Айырша безі – милы және қыртысты қабаттан тұрады. Маңызы: тимоидин гормонын өндіру; иммунитетке жауапты Т- лимфоциттердің дамып жетілетін орны.
Ұйқы безі – аралас без. Лангерганс аралшықтарының альфа клеткаларында гликоген, ал бета клеткаларында инсулин гормоны бөлінеді. Маңызы: көмірсу алмасуын реттеу.
Аналық жыныс гормоны - ЭСТРОГЕН – бұл нағыз аналық гормоны. Оның үш түрі: эстрадиол, эстрон және эстриол. Маңызы: аналық екінші кезектегі жыныс белгілерінің дамуына және сүтқоректі жануарлардың жыныс жүйесіндегі қосымша бөліктерінің жетілуіне себеп болады, ақуыз синтезіне әсер етеді, ағзада натрий, калий, фосфаттың және судың сақталып ұсталуын іске асырады.
Аталық жыныс бездері ұмада орналасқан, андрогендер тобына жататын (тестостерон, андростерон) гормондар бөледі. Маңызы: ер адамдарда еркекке тән қасиеттерін қалыптастырады.
Ішкі секреция бездерін зерттеу әдісттері:
• Экомия немесе экстрипация – алып тастау. Бұл безді толық немесе бөлектеп алып тастау әдісі. Операцияда белгілі бір безді алып тастағанда, олардың реттейтін қызметтері бұзылады.
• Эндокринді бездерден алынған сықпаларды және химиялық жағынан таза гормондармен гормондық препараттарды кәдімгі немесе безі алынған жануарларға енгізу.
• Эндокринді бездерді трансплантациялау, алмастырып тізу.
• Парабиоз әдісі екі жануардың тиісті қан тамыларын жалғастырып, қан айналасын ортақтастыру содан кейін біреуінің безін, я бездерін алып тастап оның жеке қызметіндегі өзгерістерді зерттеу.
• Ішкі секреция бездерін эксплантатция әдісі арқылы зерттеу. Без немесе оның бір бөлігін денеден тыс қоректік ортаға орналастырып оның тіршілік жағдайын зерттеу.
• Биологиялық сұйықтардағы (қан, линфа несеп т.б) гормондар мен олардың метоболиттерінің мөлшерін химиялық иммунобиологиялық және басқа әдістер арқылы зерттеу.
• Радиоактивті изотоптарды қолдану арқылы зерттеу әдістері.
• Флюрестцияланатын қарсы денелер ең дәл дұрыс әдіс. Кейбір гормондардың қай жерде көбірек орналасқанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл көбінесе гистохимиялық зерттеу әдісімен қоса жүргізіледі.
• Клиникоанатомиялық әдіс. Ауруханаларда ішкі секреция бездері өзгерген адамды бақылап, зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |