Сақтау кезінде төзімділігі
|
|
Кебуге төзімділігі
|
Майлы фракцияның тұрақтылығы
|
|
|
|
Зияңсыздығы (қауіпсіздігі)
|
|
Жалпы микробиологиялық ластану
|
|
Нитриттердін мөлшері
|
|
Нитраттардың мөлшері
|
Тәжірибелік тапсырма
-
Сараптау объектісін таңдап алыңыз. Сараптау объектісі ретінде тамақ өнімдері болуы мүмкін.
-
Сараптау объектінің қасиеттерінің тармағын құрастырыныз.
Бақылау сұрақтар:
-
Өнімнің сапасы дегеніміз не?
-
Өнімнің сапа көрсеткіштері дегеніміз не?
-
Бағаланатың объектінің сапасын сипаттайтың қасиеттердың иерархиялық тармағы дегеніміз не?
4 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Өнімнің сапа денгейін бағалаудың дифференциалды әдісі.
Мақсаты:
Өнімнің сапа денгейін бағалау әдістерімен танысу; өнімнің сапа деңгейін дифференциалды әдіспен бағалау бойынша тәжірибелік дағдылар беру.
Өңім сапасының критерийлеры
Өңімнің сапасының критерийларына сапа деңгейі, өңімнін сапасының әмбебап критериі, таңдау сапасы, ақаулық деңгейі және сұрыптық коэффициенті жатады.
Өңімнің сапа деңгейі - өңімнің сапа көрсеткіштерінің жиынтығын тиісті базалық көрсеткіштердің жиынтығымен салыстыруда негізделетін өңімнің салыстырмалы сипаттамасы.
Дифференциалды әдіс.
Дифференциалды әдіс бағаланатың өңімнін сапасының жеке көрсеткіштерін оның базалық көрсеткіштерімен салыстыруда негізделеді. Сапа деңгейі туралы шешімді жеке салыстырмалы көрсеткіштердің шамасы бойынша шығарады. Егер олардың бәрі бірге тең немесе одан жоғары болса, бағаланатың өңімнін сапасы базалық үлгіден асып түседі немесе оған сәйкес болады. Егер салыстырмалы көрсеткіштер немесе олардың көпшілігі бірден төмен болса, өңімнін сапа деңгейі базалық үлгіден (эталоннан) төмен.
Сапаның салыстырмалы көрсеткіші келесі формулалар бойынша есептеледі:
және i = 1,2,3,.........., n
және - бағаланатын және базалық үлгінін сапаның i-көрсеткішінін мәні;
n - өңімнің көрсеткіштерінін саны.
Тәжірибелік тапсырма
Төменде берілген есептерді шешініз.
Есеп 1:
Кәсіпорында шығарылған анықталған қуатты электр шамдарынын жануының орташа уақыты – 400 сағат, қызмет ету мерзімінің эталондық мәні – 450 сағат. Электр шамдарының сапа деңгейін дифференциалды әдіспен аңықтаныз.
Есеп 2:
Осы электр шамдардың пайдалы қызмет ету коэффициенті 20 лм/Вт, нақты коэффициенті - 18 лм/Вт.
Электр шамдарының сапа деңгейін пайдалы қызмет ету коэффициенті бойынша дифференциалды әдіспен аңықтаныз.
Алыңған нәтижелер бойынша қорытынды жасаныз.
Есеп 3.
30 % деңгейінде ет шикізаты соя изолятымен ауыстырылған пісірілген шұжық өнімнің дәстүрлі технология бойынша өндірілген өніммен салыстыру бойынша сапасын анықтаныз.
Сапа көрсеткіштері
|
Өнімнің сапа көрсеткіштерінін саңдық мәндері
|
Көрсеткіштерді салыстырып бағалау нәтижелері
|
Жаңа өнім
|
базалық
|
Белгілену көрсеткіштері
|
|
|
|
100 г өңімнің энергетикалық құңдылығы, ккал
|
201
|
197
|
|
Ақуыз мөлшері, %
|
18,1
|
17,4
|
|
Шұжық тұрамасының жылжуының шекті кернелуі, Па
|
480
|
590
|
|
Тұраманың ылғалды байланыстыру қабылеті, %
|
87
|
75
|
|
Органолептикалық көрсеткіштер, балдар
|
|
|
|
түсі
|
4
|
5
|
|
Дәмі
|
5
|
5
|
|
иісі
|
4
|
5
|
|
Эргономикалық көрсеткіштер
|
|
|
|
Натрий нитрит қалдық мөлшері, %
|
0,0052
|
0,0050
|
|
Натрий хлоридтың массалық үлесі, %
|
2,3
|
2,5
|
|
Өңімнін сапасы бойынша қорытынды жасаныз.
Бақылау сұрақтар
1.Өнім сапасының критерийлері?
2. Өнімнің сапа деңгейі?
3. Өнім сапасын бағалаудың дифференциалды әдісі?
5 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Өнімнің сапа денгейін бағалаудың кешенді әдісі.
Мақсаты:
Өнімнің сапа денгейін бағалау әдістерімен танысу; өнімнің сапа деңгейін кешенді әдіспен бағалау бойынша тәжірибелік дағдылар беру.
1. Кешеңді әдіс – барлық жекеленген (даралық) көрсеткіштерді есепке алатын жєне математикалық өндеуге келетін кешенді (талдап қорытылған) көрсеткішті анықтау.
Талдап қорытылған көрсеткіш қасиеттердің біртекті тобын сипаттайтын жекеленген көрсеткіштерден тәуелді болатын функция.
Көрсеткіштердін топтарына, мысалы, сенімділік, эстетикалық, қауіпсіздік және т.б. көрсеткіштер жатады.
Сапанын талдап қорытылған көрсеткіші болып төмендегі көрсеткіштер болуы мүмкін:
-
басты, өнімнін негізгі белгілеуін көрсететін ең маңызды ждара көрсеткіш;
-
орташа салмақталған кешенді көрсеткіш;
-
сапаның интегралды көрсеткіші
Сапаның кешенді көрсеткіші келесі талаптарға жауапты болу керек:
-
Репрезентативтілігі – көрсеткіште бұйымның сапаны бағалайтын барлық негізгі сипаттамаларынын көрсетілуі;
-
Басқа көрсеткіштердін тіркелген мєндерінде сапаның дара көрсеткіштерінен қайсысы да өзгерген кезінде өнім сапасынын кешенді көрсеткішінін өзгеруінін монотондылығы.
-
Өзгерілген параметрлерге сезгіштігі
-
Нормалаулығы – сапанын салыстырмалы көрсеткіштерінін ең жоғарғы жіне ең төменгі мәндерінін арасындағы кешенді көрсеткіштін сандық мәні. Бұл талап кешенді көрсеткішті өлшеу шкаласының құлашының көрсететді.
-
Сапаны кешенді бағалау нәтижелерінің салыстырмалығы оларды есептеу әдістерінін бірдей болуымен қамтамасыз етіледі. Мұнда барлық дара көрсеткіштер өлшемсіз шамамен көрсетілу керек. Натуралды өлшемдерді өлшемсіз бірліктерге ауыстырудың тиісті өзгертулер жолымен жүзеге асырады. Мысалы, осы мақсатпен түзүлік тәуелділікті пайдаланады:
q=kP
q- өлшемсіз бірліктерде сапа көрсеткіштін мәні;
P - натуралды бірліктерде сапа көрсеткіштін мәні;
k - өзгерту коэффициенті
Кейбір жағдайларда функцияныњ түзүлік емес тәуелділігін пайдаланады:
q=f(P)
Бұл тєуелділіктін формуласы P көрсеткіштін өзгеру сипатын бақылау немесе экспериментер негізінде шығарылады.
Кешенді көрсеткіш бойынша сапа дењгейі бағаланатын өнімнің талдап қорытылған көрсеткіштін Qбағ базалық үлгінін талдап қорытылған көрсеткішке Qбаз қатынасымен анықталады:
Тәжірибелік тапсырма
Кокс сапасының деңгейін бағалау қажет. Кокс сапасының негізгі көрсеткіштерінің мәні ГОСТ 5.1261-72 белгіленген. Базалық үлгі ретінде Apple Frodingem фирмасының коксы. Сапаның талдап қорытылған (жалпыланған) көрсеткішін есептеу үшін бастапқы деректері кестеде берілген.
№№
|
Кокс сапасының көрсеткіші
|
Көрсеткіштерінің мәні,
|
Көрсеткіштердің базалық мәні (Apple Frodingem фирмасының коксы), Р,
|
Салмақтылық коэффициенті, балмен
|
1
|
Күкірт мөлшері
|
0,7
|
1,2
|
-20
|
2
|
Күлділігі
|
11,0
|
9,8
|
-2,0
|
3
|
Ұсатылу (түйілу) көрсеткіші
|
78,0
|
70,0
|
+1,3
|
4
|
Майдалану көрсеткіші
|
8
|
9,8
|
-3,0
|
«-» -сапасының төмендеуі;
«+» - сапасының жоғарлауы.
Достарыңызбен бөлісу: |