МАБЛИ, Габриэль Бонно де Мабли (1709–1785) — аббат,
француз
ағартушысы
және
әлеуметтік
философы,
халықаралық құқық, әлеуметтік-саяси мәселелер мен тарих
бойынша жазылған еңбектердің авторы. Тек Батыс Европаға
емес, сондай-ақ идеялары жалпы адамзатқа тиесілі тұлға
болып табылады. Мабли Кондильяктің ағасы және
Д'Аламбердің туысы болып келеді. Шығармалары:
«Публичное право Европы», «О правах и обязанностях
гражданина», «Беседы Фокиона об отношении морали к политике» т.б.
халықаралық құқық, әлеуметтік-саяси, тарихи еңбектердің авторы.
МАҒЖАН, Әбілмағжан Бекенұлы Жұмабаев (1893–1938)
— көрнекті ақын, ойшыл-философ, жазушы, публицист және
Алаш қозғалысының қайраткері. Оның шығармалары
ойының тереңдігімен, мазмұндылығымен ерекшеленеді,
сондай-ақ нәзік те сырлы лирикалық философияға толы.
Қазақтың философиялық-қоғамдық ой-пікірлерін зерттеу ісі
М.Жұмабаев шығармашылығы жан-жақты дамып, кемеліне
келген XXғ. алғашқы ширегінен басталды. Мағжан сияқты
өршіл рухты, өзгеше жаратылысты Алаш ақыны өз шығармаларында тұтас
түркілік-тұрандық ұран көтеріп, ұлт-азаттық идеясын жырлауды мұрат
тұтты. Оның көтерген басты мәселесі – Ұлт, Ел, Мемлекет, Халық
мүддесі, әділдік, адамгершілік. Адамның шын мағынасымен «адам болуы»
үшін, өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүю
шарт. Өзінің тек жақындарының ғана пайдасынан ілгері қою шарт. Адам
шын ізгі адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола
білсін – Мағжан ақынның азаматтық кредосы осындай.
МАЙҚЫ-БИ, Майқы би Мәнұлы (Хижр.ж.с.711ж.–800ж.) — «Түгел сөздің
түбі бір, түп атасы Майқы би» өз заманында бүткіл қазақ атаулыны билеген,
билеу үстіне әділдік орнатқан, қара қылды қақ жарған ғұлама ойшыл тұлға.
Достарыңызбен бөлісу: |