144
1) құрылысты ұйымдастыру жобаларын жасау үшін арнайы
құрылған нормативтік есептік көрсеткіштер бойынша;
2) жұмыстарды жүргізу жобасында қабылданған жұмыс көлемі
негізінде механикаландыру тəсілдері мен машиналарды пайдалану
өнімділігі немесе құрылыстың жергілікті
жағдайларын ескере отырып
белгіленетін машиналарды өндіру нормалары негізінде;
3) БНжБ, ВНжБ (ведомстволық нормалар жəне бағалар) немесе
ЖНжБ (Жергілікті нормалар жəне бағалар) қабылданған машина
уақытының шығын нормалары бойынша. Еркін баға қалыптастыруға көшу
кезінде келтірілген бағалардың өзектілігі жоқ екендігін атап өткен жөн.
Құрылыста пайдаланылатын көлік құралдарының түрлері.
Құрылыс жүктерін тасымалдау үшін көлік құралдарының бірнеше
нұсқалары
қалыптастырылады,оның құрамына бір немесе бірнеше
транспорт түрі кіруі мүмкін. Аралас жеткізу тəсілдері дегеніміз
техникалық себептерге байланысты бірнеше көлік түрлерін қолдана
отырып жеткізу. Құрылыста транспорттың барлық түрлері қолданылады.
Автомобиль көлігі ең
көп қолданысқа ие көлік құралы, өйткені ол
жеткілікті жеделдікке жəне маневрлікке ие. Бұл ретте жеделдік деп
жүктерді уақытылы жеткізуді, ал маневрлік
деп аумақтың кез келген
нүктесіне жүкті жеткізуді айтады. Автомобиль көлігіне қолданатын негізгі
құрылыс ұйымдары əдетте ұзақ мерзімді (жылдық) тасымалдау шарттарын
жасайтын автокөлік кəсіпорындарымен келісімшарт жасайды. Тасымалдау
шарттары əр түрлі автокөлік түрлерімен тасымалдауды жүзеге асыруды
есепке ала отырып орындалады.
Сондықтан автокөлік кəсіпорындарының құрамына дəстүрлі борттық
автомобильдер мен самосвалдардан басқа арнайы автокөлік құралдары
жүреді, оларға бетон тасығыштар,
панел тасығыштар, контейнер
тасығыштар, құбыр тасығыштар, жатады. Автокөлік үшін ең тиімді əсер
ету радиусы шамамен 300 км жəне одан аз.
Темір жол көлігі үлкен қашықтықтарға үлкен жүктерді тасымалдауға
арналған жəне теміржол кірме жолдары болуы талап. Темір жол көлігі аз
маневрлік жəне тиімділігі аз, өйткені темір жол кестесі жүк поездары бір
тораптық станциядан екіншісіне дейін жасалады, демек,
жолдағы жалпы
уақыт поездар қозғалысының көптеген жергілікті кестелерімен іске
асырылуына байланысты.
Тракторлық көлік салыстырмалы жолсыздық жағдайында жəне 10
км дейінгі шағын қашықтықта қолданылады.
Су көлігі жеткілікті үнемді болып табылады, бірақ маусымдық
кезеңге арналған (навигациялық кезең ескеріледі) жəне порт
шаруашылығымен жабдықталған су коммуникацияларын талап етеді.
Əуе көлігі-ең қымбат көлік түрі жəне
тек ерекше жағдайларда
қолданылады.
145
Құбыр көлігі шектелген кеңістіктегі тұтас ортаның қозғалыс
заңдарына негізделген, мысалы, қоқыс шығару кезінде пневматикалық
көлікті пайдалану,аумақты топырақты шаю əдісімен дайындау жəне т. б.
Автокөлік
кəсіпорындары
мен
құрылыс
механикаландыру
кəсіпорындарының
өндірістік
бағдарламасы
құрылыс
монтаж
жұмыстарының көлемі есебінен қалыптастырылады.
Бұл ретте мердігерлік жұмыстар мен құрылыс кешені кəсіпорындары
арасындағы қызметтер нарығында бəсекелестік
жағдайында туындайтын
қиындықты ескеру қажет.
Құрылыс-механикаландыру
кəсіпорындары
құрылыс
кəсіпорындарына құрылыс машиналары мен механизмдерін келесі
схемалар бойынша бөледі:
-қосалқы мердігерлік бойынша ҚМЖ жеке орындалуы ескеріле
отырып;
-жалға беруді жəне қызмет көрсетуші персоналмен қамтамасыз етуді
ескере отырып;
-қызмет көрсетуші персоналсыз жалға алуды ескере отырып;
- лизингке тапсырылған жалға алу төлемімен.
Мердігерлік құқығында тек қана механикаландырылған, тиеу-түсіру
жəне қосалқы жұмыстарды жүзеге асыруға болады.
Сондықтан топырақты механикаландырып əзірлеу қосалқы
мердігерлік шарт жасасу негізінде орындалуы мүмкін, ал жұмыс жинақтау
краны жеке шарттың мəні бола алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: