№1 Дәріс Тақырыбы: Тіршілік қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдық негіздері. Азамат қорғанысының рөлі мен міндеттері



бет1/7
Дата14.09.2023
өлшемі2.64 Mb.
#477546
  1   2   3   4   5   6   7
1 Дәріс Обж

№1 Дәріс Тақырыбы: Халықтың тіршілігін қамтамасыз етудегі АҚ рөлі мен міндеттері. Дәрістің жоспары: 1. ТҚ курсының мақсаты, мазмұны мен міндеттері. 2. АҚ – тың рөлі, негізгі міндеттері, құрылу және жұмыс істеу принципі. 3. ТЖМ-гі, оның департаменттері, заңдары. 4. ТҚ курсының мамандар дайындаудағы маңызы.

“Тіршілік қауіпсіздігі" - адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін және одан қорғауға болатын әдістер мен шараларды ұсынатын ғылыми білімнің саласы. “Тіршілік қауіпсіздігі" (ТҚ) курсының мақсаты – - қауіпсіздік саласында жалпы халықтың біліктілігін көтеру; - өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге адамдардың ойлау қабілетін бағыттау; - қауіп-қатерді тани білу: оның түрін, болып жатқан жерін, зардап шегу мүмкіндігін, зиян келтіру шамасын, қатер болу мүмкіншілігін және т.б. - болғалы тұрған қауіп-қатердің алдын алу; - қауіп-қатер болғанда, төтенше жағдай (ТЖ) кезінде білікті іс-әрекет жасай білу. Осы көрсеткіштер барлық арнайы мамандықтар қауіпсіздігінің ғылыми - әдістемелік бастамасы болып саналады.

ТҚ курсын өткен адамдар өз ортасындағы қауіпті және өзі мен өзгеге зиянын тигізетін құбылыстарды танып, соған қарсы білікті әрекет жасай алады. Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың дамуына байланысты қауіп-қатер түрлері артуда. Кез-келген іс-әрекеттің әкелетін пайдасы мен бірге кері нәтижесі де болып жатады. Мысалы, экологияның бұзылуы, жүйке ауруы, жарақат алу, ауыру болу, тіпті қазаға ұшырау. Қауіп-қатер адам өміріне, денсаулығына зиянын тигізеді. Сондықтан, мемлекет алдында, жалпы қоғамдағы адамдарды қорғау міндеті тұр. Ал, қауіпсіздік – адамдар мен тіршілік ортасын, нақты іс-әрекеттен болатын қауіптен кешенді қорғау шаралары. Іс-әрекеттің түрі күрделенген сайын, кешенді қорғану шаралары да қажет. Кешенді қорғану шараларына жатады: құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық, санитарлық-гигиеналық және емдік.

Адам - ТҚ курсындағы өзекті объект және қоғамдық дамудың негізі болып табылады. Ерте замандағы (490 – 420 б.ғ.д.) грек философы Протагор "Адам - барлық заттың өлшемі" деген екен. Яғни, адамды жұмыс күші ретінде, жұмыс процесінде қорғау ғана емес, сонымен қатар оны өмір бойы, қайда тұрса да, қайда жүрсе де қорғау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет