1 Аналитикалық химия пәні, мақсаты, міндеті. Аналитикалық қызмет. Анализ әдісініңжіктелуі


)Титриметриялық анализ әдістері , титрлеу әдісінің жіктелуі,қолданылуы артықшылыеы мен кемшілігі



бет31/52
Дата25.04.2024
өлшемі4.71 Mb.
#499836
түріҚұрамы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52
Аналитика B

11)Титриметриялық анализ әдістері , титрлеу әдісінің жіктелуі,қолданылуы артықшылыеы мен кемшілігі.

Титрлеу – 𝑋 затының барлығы реакцияға түскенше аз мөлшерде 𝑇 реагентін біртіндеп қосу арқылы 𝑋 затын анықтау процесі. 


Титрант – титрлеу жүргізілетін, құрамында 𝑇 реагенті бар нақты белгілі концентрациядағы ерітінді. 
Титриметриялық анализ әр түрлі типтегі реакцияларды қолдану арқылы сулы және сусыз ерітінділерде органикалық және бейорганикалық заттардың, химиялық элементтердің құрамын және судың кермектілігін анықтауда қолданылады. Бұл әдіс негізінен фармацевтикалық химияда кеңінен қолданылады
Титриметриялық анализ әдістерінің ең кең тараған жіктелуі қолданылатын реакциялардың түрлеріне негізделген.
Қышқыл-негіздік титрлеу (протолитометрия әдісі) ацидиметрия және алкалиметрия деп бөлінеді. Ацидиметрия – анықталатын затты қышқыл ерітіндісімен титрлеу. Ацидиметрияда титрант – қышқыл. Алкалиметрия – анықталатын затты негіз ерітіндісімен титрлеу. Алкалиметрияда титрант – негіз.
Комплексонометриялық титрлеу (хелатометрия әдісі) – анықталатын затты әлсіз диссоцияланатын комплексті қосылыс ерітіндісімен титрлеу. Бұл әдісте титрант еритін металл комплексонаттарын түзетін комплексондар болады.
Тұндырып титрлеу (седиметрия әдісі) – анықталатын зат пен титрант әрекеттескенде ерітіндіде тұнба түзілу процесі.
Тотығу-тотықсыздану титрлеуі (редоксиметрия әдісі) – анықталатын затты тотықтырғыш немесе тотықсыздандырғыш ерітіндісімен титрлеу. Тотығу-тотықсыздану титрлеуінде титрант қызметін тотықтырғыштар немесе тотықсыздандырғыштар атқарады.

Титриметриялық анализ әдістерінің артықшылықтары:


Салыстырмалы түрде жоғары дәлдігі. Бұл әдістің дәлдігі 0,1-0,01%. 
Автоматтандыру мүмкіндігі.
Анықталатын заттың ең аз шығыны.
Қолданылатын аспаптың қарапайымдылығы. 
Әдістің әмбебаптылығы. Талданатын үлгідегі бірнеше заттарды анықтау мүмкіндігі.
Анықтау жылдамдығы.
Титриметриялық анализ әдістерінің кемшіліктері:
Гравиметриялық анализ әдісімен салыстырғанда төмен дәлдікті көрсетуі. Бұл бюретканы пайдаланып, көлемді өлшеу дәлдігі аналитикалық таразыны пайдаланып, массаны өлшеу дәлдігінен төмен болуымен түсіндіріледі. 
Аналитикалық химияның аспаптық әдістерімен салыстырғанда төмен сезімталдығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет