1. Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау


Этникалық мүдделер мен эникааралық қарым-қатынас



бет15/15
Дата12.03.2023
өлшемі52.89 Kb.
#470659
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
АЛЕУМЕТ 1-РК

19. Этникалық мүдделер мен эникааралық қарым-қатынас.
Этникалар аралық қарым-қатынас - түрлі халықтар өкілдерінің, этникалық одақтастықтардың арасындағы субьективтік түрде болатын қарым-қатынас. Әлеуметтік психологияда және этнопсихологияда Этникалар аралық қарым-қатынас - екі деңгейі бар. Олар - жеке және топтық қарым-қатынастар. Бұндай қарым-қатынас өмірдің, саясатеңбектұрмысотбасыдостастық, қарапайым қатынас сияқты салаларында қалыптасады. Оның сипаты (достастық, бейтарап не дау-жанжалдық) откен тарихи жағдайларға, елдің саяси-әлеуметтік жағдайына, экономикалық және мәдени-тұрмыстық жағдайларына, нақты бір оқиғаға не қарым-қатынасты қажет ету жағдайына байланысты қалыптасады. Жеке деңгейде адамдардың жеке-психологиялық жағдайларына байланысты болады. Этникалар аралық қарым-қатынас байланыстың түрлі саласында, ұлттық стереотиптарында, адамдар мен нақты этникалық одақтастықтардың көңіл-күйлері мен өздерін ұстауларындағы этникалық байланыста байқалады. Этникалар аралық ұстанымдар мен бағыттар тұлғаның әлеуметтенуінде, отбасында, оқу орнында, ұжымда, көршілік және достық қатынаста қалыптасады. Бұл мәселе көп ұлтты ел жағдайында келелі мәселе болып табылады.
20. Этникааралық және конфессияаралық келісім.
Қазақстандағы діндердің дамуы діни сенім бостандығы, рухани даму, елдегі азаматтық татулық пен конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайтуға бағытталған мемлекеттің жүйелі саясатының нәтижесі болып саналады. Қазіргі таңда Қазақстанда 130 астам этностық және 18 конфессионалдық топ өкілдері тұрады. Елімізде олардың бейбіт өмір сүруі мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасалған. Көпэтносты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған. Қазақстан жаhандық конфессияаралық үнқатысу орталығы болып саналады деп көрсетеді.
Азаматтық қоғам институттарының — үкіметтік емес ұйымдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы, сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға белсенді қатысуы Қазақстандағы конфессиялық тұрақтылықтың нығаюында маңызды орын алады. 
Бүгінгі таңда халықтың түрлі деструктивтік, соның ішінде жалған діни идеяларды мойындамаудағы нақты азаматтық ұстанымын қалыптастыру маңызды болып саналады.
Діндердің бейбіт өмір сүруі, экстремизмнің таралуына қарсы іс-қимыл, Қазақстанның ішкі саясатының басым міндеттері болып табылады. 
Діни және этникалық негіздегі қақтығыстар, мәдени, әлеуметтік, саяси құқықтардың шектелуі, діни экстремизм мен терроризмнің мемлекеттің саяси жүйесінің тұрақсыздығына, халықаралық қатынастардың шиеленісуіне себеп болуы мүмкін екендігін есте сақтау қажет.
Қазақстандағы діни бірлестіктер туралы заңнама халықаралық сарапшылар тарапынан кеңестен кейінгі елдердің арасындағы ең көкейге қонымдысы деп бағаланады. Қазақстандағы дін өзін этностық немесе саяси қауымдастықтарға қарсы қоятын бәсекелес сипатында емес, халықтың рухани мәдениетінің қайталанбас, сонымен қатар ерекше бітім беріп тұратын құрамдас бөлігі тәрізді. Республикада ислам мен православиенің және басқа да діндердің арасында жарасымды сыйластық қарым-қатынас қалыптасқан.
Біздің еліміздің түрлі конфессиялармен өзара әрекеттестік орнату тәжірибесін халықаралық ұйымдар мен шетелдік серіктестер, соның қатарында БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ зерттеп зерделеуде.
Біздің қоғамда конфессияаралық үн қатысуды жалғастырып, рухани келісімді қазақстандықтардың күнделікті өмірінің ажырағысыз сипатына айналуына көңіл бөлініп отыр.
Қазіргі таңда Қазақстанда діни бірлестіктің ішкі ісіне араласпауға, діни сенімдерге құрметпен қарауға, заң алдында түрлі діни өкілдері тең дәрежеге ие болуына негізделген саясат жүргізілуде. Азаматтар арасында діни ағартушылық және тәрбие жұмысын, діндер мен діни бірлестіктердің қызметін заң шеңберінде өткізу, экстремизм мен терроризмнің алдын алудың маңызы өте үлкен. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет