1 дәріс. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – қолданбалы ғылым және жеке пән. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу және даму жолдары


Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты –



бет2/9
Дата17.10.2023
өлшемі47.55 Kb.
#480858
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ҚТОӘ дәрістер

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты – болашақ мамандарды олардың кәсіби педагогикалық қызметіне қажет тілді әдістемелік тұрғыдан оқытуға тірек болатын теориялық және әдіснамалық даярлықпен қамтамасыз ету; теориялық білімдерін қалыптастыру мен дамытуға ықпал ететін кәсіби білік, дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің міндеттері:

  • қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі мазмұны мен категорияларын аша отырып, оның қолданбалы ғылым ретіндегі маңызын түсіндіру;

  • қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеген ғалымдардың еңбектерімен таныстыру;

  • қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша жеткен жетістіктер және тәжірибелерді оқыту үрдісінде қолданудың жолдарын меңгерту;

  • қазақ тілін оқыту әдістемесі саласының қазіргі таңдағы жаңа бағыттары мен өзекті мәселелерімен таныстыру;

  • қазақ тілінің ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері туралы білімдерін толықтыру;

  • түпкі нәтижеге бағдарланған құзіреттілік жайлы түсініктерін кеңейту;

  • студенттерді мектепте оқытылатын қазақ тілінің нысаны және міндеттерімен таныстыру;

  • мектептегі қазақ тілі курсының әдістемелік мәселелерін қарастыру;

  • студенттердің кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру (күнтізбелік жоспар, сабақ жоспарын дайындау, сабақ түрлерімен таныстыру, оны қолданудың жолдарын үйрету т.б.);

  • өздігінен ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді игеру дағдыларын жетілдіру;

  • қазақ тіл білімі салаларын меңгертудің әдістемелік жолдарын игерту;

  • оқушылардың білім деңгейін бағалауға үйрету.

Сонымен «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» жоғарыда сөз болған мәселелердің шешімін табуға тырысады. Студентті кәсіби біліктілігі жоғары маман ретінде даярлаудың жолдарын қарастырады. Болашақ маманды қажетті білім, білік, дағдылармен қаруландырады. Оны өз мамандығының иесі ретінде тәрбиелеуге ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет