1-деңгей Бастауыш сыныптағы тәрбие процесі және оның сипаттамасы


Бастауыш сынып оқушыларына ертегілер арқылы берілетін эстетикалық тәрбие



бет62/63
Дата20.10.2023
өлшемі124.07 Kb.
#481226
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Сессия Теория Айнура

29. Бастауыш сынып оқушыларына ертегілер арқылы берілетін эстетикалық тәрбие.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз – қоршаған ортаның, өнердің сұлулығын баланың көру және сұлулыққа талпыну қабілетін дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал етуге бағытталған, жүйелі үрдіс. Балаларды өнер құралдарымен тәрбиелеу – көркемдік тәрбие пәнін құрайды. Тәрбиеші баланы сұлулықты қабылдауға, оған эмоциялық ықлас білдіруге, сондай-ақ, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға жасау керек. Эстетикалық сезім дегеніміз – өмірдегі, көркем өнердегі әсемдікті қабылдаудан туатын эстетикалық нәр алу, толқу, рахаттану. Ол адам табиғатына ғана тән жоғарғы сезім.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – баланың бойына эстетикалық құндылықтарды сіңіруді қажетсіну, оған деген қызығушылығын, эстетикалық талғамын дамыту, эстетикалық іскерлік пен дағдысын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету – тәрбие жұмысының күрделі бір саласы.
Ғалымдар қиял-ғажайып ертегілердің баланың жүйкесіне жақсы әсер ететітін зерттеген екен. Ертегі көбінесе өмірге деген қызығушылығын жоғалтқан, бала дауының ауытқушылығы бар балаларға көп көмегі тиген деген екен. Ертегілер баланың құмарлығын оятып, бүкіл санасын, назарын аударады, қиялын шарықтататын, өзін-өзі танытатын, интеллектін дамытатындай болуы тиіс. Ертегілер ауызша айтуға ыңғайлы және сөйлем құрамдары да осыған лайық келеді. Қай елдің ертегісіне қарасаңызда әр ертегінің өз бастамасы болады екен, мысалы қазақ ертегісі «Ерте, ерте, ертеде» деп басталса, орыс ертегісі Жила, Была деп басталады екен. Бұлай басталудың себебі, баланың қызығушылыгын арттырады екен. Халық ауыз әдебиетінің ішіндегі ең жақыны балаларға ол ертегі болмақ. Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілерінің түрлері өте көп. Ертегілер баяғы заманнан, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатыр десекте болады. Ертегі оқушылардың мінезін, жағымжы қасиеттерін қалыптастыр, тәрбиелейді екен.
Тәрбиенің негізгі міндеті – қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың борышын, намыс-ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру. Қазіргі таңда әсіресе, көп көңіл бөлінетін мәселе – адамгершілік тәрбиесін күшейту. Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері оқушылардың белсенді өміршілік позициясын, қоғамдық борышқа сапалық көзқарасын, сөз бен істең бірлігін, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру. Ол баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы. Бұл арқылы оқушының ата-анаға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік сезімін, сенімін, белгілі мақсатқа, бағытқа жетелеу іс-әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді. Сонда ғана ұстаз шәкірттердің ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілділігін қалыптастырады.
Бала балғын тал, ересек адам – бағбан. Бұл – әр халықты ғасырдан ғасырға әкеле жатқан қағидасы. Сондықтан, баланың ана тіліне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеп, бала жанын небір жақсылық нәрімен суару – оны өсіруші, тәрбиелеуші әрбір үлкеннің мұраты. Әдебиеттік оқу бастауыш мектептегі негізгі де, маңызды пән, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым-қатынас жасаумен дүниетанудың құралы, баланың интелектісі мен шығармашылығын дамытудың арнасы. Оқушылардың мектептегі ана тілін оқып-үйрену әрекеті жасампаздық сипатқа ие.
Әдебиет пәнінің негізгі мақсаты- дұрыс, мәнерлеп шапшаң оқуға үйрету, авторлардың көзқарасын түсінуге жетелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық, адамгершілік және рухани тәрбие беру.
Қазақ халық ертегілерін пайдалану арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие қалыптастыруда әдебиеттік оқу пәнінің орны ерекше. Ертегідегі әр кейіпкерге сипаттама беру, жағымды және жағымсыз тұстарын талқылауға болады. Ертегі кейіпкерлерінің кедейліктен байлыққа қандай адал еңбекпен жеткендігін тәрбие жағынан түсіндіріп кетуге болады. Ертегінің балаға бауырмашылдыққа, шыншылдыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа, мейірімділікпен достыққа тәрбиелеуде орны ерекше десекте болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет