1. банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың теориялық негіздері



бет1/9
Дата25.04.2024
өлшемі0.55 Mb.
#499830
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Дип.-БАНК-РЕЙТИНГІН-АНЫҚТАУДЫҢ-АҚПАРАТТЫҚ-ЖҮЙЕСІН-ЖОБАЛАУ


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ


1. БАНК ҚЫЗМЕТІН ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІК БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Банктік қадағалаудың мәні мен әдістері
1.2. Банк қызметін рейтингтік бағалау
1.3. Банк ісін талдаудың әдістемелері
1.4. БАНК ҚЫЗМЕТІН ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІК БАҒАЛАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1.4.1. Ақпараттық жүйелер құрылымына қойылатын талаптар
1.4.2. Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
1.4.3. Математикалық жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.4. Лингвистикалық жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.5. Техникалық жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.6. Программалық жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.7. Ақпараттық жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.8.Ұйымдастырушы жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.9. Банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың концептуалдық схемасы
2. БАНК РЕЙТИНГІН АНЫҚТАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ
2.1. Есептің қойылымы
2.2. Кіріс ақпараттары
2.3. Шығыс ақпараттары
2.4. Ақпараттық база .........................................................................................43
3. БАНК ЖАҒДАЙЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ КӨПДЕҢГЕЙЛІ АГРЕГАТТАЛҒАН ЕСЕПТЕУ ӘДІСІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП БАНКТЕРДІҢ РЕЙТІНГІН ҚҮРАСТЫРУ
3.1. Рейтингті қүрастыруға арналған таңдау көрсеткіштері
3.2. Есептеу көрсеткіштері және мөлшерлеу (нормалау)
3.3. Өлшем көрсеткіштерінің коэффициентін анықтау
3.4. Рейтингті есептеу
3.5. Банктердің стратификациялау
3.6. Рейтингті құрудың мысалы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ

Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.


Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.
АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет