1. Дәрілік қалыптар. Жіктелуі. Дәрілік қалыптарға қойылатын жалпы талаптар және оларды қамтамасыз ету әдістері



бет1/23
Дата23.12.2023
өлшемі108.9 Kb.
#487785
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
1. Ð Ó Ñ Ñ лÑ к Ò алÑ пÑ аÑ . Ð Ñ кÑ елÑ Ñ . Ð Ó Ñ Ñ лÑ к Ò алÑ пÑ аÑ Ò а Ò ойÑ лаÑ Ñ н жалп-emirsaba.org


1. Дәрілік қалыптар. Жіктелуі. Дәрілік қалыптарға қойылатын жалпы талаптар және оларды қамтамасыз ету әдістері

1.Дәрілік қалыптар . Жіктелуі. Дәрілік қалыптарға қойылатын жалпы талаптар және оларды қамтамасыз ету әдістері.
Дәрілік қалыптар – дәрілік препараттың оны енгізу мен қолдану тәсілдеріне сәйкес келетін, сондай-ақ қажетті емдік әсерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін жай күйі.
Дәрілік формаларды жіктеудің келесі топтарын бөлуге болады:
  • Агрегаттық күйі бойынша жіктелуі.


  • Қолдану әдісіне немесе дозалау әдісіне байланысты жіктелуі.


  • Ағзаға енгізу әдісіне байланысты дәрілік формалардың жіктелуі.


  • Дисперсологиялық жіктелуі.




I. Агрегаттық күйіне байланысты дәр.түрлердің жіктелуін академик ғалым Ю.К.Трапп ұсынған. Барлық дәрілік түрлер агрегаттық күйіне байланысты төрт топқа бөлінеді: қатты, сұйық, жұмсақ және газ тәріздес. Қатты дәр.түрлерге –жинақтар, ұнтақтар, таблеткалар, пилюлялар, суппозиторийлер, таяқшалар, түйіршіктер, микротүйіршіктер; жұмсақ дәр.түрлерге –жақпа майлар, пластырлер, крем мен линименттер, суппозиторийлер; сұйық дәр.түрлерге –микстуралар, тамшылар, ерітінділер, суспензия мен эмульсия, тұнбалар, эликсирлер; газ тәріздес дәрілік түрлерге –медициналық газдар, аэрозольдер мен спрейлер, ингаляциялық дәрілік формалар жатады. Бұл жіктелу дәрілік түрдің әсер ету жылдамдығын анықтауға мүмкіндік береді. II. Енгізу тәсілі бойынша дәрілік қалыптар энтеральдық және парентеральдық болып бөлінеді. Энтеральдыққа : 1) пероральдық (ауыз арқылы) оларды ішкі деп атайды, ал 2) ректальдық (тік ішек арқылы) олар сыртқы формаларға жатады.
Пероральдық түрде енгізіледі:
- таблеткалар, ұнтақтар, драже, түйіршіктер сияқты қатты дәрілік нысандар;
- ерітінділер, инфузиялар, тұнбалар, шырыш, тамшылар, эмульсиялар, суспензиялар сияқты сұйық дәрілік нысандар;
Парентеральдық түрге мыналар жатады:*теріге (жақпа, паста, ұнтақ т. б.),*көздің, мұрынның шырышты қабаттарына арналған нысандар (тамшылар, жақпа), сондай-ақ
- ингаляциялық және - инъекциялық енгізу жолдары.
ІІІ.Дозалау принципі бойынша дәрілік формалар бөлінеді:
- дозаланған (дозаларға бөлінген), мысалы, таблеткалар, ампуладағы формалар және басқалар,
- дозаланбаған, мысалы, аэрозольдер, жақпа, ерітінділер және т.б.
IV. Дисперсологиялық жіктелуі: Дәрілік нысандар дисперсті жүйе бойынша 2 негізгі топқа жіктеледі: еркін дисперсті жүйелер(жинақ, ұнтақ, ингаляциялар, суппозиторийлер); байланысты дисперсті жүйелер(таблетка, драже, микродраже, тритурациялық таблеткалар).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет